Күні: Сыныбы:7 сынып Сабақтың тақырыбы:Матасу. Сабақтың мақсаты:білімділік:Сөздердің байланысу түрлерімен,оның ішінде матаса байланысқан түрін меңгерту,олардың (яғни сөздердің түрлерінің) айырмашылығы жайында түсіндіру. дамытушылық:байқау,ойлау қабілеттерін дамыту,өздігінен іздену қабілеттерін дамыту.Дидактикалық ойындар арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту. тәрбиелілік:табиғатты сүюге,Отанын,елін сүюге,халық әндерін сүйіп тыңдауға баулу.Әндердің шығу тарихына мән беруге үйрету. Сабақтың көрнекілігі:Сөздердің байланысу түрлерінің жасалу жолы туралы кесте. Сабақтың түрі:жаңа білімді игеру. Сабақтың әдісі:зерттеу,пысықтау сабағы. Сабақтың негізгі әдістері:қозғау салу,байқау,іздену. Сабақтың жабдықталуы:оқулық,дидактикалық материалдар,кестелер. Сабақтың барысы: І. 1.Ұйымдастыру кезеңі. 2.Өткенді еске түсіру. Үй тапсырмасын тексеру арқылы сөздердің қиыса байланысқан түрлері-олардың ерекше белгілері туралы өткен сабақта алған білімдерін еске түсіру көзделеді. ІІ.Жаңа сабақ. 1.Матасу-сөздердің атау мен ілік септік жалғауы мен тәуелдік жалғау арқылы байланысқан түрі. мағына-бір заттың екінші затқа тәуелділігін,ие екенін білдіру. Мысалы:ауылдың малы,оқушының дәптері,менің үйім,жазушының шығармасы,т.б. 2. Жаңа сабақты түсіндіру және дағдыландыру.Тақтаға әдістемеде көрсетілген кесте ілінеді. ІІІ.Оқулықпен жұмыс. Оқушылық деңгейлік тапсырма.Мәтіннен матаса байланысқан сөз тіркестерін теріп жазып,қалай байланысып тұрғанын көрсетіңіздер,әрбір сыңарына талдау жасаңыздар. Биенің сүтін,балалардың денсаулығы,балалардың денсаулығы:-бағыныңқы сыңары- балалардың,ілік септік жалғауында тұрған зат есім,көпше түрі,басыңқы сыңары-денсаулығы.ІІІ жақ тәуелдік жалғаулы есім сөз. биенің сүті- бағыныңқы сыңары-биенің,ілік септік жалғауында тұрған з.е,-басыңқы сыңары-сүтін тәуелдік жалғаулы есім сөз.М: (менің жеріме).
Күні: Сыныбы: 7 сынып. Сабақтың тақырыбы:Меңгеру. Сабақтың мақсаты: білімділік:Меңгеру байланысындағы сөз тіркесінің құрылысы жайлы мағлұмат бере отырып,сөз тіркестерінің байланысу түрлері жайлы толық мағлұмат беру,білімдерін нығайту көзделеді. дамытушылық:сызбалар арқылы сөз тіркестерінің құрылысы жайлы кестені көрсете отырып,жаңа білімді меңгерту,пәнге деген қызығушылығын арттыру көзделеді. тәрбиелілік:тіл мәдениетін дамыту арқылы,сауатты сөйлей білуге үйрету көзделеді. Сабақтың түрі:жаңа білімді игеру. Сабақтың әдісі.пысықтау,зерттеу. Сабақтың көрнекілігі:Меңгеру байланысындағы сөз тіркесінің құрылысы жайындағы кесте. Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. а)сәлемдесу ә)оқушыларды түгендеу б)сабаққа даярлықтарын тексеру. ІІ.Жаңа сабақ. Барыс,табыс,жатыс,шығыс,көмектес септік жалғаулары мен септеулік шылаулар арқылы байланысқан сөз тіркестерін меңгеріле байланысқан сөз тіркестері немесе меңгеру дейміз.
255-жаттығу.М: жас кезінен күшті болған күшіне ел таңғалады бала жігіт отынға барыпты. мертіккен атты шанаға көтеріп салыпты.
V.Бағалау.
VI.Қортындылау.
Күні: Сыныбы: 7 сынып. Сабақтың тақырыбы:Қабысу. Сабақтың мақсаты.білімділік.Қабыса байланысқан сөз тіркестері туралы жаңа білімді бере отырып,өзге де сөз тіркестерінің байланысу түрлерін еске түсіре отырып,білімдерін нығайту көзделеді. дамытушылық:жаттығу жұмыстарын бұлжытпай орындай отырып,талдау жүргізу арқылы білімдерін дамыту көзделеді. тәрбиелілік:ізденімпаздыққа,тапқырлыққа тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі:Қабысу байланысындағы сөз тіркесінің құрылысы жайлы кесте. Сабақтың түрі:жаңа білімді игеру. Сабақтың әдісі:пысықтау,зерттеу әдісі. Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. а)сәлемдесу ә)түгендеу б)сабаққа даярлықтарын тексеру ІІ.Жаңа сабақ. Қабысу. Орын тәртібі жағынан іргелес тұру арқылы байланысқан сөз тіркестерін қабыса байланысқан сөз тіркестері дейміз.
Жасалу жолдары
Мысалдар
сын зат
есімдік зат
сан з.е.
есімше з.е
сын.ет
сан.ет
елікт.ет
талдырмаш бала
бұл хабар
бес жыл
ақталған сенім жауапты сөйлеу екі айту сарт-сұрт соғу.
ІІІ.Жаттығумен жұмыс.
257-жаттығу.Қабыса байланысқан сөз тіркестерін тауып,талдаңыздар.
Күн ашық з.е.+сын.е.
Аспан бұлтсыз з.е. +сын .е.
Қан жирен семіз аттар күр.сын е.+з.е
Жеңіл қара шанасын күрд.сын.ес+.з.е.
Өрме қамшысы сын есім+ з.е.
Сарт етіп қалады еліктеу+ күрд.ет
Қазақ баласы
258-жаттығу.
Байқап алатын генерал көсемше,есімше+з.е. зерттеуші ғалым сын.е. +з.е тарихи кітаптардан сын.е. +з.е. білетін адам есімше +з.е. аяусыз айқастарда сын.е+.з.е
IV Үйге тапсырма: Мәтін Ғабдуллин туралы зерттеп келу. 259-жаттығу.
V.Бағалау.
VI.Қорытындылау.
Күні: Сыныбы: 7 сынып. Сабақтың тақырыбы: Сөздердің байланысу түрлері. Сабақтың мақсаты: білімділік: Сөздердіңбайланысу түрлері жайында түсінік бере отырып,сөз тіркестерінің ерекшеліктері мен айырмашылығы жайындағы түсініктерін нығайту.Қиысу туралы толық мағлұмат беру. дамытушылық:Логикалық ойындар арқылы оқушының қызығушылығын арттыру. тәрбиелілік:ізденімпаздыққа,тапқырлыққа тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: байланысу түрлерінің кестесі. Сабақтың түрі:Жаңа сабақ. Сабақтың әдісі:зерттеу әдісі. Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. а)сәлемдесу ә)оқушыларды түгендеу б)сабаққа даярлықтарын тексеру. ІІ.Жаңа сабақ. Байланысу түрлеріне қарай сөз тіркесінің құрылысы мынадай болады:қиыса байланысқан сөздер тіркесі (қиысу) . мысалы:баяндауыштың бастауышпен жақ жағынан үйлесе байланысқан түрі қиысу.Сөздердің жіктеліп барып қолданылуы қиысу болып табылады. Қиысу-әрі сөз байланысының бір түрі,әрі сөйлем болып табылады.