kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Лексика тарауын ?айталау

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: Лексика тарауын ?айталау.

Ма?саты: а) білімділігі – на?ты мысалдар  келтіре отырып лексика тарауынан ?ткенді ?айталау ар?ылы о?ушы білімін сарап?а салу, ал?ан м?ліметтерді тере?дету, білімдегі ол?ылы?тарды жою, білімді жетілдірудегі негізгі за?дылы?тарды есте берік ?алдыру;

?) дамытушылы?ы -  о?ушыларды? шы?армашылы?, ойлау ?абілеттерін дамыту;

б) т?рбиелік – жергілікті а?ын Иса Байза?овты? шы?армаларымен ж?мыс ж?ргізе отырып, т?рбиелік та?ылымдарынан ?лгі алдыру.

Саба?ты? ?дісі: с?ра?-жауап, талдау, тіл дамыту, жина?тау, ?айталау.

Саба?ты? т?рі: сайыс саба?

Саба?ты? к?рнекілігі: пара?шалар, домбыра суреті, слайд.

Саба?ты? типі: білімді ?орыту ж?не ж?йелеу.

П?наралы? байланыс: ?дебиет.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«лексика тарауын ?айталау »

Тақырыбы: Лексика тарауын қайталау.

Мақсаты: а) білімділігі – нақты мысалдар келтіре отырып лексика тарауынан өткенді қайталау арқылы оқушы білімін сарапқа салу, алған мәліметтерді тереңдету, білімдегі олқылықтарды жою, білімді жетілдірудегі негізгі заңдылықтарды есте берік қалдыру;

ә) дамытушылығы - оқушылардың шығармашылық, ойлау қабілеттерін дамыту;

б) тәрбиелік – жергілікті ақын Иса Байзақовтың шығармаларымен жұмыс жүргізе отырып, тәрбиелік тағылымдарынан үлгі алдыру.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, тіл дамыту, жинақтау, қайталау.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Сабақтың көрнекілігі: парақшалар, домбыра суреті, слайд.

Сабақтың типі: білімді қорыту және жүйелеу.

Пәнаралық байланыс: әдебиет.

Барысы: І Ұйымдыстыру кезеңі: сынып оқушыларын түгендеу, оқу құралдарын тексеру, сабаққа бейімдеу.

  • Балалар ұлы педагог Ян Амос Коменскийдің мына сөздеріне назар аударуларыңызды сұраймын:

«Басқаны үйреткен кісі қайталау арқылы меңгерген білімдерін нығайтумен ғана емес, пәнге терең үңілуге мүмкіндік алуымен де өзін-өзі үйретеді»- деген екен. (жазу керек)

  • Бұдан не ұғамыз? (жауап: қайталау жасап отыру керек)

  • Ендеше біз бүгін қайталау сабағын өткіземіз. Ол үшін біз екі-екіден жұпқа бөліндік. Енді бір-бірімізге сабақта сәттілік тілеп жіберейік.

Дауыстап айтады:

Бір - бірімізге көмектесейік, тату болайық, үздік баға алайық, көңілді болайық.

Жақсы қатысайық, белсенді болайық, дұрыс жауап беруге тарысайық, жақсы баға алайық.


ІІ Қызығушылықты ояту кезеңі.

Ал нені қайталаймыз, оны мына тапсырманы орындап барып табасыздар.

Сөздік ребусті шеш:

ешкінің төлі ,, - л

, өте жақсы баға , - е

үйі сенің үйіңнің жанында ,,,, - к

шөл қандыратын сұйықтық , - с

тігіншінің құралы ,, - и

, төмен баға , - к

, қыс белгісі не? , - а











  • Нені қайталаймыз? Дұрыс айтасындар. Ал сабағымыз тиянақты болуы үшін әркім өзіне мақсат қойып алсын, оны мына парақшаларға жазып қойыңдар.


ІІІ Ой шақыру кезеңі.

  • Бүгінгі қайталау сабағымызды тіл ұстарту сабағымен ұштастырамыз. Жергілікті ақынымыз Иса Байзақов шығармаларына лексикалық талдау жасай отырып, сабағымызды «Аптаның жеті күні» деген атпен сайыс түрінде өткізуді жөн көрдім. Әр күнгі жинаған ұпай есептеліп жеңіске жеткен топты аңықтаймыз.

І. Дүйсенбі күні: «Бастапқы сөз». Балалар Иса аталарыңның «Жастар маршы» деген өлеңі бар екен (өлеңді жазу).

Біз бақытты, туғаннан гүлденгенбіз,

Жаңа өмірдің бесігін ізденгенбіз,

Талай асу қиындық кездессе де,

Өнер-білім желісін үзбегенбіз.

Берік болат біз жастармыз,

Мың сан миллион достармыз,

Біз бақытты нұрлы күннен де,

Жау аспайтын биік асқармыз.


Ал біз осы өлеңнің желісіне салып лексика тарауын қайталап, пысықтауға арналған Зымыран сұрақтарға жауап берейік. (Екі топқа кезек-кезек сұрақ қою, дұрыс жауапты марапаттау.)

  1. Лексика ғылымы нені зерттейді?

  2. Омоним қандай сөздер?

  3. Синоним қандай сөздер?

  4. Антоним қандай сөздер?

  5. Диалект сөз дегеніміз не?

  6. Мақал-мәтел дегеніміз не?

  7. Табу дегеніміз не?

  8. Эвфемизм, дисфемизм нендей сөздер?

  9. Тұрақты тіркес туралы не білесіңдер?

  10. Кірме сөздерге нендей сөздер жатады?

  11. Кәсіби сөз туралы не білесіңдер?

(Дұрыс жауап берген оқушы марапатталады)


ІV Мықты болсаң тауып көр.

2. Сейсенбі күні: «Домбыра дастан» жазу керек: Иса аталарыңның 7 поэмасы бар. Олар: Құралай сұлу, Ақбөпе, Қырмызы- Жанай, Он бір күн, он бір түн, Кавказ, Ұлы құрылыс, Алтай аясында. Сендердің алдарыңдағы домбыра кескінінде бірнеше тапсырмалар быр. Қай жұп сол тапсырмаларды дұрыс орындаса, домбыра кескінін өзіне естілікке алады.


Домбыра тапсырмалары:

  1. Үзіндіден кәсіби сөздерді тауып жазыңдар. Қандай кәсіпке байланысты?

Екі үйдің арасында тартқан белдеу,

Кермеде байлаулы тұр үш-төрт бедеу.

Тұғырда томағалы бүркіт отыр,

Қақшытып жем беріп тұр, оған біреу. (Құралай сұлу)


  1. көнерген сөздерді тауып, түрлерін ажырат:

Тәукеннің Ақтарлан ед барлық малы,

Байлығы, батырлығы, құйрық жалы.

Төлеуге шет ел келіп алып кетті

Нашардың болыс, биге келе ме әлі

//-//-//-//-//

Сүйткенше сарт-сұрт етіп тиді сойыл,

Байқатпай қапылыста келіп ұрды. (Ақбөпе)


  1. Кірме сөздерді тауып бер:

Аспандап Күншығысқа тура салды,

Қонбауды неше сөтке мойнына алды.

Ұшқанда геройлардың экипажы,

Асау жел ілесе алмай кейін қалды.

Әуені жүндей түтті пропеллер,

Үндерін үдей соқты машиналар.

Бақыттың айға аттанған алыбы деп,

Сүйініп қала берді талай жерлер. (Он бір күн, он бір түн)

  1. мақал – мәтелді тап:

Қалған соң балықшылар жабырқасып,

Жас Жанай атып тұрды оқ жыландай.

Көппен көрген ұлы той байқасармыз,

Ағалар, серпіліңдер жабырқамай. (Қырмызы –Жанай)


  1. Көнерген сөздер қайсы?

Жалын жұтып, тас шайнап талай ердің,

Ханмен, бекпен күресіп өлгені анық.

Алмас қылыш, ақ семсер, көк сүңгімен

Хан алдаса батырдың көнгені анық. (Алтай аясында)


V Танымдық сәт

3. Сәрсенбі күні. Оқушыларға Исаның «Жазғы кеш» өлеңі бойынша сәйкестендіру жұмысы беріледі. (сызбамен қос)


Таң (синоним)


Көкжиек белдеу тартып қызын нұрдан

Жер (антоним)


Кеші еді жаздың сұлу нұр төгілген

Кірме сөз


Кеші еді жаздың сұлу нұр төгілген

Ауыспалы мағыналы сөз


Жерге көп алыс аспан төңкерілген

Сұлу (синоним)


Жұлдыздар жаңа шықты сейіл құрған

Біріккен сөз


Маяктың жаңа жанған шамындай боп


VI Ойлы болсаң, озып көр.

4. Бейсенбі күні: «Кім жылдам?» - слайд арқылы тапсырма беріледі.

1. Мына сөздердің лексикалық мағынасы арқылы не екенін тауып, сөйлем құр:

- жасыл, үюлі, шабылған - шөп

- ұлпа, ақ, қырбақ, қалың - қар

- суық, үскірік, өтімді, жел - жел

- ақ, тәтті, ерігіш - қант


2. Мына жұмбақтың жауабын және антонимдерін тап:

- Күндіз ізетті, түнде күзетте. (есіктің ілгегі)

- Қара жердің төсінде ақ қоянның ізі мол. (тақтадағы жазу)

- Асты тігілген, үсті сөгілген. (қап)

- Тірісі өліден нан сұрайды, өлісі тіріден жан сұрайды. (тышқан, қақпан)

- Ерте тұрады бір қыз

Кеш тұрады бір қыз.

Қайткенде де солардың

Дегенімен жүреміз. (Күн мен Ай)


3. Фразеологиялық тіркестердің мағынасын аш:

- жүрек жұтқан - батыл

- қоян жүрек - қорқақ

- табан астынан - тез, шапшаң

- тісін батыру - қорқыту

- ала жібін аттамау - атлдамау


4. эвфемизмді көрсет:

- Атам бір қайтты дүниеден

Бес жаста жетім қалдырды

Басыма қайға салдырды....


5. диалект сөзді тауып, әдеби тілдегі баламасын атап, синонимдік қатар құр:

- Ұлы Еділдің бойында

Жүзіп жүрген нән балық

Салған екен соған шеңгелді....


Сергіту сәті – «Йә - жоқ» ойыны. Мына сұраққа Иә немесе Жоқ деп қана жауап бересіңдер.

1. Лексика – дыбыстарды зерттейді 0

2. Сөздің тура – ауыспалы мағынасы лексика саласына жатады 1

3. Лексика – белгілі бір тілдегі сөздердің жиынтығы 1

4. Сөздің көп мағынасы болуы мүмкін емес 0

5. Дыбысталуы біркелкі, мағынасы басқа сөздер антоним 0

6. Мағыналары жақын, әр түрлі дыбысталатын сөздер омоним 0

7. Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер синоним 0

8. Табу – тыйым сөздер 1

9. Сыпайы, жағымды сөздер эвфемизм 1

10.Тұрақты тіркес құрамында бір ғана сөз болады 0

11. Мақал-мәтел ауыз әдебиетінің бір түрі 1

12. Әдепсіз, дөрекі сөздер – дисфемиздер 1

13. Көнерген сөздердің түрлері – кәсіби сөз, термин сөз 0

14. Тілде жаңа ұғымдарды білдіретін сөздер неологизмдер деп аталады 1 15. Басқа тілден енген сөздер – кірме сөздер 1

16. Кәсіби сөздер – ғылым, техника, өндіріс т.б. саладағы арнаулы ұғымдар 0


VII Деңгейлік тапсырмалар

5. Жұма күні: «Ғажайып алаңы»

Бұл күн тапсырмалары ерекше. Мұнда сіздер өз қалауларың бойынша тапсырма таңдайсыңдар. Мына сандар реті бойынша дұрыс жауап берілсе көрсетілген рет бойынша ұпай аласыздар:

Мақал-мәтел

10

20

30

Тұрақты тіркес

10

20

30

Жаңа сөздер, термин сөздер, табу.

10

20

30

Тапсырмалары: І. 10 – тіл, Отан туралы мақал-мәтел айтыңдар.

20 – мақалды жалғастыр:

Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті.

Жылы киім тәнді жылытар, жылы сөз жанды жылытар.

Бірлік болмай, тірлік болмайды.

Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді.

Ақылды адам елге қарайды, ақылсыз адам өрге қарайды.

Ашу дұшпан, ақыл дос, ақылыңа ақыл қос.

Сыйға сый, сыраға бал.

Сумен ойнама – батарсың, отпен ойнама – жанасың.

ІІ. 10 - тұрақты тіркес неге осылай аталады?

20 – Алыс сөзінің тұрақты тіркесін тап, оның қарсы мәндес түрін ата

да, тұрақты тіркес құр. (Ит арқасы қиянда, қас пен көздің

арасындай)

30 – тұрақты тіркестерді қатыстырып сөйлемдер құр. (ойын көзді ашып-жұмғанша өте шықты, ұялған тек тұрмас дегендей, есінде қалғанын ойына түсіре бастады, ала көлеңке үй ішінде құлаққа ұрған танадай тыныштық орнады, екеуі бір-біріне қайтып тіл қатыспады, арсылдаған итті көргенде зәре-құты қашты. )

ІІІ. Жаңа сөздер, терминдер, табу.

10 – жаңа сөздерге мысалдар келтір. (жолсерік, сапаржай, жәрдемақы, зейнетақы, кеншар).

20 – берілген кірме сөздердің қазақ тіліндегі синонимдерін тап: Пұл (ақы, ақша), шайыр (ақын, жырау, жыршы), сарбаз (жауынгер), ғибрат (үлгі), ғұлама (ұлы).

30 – берілген сөзге лексикалық талдау жаса: глобус


VIII Ой бөлісу

6. Сенбі күні: «Қонақ кәде»

Қазақта қонақ кәде деген жоралғы бар. Онда келген қонаққа сый ретінде ауылдың алты аузы айтылып келген қонақтар тарапынан қонақ кәде жасалады. Иса атамыздың «Желдірмелері» дүйтім жұртқа белгілі. Сендер Иса аталарыңның желдірмесін жаттадыңдар. Енді бір- біріңе осы желдірмені жатқа айтып, дайындаған сұрақтарыңа қалау кәде жасайсыңдар. Олар сендерге жауап береді.

- Ал, алқа, келді кезің жайнайтұғын,

Бұлбұлдай бақшадағы сайрайтұғын,

Өнердің қиясына шыққан сайын,

Болаттай тастан табан таймайтұғын,

Жөнелдім желдірмемен желдей есіп,

Қырандай аспандағы талмайтұғын!

Тізейін өлеңімді меруерттей;

Есінен жұртшылықтың қалмайтұғын,

Дабылы дауылпаздай шарықтаған,

Екпіні самолеттей заулайтұғын.

Талапты жастарымыз, үйреніп ал,

ән еді желдірме атты, самғайтұғын.

............................................................

............................................................

Бақытты Отан жырын шырқатайық,

Айбынды Октябрьдің ұлдарымыз.

Құлаштап өлеңіммен шарықтаймын,

Қарыштап шапқан сайын жалықпаймын.

Гүлденген күннен-күнге Отанымның,

Өскенін айтқан сайын анықтаймын,

Шаттықтың желдірмесі міне қандай,

Құйылған үсті-үстіне үні талмай.

Талапты өнерпазы заманымның

Тасқыны өрге жүзген дәл осылай.


Тапсырма –сұрақтар:

1. Омоним сөздерді көрсет – жас, ес, ат.

2. Теңеулерді көрсет: бұлбұлдай, болаттай, қырандай, меруерттей, самолеттей, дауылпаздай.

3. Жұрт сөзінің синонимдік қатарын құр: ел, халық, бұқара

4. Кірме сөзді тап: самолет, октябрь

5. ауыспалы мағыналы сөздерді көрсет: өнердің қиясына шығу, желдірмемен жөнелдім желдей есіп, тізейін өлеңімді.

6. Қос сөздер қайсы? – күннен-күнге, үсті-үстіне.

7. Туынды сөздерді көрсет: дауылпаз, өнерпаз.


X Бекіту

7. Жексенбі күні «Демалу»

Балалар, біз бүгінгі сабағымызда жалпы лексика тарауы бойынша өткен материалдарды қайталап, пысықтадық деп есептеймін. Лексика – сөз байлығын зерттейтін ғылым. Тіліміз неғұрлым бай болса, соғұрлым жатық та әдемі сөйлей аламыз. Ол үшін көркем шығармаларды көп оқып, мақал - мәтелдерді, тұрақты сөз тіркестерін, синонимдерді орынды жерде пайдалана білуіміз керек. Бүгінгі сабақ барысында Иса аталарыңның бір топ шығармаларымен таныстыңдар.

Сабақ басындағы мақсатымызға жеттік пе, жоқ па соны білейік. (Әр оқушы өз мақсатын оқып жетті ме жоқ па айтады.)

Енді сабағымызды қорыта келе, мына семантикалық картаны толтырып сабақты бекітейік, жұптардың ұпай сандарын есептеп, жеңіске жеткен жұпты анықтайық, бағалайық.


Семантикалық карта


мысалдар







табу

диалект

термин

неологизм

кәсіби

омоним

көнерген

тұрақты тіркес

антоним

кірме

мақал

Мәтел

синоним

Таяқ тастам














әлін білмеген әлек














Глобус














Сәукеле














Арық, айт, қара














Мықты, әлді, қарулы














Сулы-құрғақ














Жылыжай














Кәмпит














Біреу тойып секіреді

Біреу тоңып секіреді














Пышқы














Омақа














Нанды баспа
















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
лексика тарауын ?айталау

Автор: абилшаикова

Дата: 27.03.2015

Номер свидетельства: 192330

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(99) "Методическая разработка по казахскому языку "Лексика""
    ["seo_title"] => string(53) "mietodichieskaiarazrabotkapokazakhskomuiazykulieksika"
    ["file_id"] => string(6) "312453"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1459343476"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "Лексикадан ?ткенді ?айталау. Саба? жоспары"
    ["seo_title"] => string(45) "lieksikadan-otkiendi-k-aitalau-sabak-zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "287066"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454428301"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "Лексикадан ?ткенді ?айталау саба?ы"
    ["seo_title"] => string(33) "lieksikadanotkiendikaitalausabagy"
    ["file_id"] => string(6) "298128"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456296439"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "Лексикадан ?ткенді ?айталау саба?ы"
    ["seo_title"] => string(34) "lieksikadanotkiendikaitalausabagy1"
    ["file_id"] => string(6) "298129"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456296445"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "Жануарлар?а ?ауіп т?ніп т?р"
    ["seo_title"] => string(31) "zhanuarlarg-a-k-auip-tonip-tu-r"
    ["file_id"] => string(6) "311645"
    ["category_seo"] => string(15) "angliiskiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1459240174"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства