А) ит өлген жер. Ә)Ойсыл қара. Б) жан тәсілім етті.
8.Тұрақты сөз тіркесін тап:
А)қас қаққанша; ә) кең болсаң, кем болмайсың; б) Білімнің қайнар көзі;
9.Табу сөзді тап:
А) абысын-ажын; ә) еркем, кенжем; б) үлкен-кіші;
10.Араб тілінен енген сөз.
А) кәмпит, сөмке; ә) мектеп, ғибрат. Б) бәтеңке.
Тест жауаптары:
1.А . 2. Ә. 3. А . 4.Б. 5. А. 6.Ә. 7. Б. 8.а. 9.Ә. 10. Ә.
-Балалар, біз қандай тарауды өттік?
-Лексика тарауы.
- Лексика деген ұғымды естігенде қандай сөздер естеріңе түседі? Қане, топтастырып көрейікші.
ІІ.«Топтастыру» әдісі.Лексика- көп мағына, антоним, синоним, омоним, ауыспалы мағына, тура мағына,эвфемизм, дисфемизм, кәсіби сөз, диалект сөз, табу, көнерген сөздер,термин сөздер,мақал-мәтелдер, тұрақты тіркестер,кірме сөздер,жаңа сөздер,сөздік қор, жалпылама лексика.
ІІІ.Суреттермен жұмыс.
Берілген суреттерге байланысты омоним болатындай сөйлем ойлау керек.
Ара-құрал, ара- жәндік.
Бас- дене мүшесі, бас- іс-әрекет.
Ат- жануар, ат-етістік,ат- адамның аты.
Жаз- мезгіл, жаз- іс-әрекет.
Үй- мекен, үй-етістік.
Қой- жануар, қой- етістік.
4.Синоним сөздерді сәйкестендір.
Ертеде азанда
Алыс баяғыда
Үлкен дәм
Кішкентай дәу
Ажар ұсақ
Тамақ келбет
Таңертең шалғай
5.«Сергіту» ойынын ойнаймыз.
«Бір сөзбен атаңдар» ойыны (Фразеологизм )
-Мен сендерге тұрақты тіркестерді оқимын, соның қандай мағына беретінін бір сөзбен атау керек:
1.Тайға таңба басқандай- ( анық )
2.Төбе шашы тік тұрды- ( шошыды )
3.Ит арқасы қиянда- ( алыс )
4.Қырық пышақ болу -( төбелесу )
5.Жұмған аузын ашпау- (үндемеу)
6,Ала жібін аттамау- (ұрламау, адал болу)
7.Ат ізін салмау -(араласпау )
8. Салы суға кету- ( көңілі түсу )
6. «Қоржында не бар ?» ойыны. Жеке әріптерден бірнеше сөздер құрап жазу, айту. Оқушылардың сөздік қорын, жазу үлгісін тексеру.
Әсем- сұлу, көрікті, көркем- синоним.
Би- өнер, би- ел басқаратын адам- омоним.
Жақсы-жаман- антоним.
7.Оқулықпен жұмыс.212- жаттығу. Әдебиет пәні бойынша оқыған ертегілеріңнен бір- біріне қарама- қарсы сипаттағы кейіпкердің қасиеттерін санамалап жазыңдар. Олардың ішіндегі антоним болып тұрған сөздерді жұптаңдар немесе омоним, синоним сөздерді теріп жазу. «Қырық өтірік» ертегісінен (81 бет ) Бар-жоқ, аш-тоқ. (антоним) Халық ойыншық болыпты. (ауыспалы) Марат ойыншық ойнады. (тура) Хан халқына жар шақырыпты. (омоним) Сүйген жары, жарды жуды.) Кідірмей, мүдірмей ( синоним) рас- өтірік ( антоним) Шешендер, ділмарлар (синоним) 223- жаттығу. Әңгімені оқыңдар. Соңынан табиғатты суреттейтін азат жолды мәнерлеп оқыңдар. Көктемнің жайма шуақ, әдемі күнін өз сөздеріңмен суреттеңдер.
Көктем- Күн мен түн теңеледі. Бәйшешек шығады. Құстар ұшып келеді. Ұя салады. Қар ериді.
8. Бес жолды өлең.
Көктем
Жылы, шуақ.
Ериді, шығады, келеді.
Мен көктемді жақсы көремін. Жазғытұрым
9.Мысалдардан көнерген сөздерді табу.
1.Исатайдың астында- Ақтабан, Басында- дулыға, үстінде- сауыт, белінде- қорамсақ, иығында- садақ. Дулыға- батырлар соғыста басына киетін темір баскиім. Сауыт-оқ- найзадан сақтану үшін денеге киетін торкөзді кіреуке. Қорамсақ- жебе салып жүруге арналған арнайы қалта.
2. Хан ордасына билер, уәзірлер, сұлтандар кеңеске жиналды . Би-дау- жанжалға бітім айтып, төрелік жасаушы, ел ішіндегі әділ қазы, рубасы. Үстемдігі басым әкім, қожа.Уәзір- шығыс елдерінің ел билеуші ханының немесе патшасының ақылшысы, кеңесшісі. Сұлтан- шығыс елдеріндегі жергілікті билеушілердің лауазымы. Хан- ел билеуші шонжар.
3. Киіз үй төрінде- ескі кебеже, тулақ жайылған. Кебеже- тамақ, азық- түлік салу үшін әшекейлеп, оюлап жасайтын ағаш сандық. Тулақ- жүн сабау үшін немесе төсеніш үшін пайдаланатын, кептіріп қатырылған шикі тері.
10. Ситуациялық сұрақ.
1.Алмас шөптің жанып жатқанын көріп, өртті киімімен өшірді. Ол ағашты аман алып қалды.
- Алмас қандай бала? (тәрбиелі, батыл).
2.Үйдегі сандықтың ішінде кәмпит бар. Ал сандықтың аузында қара құлып тұрады. Жақан сандықты шегемен ашты.Апасы: « ақылың жоқ болса, ұрлап жей бер»,- деді.
-Жақан қандай бала? ( ақылсыз, ұры бала ).
11. «Лексика» тарауының бірі-мақал- мәтелдер.
Олай болса мақал-мәтел айтудан «Кім жылдам?» ойынын ойнайық...
Қатарға Отан, туған жер, халық, еңбек туралы.
Қатарға Ерлік, батырлық , ынтымақ, бірлік, тіл туралы.
3-қатарға достық, оқу, білім, өнер туралы.
Өздерің қалаған бір мақал-мәтелді талдап, ауызша әңгімелеңдер, жазбаша мәтін құрау.
12.Тақтада берілген «Лексика» анаграммасын шешу арқылы сабағымызды қорытындылайық.
1.Сөз байлығын зерттейтін сала (лексика)
2. Жаңа сөз ( егемен )
3. Белгілі бір кәсіпке байланысты сөз (кәсіби)
4. Бір- біріне мағынасы жақын сөз ( синоним)
5.Діни сөз (имам)
6.Қолданыстан шығып қалған сөз (көнерген)
7. Мағыналары қарама- қарсы сөз (антоним)
Лексика
Егемен
Кәсіби
Синоним
Имам
Көнерген
Антоним
13. Үйге тапсырма.Тұрақты тіркестерді пайдаланып «Менің досым» деген тақырыпта достарына мінездеме беру.