Көрнекілік: суреттер, плакаттар, ойын тапсырмалары.
Әдіс- тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету, СТО стратегиялары.
Сөздік:боран, бұрқырайды, қатал.
Ұйымдастыру кезеңі.
Балалармен үлкен шеңбер жасау.
« Шаттық шеңбері»
Сәлем саған!
Сәлем маған!
Сәлем бізге!
Сәлем күнге!
Сәлем барлық әлемге!
Тәрбиеші: - Балалар, бізге қонаққа Африка мемлекетінен пілдің баласы келді. Оның есімі- Топа. Балалар ,ол ешқашанда қысты көрген емес. Біз оған қыс туралы, қыс мезгілі несімен қызық екенін айтып, түсіндіріп береміз бе? ( Иә) Ендеше, ен алдымен қыста ауа райының
өзгерістері туралы айтып береміз. / Ой қозғау./
Қыста күннің көзі қандай?
Аспан қандай?
Өзендердегі суларға не болды?
Неге біз жәндіктерді көрмейміз?
Орман ішіндегі жабайы аңдар қалай қыстайды?
Қыста қандай аңдар ұйықтайды ?
Қандай құстар қыстап қалады, қандай құстар ұшып кетеді ? / ішіне –сыртына стратегиясы. Ішіне /қызыл түсті / қыстап қалатын құстар суреттерін салады,сыртына / көк түсті/ жылы жаққа ұшатын құстар суреттерін салады.
Балалар, серуенге шыққанда біз құстарға бақылау жасаймыз. Құстар туралы әңгімелесейік. / слайд көрсету арқылы/.
Т әрбиеші: - балалар, сендер қыс туралы дұрыс айтып бердіңдер, қыс –суық уақыт. Күннің көзі төмен түседі, анда-санда ғана шығады. Аспан бұлтты болып, жиі қар жауады. Өзендегі сулар қатып, мұз болады.Аю мен кірпілер, жәндіктер үйқыға батады. Адамдар жылы киінеді. Балалар өте қуанады қыс мезгіліне, өйткені олар қар атысып ойнайды,
шаңғы, коньки тебеді, қардан аққала жасайды.
Ал, піл баласы Топа оларды ешқашан көрген емес. Қазір біз қысқы
орманға саяхатқа барып, құстарға тамақ берейік. Ен алдымен құстар-
дың дауыстарын тыңдайық. ( музыка ойнайды).
Жақсы, балалар, құстарға тамақ бердік, енді топқа оралайық.
Ортаға шығып, денімізді сергітіп алайық.
Сергіту сәті: Жел уледі –у- у- у
Боран соқты ду- ду –ду
Қатты-қатты жел соқты гу- гу –гу
Жапырақтар қол соқты ду- ду – ду
Шыдай алмай жапырақтар ах – ах
Билеп кетті қалтырап пах – пах.
2. Негізгі бөлім:
Жарайсыңдар, балалар, біраз шынығып алдық. Енді екі топқа бөлініп әі қарай жұмысымызды жалғастырайық.( Қоржын ішіндегі асықтар арқылы екі топқа бөлінеді, түрлі-түсті асықтарды алған балалар « Қітап» орталығына барады, ақ асықтарды алған - « Өнер » орталығына барып жұмыс істейді).
Тапсырмалар: «Кітап» орталығындағы балалар сюжеттік сурет бойынша
жұмыс жасайды, « Өнер» орталығындағы балалар « Қыс көріністері»
тақырыбы бойынша жапсыружұмыстарын өткізеді.
Өзіндік жұмыс.
Сөздік жұмыс: Үстел үстінде ақ қағаздан қиылған қар ұлпалары жатыр..
Тәрбиеші қыста қар жауған кезде, олар жер бетіне қалайша түседі екен деп,
балаларға қар ұлпасын биіктен еден, үстел үстіне тастатқызады.
Тұжырамдама: ақырын түседі, жауады.
Қыста боран соғады.
боран қалай соғады?
Боранның дауысын салып көрейікші / балалар уылдап үрлей бастайды./
Балалар, боран болғанда қар қалайша жерге түседі? Қазір, біреулерін
боран боласыңдар, қалғандарын қар ұлпаларын көкке көтеріп жерге тастайсыңдар.
Бұрқырайды, бұрқырап . Қар бұрқырап түседі.
Дыбыстық жаттығулар: бұрқ-бұрқ- бұрқырап
Қан-қан- бұрқыратқан.
балалар, қыста боран соғады, аяз болады, адамдар тоңбау үшін жылы-
жылы киімдерін киеді, сондықтан қыс мезгілін қатал деп айтуға болады.
Сөздік жұмысы:
Жыл мезгілі катал. Тал-тал-қатал.
Тұжырымдама:
Қыста боран соғып, қарды бұрқыратады.
« Венн диаграммасы» Қыс мезгілі мен көктем мезгілін салыстыру.
Балалар сигнал бойынша орталықтарға ауысады.
балалар, ойын ойнағыларың келе ме? Ендеше пілдің баласы сендерге
бір ойын ұсынып отыр. Ойын « Аққала»: балаларға сұрақтар қойылады:
Аққала неше бөліктен тұрады?
Оның бөліктерінің пішіні қандай?
Аққаланың көзін , мұрнын неден жасайды?
Басына не кигізеді?
Фланелеграфқа қиындыдан аққала құрастыру.
« Бес жолды өлең» құрастыру стратегиясы.
НЕ?
Қыс.
Құстар.
Қандай?
Суық, боранды
Кішкентай, әдемі.
Не істейді?
Қар жауып, ауа райын суытады.
Ұшады, ағаштарды жәндіктерден
қорғайды.
Не үшін?
Көктемде қар еріп, су көп
болады.
Өздеріне тамақ іздейді.
Ой түйіндеу.
Қыс – жыл мезгілі, суық болады, қыста шаңғы,коньки тебеміз.
Құстар – біздің достарымыз, оларды қыс мезгілінде
қорғау керек.
Қорытынды бөлім:
балалар, ойын сендерге ұнады ма?
Қонаққа бүгін кім келді?
Қыс несімен қызық екен?
« Инсерт» стратегиясы «+» - білемін
«-» - білдім
«?» - білгім келеді таңбалары арқылы қорытынды
жасау. / әр бала өз пікірін айтады/
ақ ұлпа қарымен
Шырша тойымен
Шаңғы тебеміз Аяз Атасымен
Қыс несімен қызық?
Жарайсыңдар, балалар, бүгінгі іске қатысқандарына рахмет. Ортаға шығып