Сабақтың тақырыбы мен мақсаты - адам мен табиғаттың байланысын бейнелейді. Осы көркем шығарманы оқыту арқылы жас ұрпаққа табиғаттағы тіршілік иелерінің ролі мен маңызын ұғындыру көзделген.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Мұхтар Әуезов. "Көксерек"»
ШҚО, Бородулиха ауданы,
«Төлеубай Аманов атындағы орта мектеп» КММ-нің
қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі
Найманбаева Альмира Сериккалиевна
Эл.мекен-жайым: alka4274@mail.ru
Сынып: 7 «А»
Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Әуезов. «Көксерек» әңгімесі (үзінді)
Сабақтың мақсаты:
Біліміділігі: «Көксерек» әңгімесінің мазмұнымен таныстыру, тақырыбы мен идеясын таныту.
Дамытушылығы: Жазушының аң мен адам арасындағы тартысын суреттеуі арқылы тіршілік үшін күрестің өте күрделі де қиын әрекет екенін дәлелдеу. Оқушылардың сөйлеу мәдениеттілігін, өз бетінше ой қорытып тұжырым жасай білу белсенділігін арттыру.
Тәрбиелігі: Табиғатты қорғай білуге,қасқырға деген көзқарасты қайта қарау; адамгершілікке, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
II кезең: Жаңа тақырыпты түсіндіру. Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
III кезең: сабақты бекіту.
I кезең: Ұйымдастыру. Оқушыларды түгендеу, зейінін сабаққа аудару. Оқушылардың сабаққа қандай мақсатпен келгенін сұраймын. Олар өз мақсаттарын жабыспа қағазға жазып, тақтаға жабыстырады.
Үй тапсырмасын сұрау. «Көксерек» әңгімесі бойынша берілген үзіндіні мазмұндау. Үзінділер бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.
1.1.Осы бөлімде қандай өсімдіктер аталған ? (итмұрын, қараған, боз қараған, тобылғы, жуа, шөп, сасыр)
1.2.Ақ қасқыр қай жерде жатыр еді ? (індердің ортасында өскен сасырдың түбінде)
2.1.Жат иіс қай кезде шықты ? (ертеңіне түсте)
3.1.Тіс батып, қинап бара жатса, Көксерек қайтуші еді ? (дыбыссыз ғана езуін ыржитады)
4.1.Көксерек қасқырлардың артынан қайтіп кетіп бара жатып еді ?(тұмсығын жерге салып тоқталмай ағызып кетіп бара жатты)
4.2.Көксерек қораға жақындайын дегенде, не болды ? (көп иттер шулап үріп, маңайлатпады)
5.1.Қараадырдың елі екі қасқырдан қай кезде «сап болды» ? (көк молайып, жаз шыққан соң)
5.2.Жазғытұры нелер қайта мінілді ? (көкпен көбең семірген желқұйрық айғырлар)
6.1.Ырқына көнбеген күшіктерді, жүріске ере алмаған қартаң қаншықтарды Көксерек қайтуші еді ? (бас салып талап тастайды)
6.2.Күдірейген жоталы, ашулы Көксерек қайтті ? (тағы да жортуылға шықты)
7.1.Қасен қолына келгелі Аққасқа қанша қасқыр алды ? (үш қасқыр алды)
7.2.Аққасқа қай кезде ғана есін жиды ? (құйрықтан қысып алып алысқа сүйреп апарған соң ғана)
Жаңа сабақтың мақсатын хабарлау.
Бүгінгі сабағымыздың мақсаты - жаңа тақырыппен танысып, «Көксерек» әңгімесінің ізденіс жұмыстарын жүргізу, жаңа ұғымдарды меңгеру. Жазушының аң мен адам арасындағы тартысын суреттеуі арқылы тіршілік үшін күрестің өте күрделі де қиын әрекет екенін дәлелдеу. Оқушылардың сөйлеу мәдениеттілігін, өз бетінше ой қорытып тұжырым жасай білу белсенділігін арттыру.
(дәптерге бүгінгі күнді, сабақтың тақырыбын жаздырамын)
Өзіміз жазушының жұбайы Валентина Әуезованың естелігінен түсінгеніміздей, жазушының осы әңгімені жазуына бала күнінде аңшылардан естіген әңгімелерінің есіне түсуі себеп болған екен. Әңгіме тақырыбы «Көксерек» деп аталғанымен тек қасқыр тағдырымен қоса адам мен табиғат арасындағы күрделі проблемалар көтерілген. Бұл шығарма – Әуезов туындылары арасындағы шоқтығы биік шығармалардың бірі. Енді осы шығарманың желісімен түсірілген көркем фильмнен шағын үзінді көрейік. (видео көрестіледі)
Фильм үзіндісінен нені байқадыңдар ? Өз ойларыңды ортаға салыңдар. (оқушылар пікірі)
Оқулықтағы әңгіме мәтінімен жұмыс істейміз. Оқулығымызды ашайық. Әңгімедегі кейбір сөздерді дәптерімізге жазып, мағынасын түсініп алайық. (Сөздік жұмысы)
Адыр – бір-бірімен ұласып жатқан дөңесті жер.
Боз қараған, тобылғы, сасыр – бұталы өсімдіктер
Жып-жылы мықты тұсаулар – бұл жерде: адамның қолдары
Тірсегі – артқы аяғының төменгі бөлігі
Жонданғандай – арқа тұсы жуандап, үлкейгендей болды
Көресіні көрді – жәбірленді
Зіңгіттей – ірі, үлкен
Тұрқы – тұла бойының ұзындығы, т.б.
Енді әңгіме мәтінімен жұмыс істеу үшін екі топқа бөлінеміз. Әр топ өздерінің тобына ат қояды. Оқушыларға әңгіме бойынша ізденіс тапсырмалары беріледі. Тапсырмаларды орындаған соң, жұмыстарын тақтаға апарып орналастырады.
1-тапсырма. Берілген сөйлемдерді әңгіме бойынша аяқтаңдар. Мысалы: Ең соңында туған ...
Осыдан соң бір жұма бойы ...
2-тапсырма. Әңгімеде аты аталатын кейіпкерлер. Кестені толтыр.
3-тапсырма. Сұрақтарға жауап жаз.
4-тапсырма. Көксеректің сыртқы бейнесін суреттейтін үзінділерді тауып, оқып бер.
Оқушылардың әңгімеден алған әсерлері туралы сұраймын.
Келесі сабақта әңгіменің көркемдік жағына, жазушы шеберлігіне тоқталатын боламыз. Сол себепті үйге тапсырма – 102-104 беттегі «Көксерек» әңгімесінің тақырыбы мен жазушының ой түйіні деген тақырыпты оқып, мазмұндау.