Сабақты бастамас бұрын оқушыларды 3 топқа біріктіремін 1-топ: Адамзат 2-топ: Табиғат 3-топ: Тіршілік Әр топ өздеріне берілген топ атауларын пайдалана отырып, бір-екі сөзбен келесі топтарға тілек айтады. Бейнетаспа көрсету арқылы ойқозғау Үй тапсырмасы: «Ерекше сұрақ» әдісі арқылы үй тапсырмасы сұралады. Әр топ мүшелері мәтін бойынша сұрақтар дайындап, келесі топтарға сұрақтар қояды. Бағалау критерийлері: 1.Сұрақты жүйелі және нақты қоя алады – 3 сұраққа - 3 балл Әрбір сұраққа 1 баллдан беріледі, 3 сұраққа 3 балл 3. Ерекше сұрақ қай топта болса, сол топқа 1 балл (Жалпы – 4 балл) Үй тапсырмасы бойынша жалпы 4 балл жинау керек. Қалыптастырушы бағалау «Геометриялық фигуралар» арқылы жүзеге асады. «Әңгіме-дебат» әдісі Тапсырма: Көксеректің Құрмашқа істеген іс-әрекеті адамдардан кек алу ма, әлде түз тағысына тән қасиет пе? Құрмаштың өліміне кім кінәлі? І топ. Даттаушы. Көксеректің іс-әрекеті түз тағысына тән қасиет. Құрмаштың өліміне Көксерек кінәлі ІІ топ. Жақтаушы. Көксеректің іс-әрекеті адамдардан кек алу.Көксеректің өліміне адамдар кінәлі. ІІІ топ. Үкім шығарушы. Құрмаштың өліміне кім кінәлі екендігін анықтайды, шешімін шығарады. Дескриптор: Ойын анық жеткізе алады – 1балл Аргументтер келтіре алады – 1балл Әр пікір иесі өз көзқарасын сақтайды – 1балл Шешім шығара біледі – 1балл (жалпы балл – 4 балл) РАФТ әдісі. Жазылым (Жеке жұмыс) 1-топ: Роль | аудитория | формат | тақырып | Көксерек | адамдарға | шағым | қатыгездік | 2-топ: Роль | аудитория | формат | тақырып | Әжесі | немересіне | күнделік | сағыныш | 3-топ: Роль | аудитория | формат | тақырып | Құрмаш | Көксерек | хат | үміт | Дескриптор: Рафт әдісінің ережесіне бағына отырып күнделік, хат, шағым іс-қағаздарының стилін сақтап жаза алады – 1 балл. Сөз орамдарын орынды қолдана алады – 1 балл Жұмыстың мазмұнын аша алады – 1 балл – 1 балл Жалпы балл – 3 балл Қалыптастырушы бағалау Геометриялық фигуралар арқылы бағаланады «Суретке пікір» Сабақты қорытындылау мақсатында оқушы пікірін сұрау 7) Кері байланыс «Ресторан»әдісі. -Мен тағы ..........тапсырыс берер едім -Маған бәрінен ұнағаны ..................... -Менің асқазаным қорытты............... -Келесіде маған қосыңызшы.... Үйге тапсырма: «Адам және табиғат» тақырыбында эссе жазу |