kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Махмұт Қашқари. Мақал – мәтелдері. «Қордайдың аққу – қазы қаңқылдайды» өлеңі.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қордайдың аққу - қазы қаңқылдайды Махұт Қашқаридың өлеңі

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Махмұт Қашқари. Мақал – мәтелдері. «Қордайдың аққу – қазы қаңқылдайды» өлеңі.»

Күні:

Мектебі: Сұлукөл орта мектебі

Сыныбы: 8

Пәні: Қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы: Махмұт Қашқари. Мақал – мәтелдері. «Қордайдың аққу – қазы қаңқылдайды» өлеңі.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ақынның мақал – мәтелдерін оқыту оның мағынасын ұғындыру, «Қордайдың аққу – қазы қаңқылдайды» өлеңіне толықтай тоқталып түсінік беру.

1.Білімділік: Махмұт Қашқари өмірінен қысқаша мәлімет беру, өлеңдерін мәнерлеп түсініп оқуға үйрету.

2. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын молайту, ойын еркін жеткізуге дағдыландыру.

3.Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, сыпайылыққа, елжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес сабақ

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс – тәсілі: Түсіндіру әдісі, көрнекілік әдісі, сұрақ – жауап әдісі.

Көрнекілігі: Сызба, плакат.

Пәнаралық байланыс: Әдебиет, тарих

Пайдаланылған әдебиет: Қазақ тілі оқулығы


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Оқушыллардың зейінін сабаққа аудару.



ІІ. Жаңа материалды меңгерту.

Махмұт Қашқаридың толық аты – жөні Махмұд ибн Әл – Құсайын ибн Мұхаммед.



Махмұт Қашқари – ХІ ғасырда түркілерден шыққан білімпаз тілші ғалым, әдебиет үлгілерін жинаушы. Қашқари Ыстықкөл маңайындағы Барысхан қаласында туып, Қашқарда тұрған.

Қашқари араб тілін, грамматикасын жетік білген. Ол 1070 жылдары үш кітаптан тұратын «Түркі сөздерінің жинағы» (арабша аталуы: - «Диуани лұғати – т – түрк») кітабын жазған. Кітапта бүгінгі әдебиетімізге, түркі тілі, тарихы, географиясы, тұрмыс – тіршілігіне қатысты құнды мәліметтер мол.

Қашқари кітабын жазу үшін түркі қалалары мен даласын түгел аралап, әр жердің сөйлеу ерекшеліктерін зерттеген. Мақал – мәтелдерін, жырларын жинаған. Қазақ жерінің дөңгелек картасын жасаған.

Сөздікте 29 түркі тайпасының аты аталады, 6,5 мыңға жуық түркі сөзіне арабша түсінік берілген. 260 – тан астам мақалдың 60 – ы қазіргі күнде тілімізде ешбір өзгеріссіз қолданылады.

М.Қашқари жинаған түркі мақал – мәтелдерінен:

1. Бір – бірлеп мың болар, Тама – тама көл болар.

2. Екі қошқардың басы бір қазанда піспес.

3. Жалғыз қаздың үні шықпас. т.б.

ІІІ. Ең... ең... ең үздік жарысы.

Бүгін біздің жарысымыздың аты Ең... ең... ең үздік деп аталады. Сынып қатар бойынша 3 топқа бөлінеді. Бұл жарыс 4 айналымнан тұрады. Бірінші айналым – жүйрік болсаң шауып көр, екінші айналым – сырға толы сандар, үшінші айналым – ойлы болсаң озып көр, төртінші айналым – мықты болсаң тауып көр деп аталады.

Ендеше бірінші айналымның шартымен таныс болайық. Бұл айналымда әр топқа 10 сұрақтан қойылады. Сол сұраққа аз уақыттың ішінде тезірек жауап берулеріңіз талап етіледі. Қазылар алқасы әр дұрыс жауап 5 баллдық жүйемен.

1 – топқа:

1. 1029 – 1039 жылдары аралығында дүниеге келген білімпаз тілші ғалым: (М.Қашқари)

2. Йассауидің ұстазы: (Арыстан баб)

3. Оғыздың ақылшы – кеңесшісі: (Ұлық – Түрік)

4. «Екі қошқардың басы бір қазанда піспес» мақалының мағынасы:

5. «Түркі сөздігінің жинағы» атты еңбекте қанша түркі тайпасының аты аталған: (29)

6. Қорқыттың туып өскен жері: (Сыр бойындағы Жанкент)

7. Құтты білік трактатында неше кейіпкер кездеседі: (4. Бақыт, ақыл, қанағат, әділет)

8. Отырарда дүниеге келген ақын, энцеклопедист ғалым: (Әл Фараби)

9. Ахмет Йассауидің қанша шәкірті болған: (90)

10. Махмұт Қашқари кім: (ақын, ғалым т.б)

2 – топқа:

1. Әл Фараби қай жылдары өмір сүрді: (870 – 950)

2. М.Қашқаридің 260 –тан астам мақалының қаншасы қазіргі күнде де тілімізде ешбір өзгеріссіз қолданылып жүр: (60 – ы)

3. Түрік қағанатының негізін қалаған кім: (Бумын)

4. Жалғыз қаздың үні шықпас мақалының мағынасы:

5. «Диуани хикмет» кімнің еңбегі: (А.Йассауи)

6. М.Қашқари қай тілді жетік білген: (Араб)

7. Әлемнің екінші ұстазы: (Әл Фараби)

8. «Құтты білік» кімнің еңбегі: (Ж.Баласағұн)

9. Махмұт Қашқаридің толық аты: Махмұд ибн Әл – Құсайын ибн Мұхаммед.

10. Тарихи тұлға, әрі аңыз кейіпкері: (Қорқыт)

3 – топқа:

1. М. Қашқари қайда дүниеге келген: (Ыстықкөл маңындағы Барысхан қаласы)

2. Ж.Баласағұнның «Құтты білік» еңбегі неше тараудан тұрады: (85 тарау)

3. Қазақ жерінің дөңгелек картасын жасаған энцеклопедист ғалым: (М.Қашқари)

4. 1070 жылдары жазылған Қашқаридің еңбегі: (Түркі сөздерінің жинағы)

5. Йассауи қайда дүниеге келген: (Сайрамда)

6. Әл – Фарабидің ақындарды 3 топқа бөліп, поэзияның қыр – сыры, шығармашылық туралы байыпты пікірлері айтылатын еңбегі: (Өлең өнерінің қағидалары)

7. Өтірікшінің шын сөзі зая кетер мақалының мағынасы:

8. Ж.Баласағұн «Құтты білік» еңбегі үшін қандай атақ алды: (Хас Хәжиб)

9. Қорқыттың күйлерін ата: («Желмая», «Аққу», «Елім – ай»)

10. Түркі шаһнамасы деген екінші атақ берген еңбек: (Құтты білік)

1 айналым бойынша топтардың бағаларын айтып жіберсеңіздер.

ІІ айналым: сырға толы сандар

Бұл айналымда тақтада 5, 10, 15 баллдық сұрақтар ілінеді соны таңдап сол бойынша сұрақтар қойылады. Бұл сұрақтар жұмбақтардан тұрады шешуін тауып, орыс ағылшын тілдеріне аударуларыңыз сұралады.

5. Шәкіртке жанашыр, Мейірман кім, жаны асыл. (ұстаз, учитель, тeacher)

5. Тілден ұшып құлаққа қонады. (сөз, слово,

5. Төрт қырлы өзі аппақ, тақтадағы ізі аппақ. (бор, мел,

10. Кішкене ғана тостаған, жер дүниені бастаған. (көз, глаза, еуе)

10. Аппақ ас сызы бар, балалар қызығар. ( балмұздақ, мороженое, ісе – сream)

10. Бір құдықтың екі алуан суа бар – ды, қайнатса оның суы мұз болады. (жұмыртқа, яйцо, еgg)

15. Жердің жүзін шарлайсың, онсыз еш жерге бармайсың. Көлікпен де жаяу да, саралайсың таңдайсың. (жол, дорога,

15. Сырылдатады шәйнегін ұнатпаса да жұрт мейлі, тереземіздің әйнегін жуады, бірақ сүртпейді. ( жаңбыр, дождь, rain)

15. Егіз қайың бой – бастары тең өскен, іске дайын бұтақтары бес – бестен. (қол, рука, hands)

2 айналым бойынша топтардың алған бағалары қалай болады екен?


ІІІ айналым. Ойлы болсаң озып көр деп аталады. Бұл турда 3 топқа арналған тақырып сөз жазылған 3 қағаз жатыр. Соның біреуден таңдап алуларыңыз сұралады. Сол алынған тақырып бойынша шығармашылық жұмыс яғни өлең шығарып немесе шағын ертегі ұйымдастыруларыңыз сұралады. Баға 5 баллдық жүйемен есептеледі.

Тәрбие

Білім

Ақыл


3 айналымның бағаларын біліп жіберсек.

Келесі IV айналым «Мықты болсаң тауып көр» деп аталады.

Бұл айналымда әр топқа 5 мақалдан айтылады, мақалды толықтырып мағынасын ашуларыңыз сұралады. Ендеше

1 – топқа:

1. Көзден алыстаса...(көңілден де алыстар)

2. Тең теңімен... (тезек қабымен)

3. Күлме досыңа... (келер басыңа)

4. Таста тамыр жоқ... (төреде тәңір жоқ)

5. Су анасы – бұлақ... (сөз иесі – құлақ)

2 – топқа:

1. Берекесізден...(құт қашар)

2. Жығылсаң... (нардан жығыл)

3. Еріншектің... (ертеңі бітпес)

4. Еңбегі аздың... (өнбегі аз)

5. Малым – жанымның садақасы, жаным - ... (арымның садақасы)

3 – топқа:

1. Жасауы мол келіннің... (күйеуі жуас болар)

2. Оқу инемен... (құдық қазғандай)

3. Өз үйім... (өлең төсегім)

4. Ата көрген оқ жонар... (шеше көрген тон пішер.)

5. Ер шекіспей... (бекіспейді)

Осымен біздің 4 айналымнан тұратын ең... ең... ең үздік атты сайысымыздың шегіне жетіп қалдық. Сөз кезегі қазылар алқасы өздеріңізде.

1 – орын –

2 – орын –

3 – орын –



IV. Сабақты қорыту:

А) Бағалау

Сабаққа жақсы қатысып белсенділік танытқан оқушыларды бағалаймын.

Ә) Үйге тапсырма беру

М.Қашқари өмірін оқу түсінігін айту.

«Қордайдың аққу – қазы қаңқылдайды» өлеңін жаттап келу.







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Махмұт Қашқари. Мақал – мәтелдері. «Қордайдың аққу – қазы қаңқылдайды» өлеңі.

Автор: Дукалова Айгерим Бакбергеновна

Дата: 24.04.2017

Номер свидетельства: 411324

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(114) "Махм?т ?аш?ари ма?ал - м?телдері, «?ордайды? а??у - ?азы ?а??ылдайды» "
    ["seo_title"] => string(77) "makhmu-t-k-ashk-ari-mak-al-m-tieldieri-k-ordaidyn-ak-k-u-k-azy-k-an-k-yldaidy"
    ["file_id"] => string(6) "211340"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1431603229"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(90) "Махм?т ?аш?ари. «?ордайды? а??у-?азы ?а??ылдайды» ?ле?і"
    ["seo_title"] => string(66) "makhmu-t-k-ashk-ari-k-ordaidyn-ak-k-u-k-azy-k-an-k-yldaidy-olien-i"
    ["file_id"] => string(6) "293107"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455396024"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(66) "Раб?узи ?иссалары атты саба? жоспары "
    ["seo_title"] => string(39) "rabg-uzi-k-issalary-atty-sabak-zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "195446"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427906186"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства