1 Білімділік Қазақстан мұнайы модулі бойынша кең көлемде мәлімет беру,мұнай өндіру жайында мағлұмат беру.
2. Дамытушылық Проблемалық жағдай туғыза отырып, оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, іздену, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. 3. Тәрбиелік Туған елінің байлығын,еңбек арқылы келетін құрметті және өз елінің әлемдік рыноктағы рөлін сезіне білуге, өз жеріне, өз Отанына деген патриоттық сезімді тәрбиелеу.
тәуелсіздік, бостандық, мемлекетіміз қандай қосымшалар жалғанған? Неліктен? Үндестік заңы деген не? Карточкаларымен жұмыс.
Бектұров 432-433 бб
Мәтінді оқиды,
сөздік жұмысын атқарады,
лексикалық тапсырмаларын орындайды,
карточкалармен жұмыс атқарады
Ал, енді, мәтіннің мазмұнын түсіндік, енді ойын ойнайық.
«Өз жұбыңды тап» ойыны. Ойынның шарты: берілген сұраққа дұрыс жауап немесе оқылған жауапқа қойылатын сұрақты дұрыс таба білу қажет.
1. Қазақ елі қандай халық (Қазақ елі - ержүрек, достыққа адал, бауырмал, қонақжай халық)
2. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заңы қашан қабылданған (16 желтоқсан «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заңы қабылданған.)
4. Конституция дегеніміз не? (Конституция дегеніміз – мемлекеттегі барлық адамдар ұстанатын Заңдар кітабы)
5. Біз Елбасымыздың сындарлы саясатының арқасында татулығы мен бірлігі жарасқан, әлемді аузына қаратқан көп ұлтты тәуелсіз мемлекетпіз. (Біз Елбасымыздың сындарлы саясатының арқасында қандай мемлекетпіз?)
6.Қазақстан тәуелсіз Республика болып қашан жарияланды? 1991 жылы 16 желтоқсанда жарияланды. 7. Тәуелсіздік не әкелді? Республиканың барлық халықтарына еркіндік, бостандық әкелді.
8.Туған жер дегеніміз не? Ол адамның туып-өскен жері, сол елдің тарихы, мәдениеті, әдебиеті, тілі, салт-дәстүрі, табиғаты
9.Қазақстан қандай мемлекет? (Тәуелсіз , егеменді, көп ұлтты мемлекет)
Топ басшылары топ мүшелеріңді бағалап отырыңдар
«Сөз көркі-мақал» мақалдарды жалғастыру.
1. Бірлік болмай, ... (тірлік болмас)
2. Отан- … (отбасыдан басталады).
3. Жері байдың … (елі бай)
4. Туған жердей жер болмас,… (Туған елдей ел болмас)
5. Кісі елінде сұлтан болғанша, ...(өз еліңде ұлтан бол)
6. Батыр туса-ел ырысы, … (Жаңбыр жауса-жер ырысы)
7. Ел іші… (алтын бесік)
8. Күш – білімде, ...(білім – кітапта)
9. Еліңді сүйсең- … (ерлік істейсің)
10. Байлықтың атасы - ...(еңбек)
11. Әркімнің өз жері... (жұмақ)
12. Ана сүті бой өсіреді (ана тілі бой өсіреді)
Жұптық жұмыс Оқушыларға араластырылып біреуіне сұрақ, біреуіне жауаптар үлестіріледі. Бірінші отырған бала сұрағын оқығанда оқушы қолындағы жауапты тексеріп, дұрыс болса жауап беру қажет.
мақалдың бірінші бөлігін айтқанда, екінші бөлігін айтып, мақалды орыс тіліне аударады
Берілген сөздерден сөйлем құрастыру:«Топтастыру» статегиясы І 24 Тәуелсіздігімізге толдыжыл Жерінің 9-орында аумағы дүниежүзінд ол бүкіл жөнінен е тұр.
ІІ. Қазақстан құқықты азаматының не айтылған істеуіне және қандай істеріне салынатыны Конституцияда тыйым.
Ата 1995 қабылданды жаңа Заң жылы
ІІІ. ҰлттарҰйымына Бұл біз Біріккен күнде мүшеміз жолында
Еліміз күресті көп тәуелсіздік, бостандық,
Тапсырманы орындайды
Бекіту
Сөйлемдердің дұрыс, бұрыстығын анықтаңдар. Дұрыс – бұрыс ойыны 1. Біздің Отанымыз – Қазақстан. 2. Жері байдың – елі бай. 3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – орыс тілі. 4. «Тіл туралы» заңы 1993 жылы қабылданды. 5. Республикамыз үлкен емес. 6. 1995 жылы жаңа Ата Заң қабылданды.
7. Республикамызда 10 облыс бар.
8. Жаңа Қазақстан мемлекетін әлем таныды 9. Бұрын Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғанға дейін Америка Құрама Штаттары деген ірі империяның құрамында болған. «Полиглот» ойыны
Рәміздер – символы – symbols
Ту – флаг– flag
Тіл – язык– language
Отан – Родина– Monherland
Мемлекет – государство–state
Халық – народ–people
Достық – дружба– friendship
ынтымақ – согласие-agreement
бостандық – свобода-freedom
Тәуелсіздік – Независимость - independence
Сөйлемдердің дұрыс, бұрыстығын анықтайды
Сөздерді қазақ және ағылшын тілдеріне аударады
Рефлексия.
Стратегиямен жұмыс.
«Еркін жазу» стратегиясы бойынша өз елін мадақтап,Қазақстанға жарнама
жасау.
Ал енді Топ басшылары оқушыларға қойған бағаларын айтып шығыңдар. Бағалау парағын тапсырады.
Тапсырмаларды орындайды
Үйге тапсырма
1.«Менің Отаным-Қазақстан» тақырыбына эссе жазу.
2.Мәтіннің мазмұнын айту.
Қосымша: презентация жасау
Сабақтың қорытындысын шығару.
Үй тапсырмасын дәптерлеріне жазады
Қазақстан – тәуелсіз мемлекет.
Бұрын Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғанға дейін Кеңестік Республикалар Одағы деген ірі империяның құрамында болған. Мұнда 15 одақтас ел болды. Дүние жүзіндегі барлық халықтардың ой - арманы - бостандық, тәуелсіз болу, ешкімге кіріптар болмау, ата - баба салттарын бойға сіңіру, өз байрағын көкке көтеру. Сондықтан біз өз тәуелсіздігімізді алдық. Осы жолда қазақ елі көп қиындықтарды бастан кешірді. Біздің Отанымыз Қазақстан көне замандардан басталған тарихы, аса бай ел. Қазақ елі - ержүрек, достыққа адал, бауырмал, қонақжай халық. Ынтымағы жарасқан көптеген ұлт өкілдері тұрады. Қазақстанда өмір сүріп жатқан әрбір адам өз Отанын жанындай жақсы көреді, сүйеді, көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады. Қазақстан халқының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Қазақ тіліміз арқылы күллі әлем мәдениетін, тарихын, әдебиетін танимыз.
16 желтоқсанда еліміз Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі күнін атап өтеді. Дәл осы күні «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң қабылданған. Оған дейін Қазақстан Республикасы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының құрамында болған. 1991 жылы 16 желтоқсаннан бастап Қазақстан жеке егеменді мемлекетке айналды. Қазақстанның өз Елтаңбасы, Туы, Әнұраны, Конституциясы бекітілді. Еліміз тәуелсіздік жолында көп күресті. 1.Сөздік жұмысын атқарыңдар.
Кеңестік Республикалар Одағы -
Одақтас ел-
Кіріптар болмау-
Мақтаныш тұтады-
Егеменді мемлекет-
2. Мәтінді түсініп оқыңдар, аударыңдар.
3. Жоғары берген сөздермен сөз тіркестерін , одан кейін сөйлем құрастырыңдар.
4. Мәтіннің негізгі ойын білдіріңдер.
5. Лексикалық тапсырма.Төмен берлген сөздердің синонимдерін табыңдар
Бостандық
Байрақ
Көне заман
Күллі
Конституция
Дүние жүзі
Халық
Ержүрек
24
Тәуелсіздігімізге
толды
жыл
Жерінің
9
орында
аумағы
дүниежүзінде
ол
бүкіл
жөнінен
тұр.
Қазақстан
Ата
1995
қабылданды
жаңа
Заңы
жылы
Республикасының
құқықты
азаматының
не
айтылған
істеуіне
және
қандай
істеріне
салынатыны
Конституцияда
тыйым.
Ұлттар
Ұйымына
Бұл
біз
Біріккен
күнде
мүшеміз
жолында
Еліміз,
күресті
көп
бостандық
тәуелсіздік
Қазақстан – тәуелсіз мемлекет.
Қазақстан-Еуразия құрлығындағы ең үлкен мемлекеттердің бірі. Еліміздің жер көлемі ұлан-байтақ. Қазақстанның кең даласын, биік тауларын, ормандары мен көлдерін көрген адам оны еш уақытта ұмыта алмайды. Біз жер шарының осындай сұлу, бай өлкесінде тұрамыз. Ол - біздің Отанымыз.
Он алтыншы желтоқсан. Бұл күні Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің жетінші сессиясында ”Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” Конституциялық Заң қабылданды. Ақ Жайықтан Алтайға, Атыраудан Алатауға дейінгі ұлан-байтақ жерді алып жатқан миллиондаған қазақтың Отаны болды, яғни терезі тең мемлекет болып танылды. Енді ол-Қазақстан Республикасы. Астанасы-Арқаның төрінде орналасқан Астана қаласы.
Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің тұңғыш Президенті болып сайланды. Қазақстан-әр түрлі ұлт өкілдері тату тұрып жатқан ел. Қазір еліміздің Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, жаңа Ата заңы, ұлттық валютасы бар.
Сөздік
Жер көлемі – объем, размеры
Кең дала – широкиая степь
Ұмыта алмайды – не забудет
Өлке- край
Жоғары Кеңесі – Верховный Совет
Сайланды – был избран
Ұлт өкілдері – представители народностей
2. Мәтінді түсініп оқыңдар, аударыңдар.
3. Жоғары берген сөздермен сөз тіркестерін , одан кейін сөйлем құрастырыңдар.
4. Мәтіннің негізгі ойын білдіріңдер.
Синонимдер
Ұлан-байтақ жер - кең, аумағы үлкен жер
Тәуелсіз-егеменді - дербес
Ұлт өкілдері - халықтар
Беделді - маңызды
Терезесі тең – қатар, бірдей
Ата заң – конституция
Ұлттық валюта-төл теңге
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
«Павлодар химия-механикалық колледжі»КМҚК
Келісілді Бекітемін
Колледж әдіскері / _______ Директордың ОІ жөніндегі
20__ ж _____ «____» орынбасарының қ/а
_________ И.Иванова
20__ ж _____ «____»
Ашық теориялық сабақтың
әдістемелік өңдеуі
Пән: Кәсіби қазақ тілі
Тақырыбы:Қазақстан – тәуелсіз мемелекет. Үндестік заңы.
Құрастырған:Якубова Н.А.
Тілдер_пәндері ЦӘК - нің
мәжілісінде талқыланды және мақұлданды.
Хаттама №_____
20__ ж _____ «____»
ЦӘК төрайымы___________ Якубова Н.А.
Павлодар, 2016 ж/г
Өткізу күні:_04.02.2016.
Топ: ТНВ-14-9
Мамандығы : 0816000 « Химиялық технология және өндіріc»
Сабақтың тақырыбы : Қазақстан – тәуелсіз мемелекет. Үндестік заңы.
Сабақтың мақсаттары :
Білімділік:
Қазақстан мемлекеті туралы алған білімін тиянақтау, мәтінмен таныстыру, жаңа сөздермен жұмыс жүргізу. Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Дамытушылық:
Оқушылардың танымдық ықыласын молайту, қызығушылығын, белсенділігін арттыру.Оқиғаға сыни көзқараспен қарап, өз пікірін еркін жеткізу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік:
Оқушыларды Отанын сүюге тәрбиелеу, бойларына «Елім» деген патриоттық сезім ұялату.
Сабақ типі: аралас_
Ұйымдастыру формасы: жеке, жұптық, топтық
Өткізу әдіс-тәсілдері: Ойын, деңгейлік оқыту технологияларының элементтері, әңгімелеу, сұрақ-жауап, ойландыру, мәнерлеп оқу, қайталау, аударма, ой қозғау,сұрақ- жауап, қорытынды жасау практикалық, іздендіру, көрнекілік, слайд топтамасы, сұрақ-жауап