Сабақ:№35 | Мектеп:А.Розыбакиев атындағы орта мектеп |
Күні:15.01.2018ж | Мұғалімнің аты-жөні: Тұрдақынова Ж. |
Тақырыбы: | Астананы аралау. |
Сынып:6 Б | Қатысқандар: | Қатыспағандар: |
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | Оқушылардың Астана туралы түсініктерін, ой-өрістерін кеңейту. Ауызекі сөйлеу қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту. Елге, жерге деген махаббаттарын арттыру. |
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар орындай алады: |
Астана туралы айтып бере алады |
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: |
Ауызекі сөйлеуде қажетті сөздерді қолдана алады |
Кейбір оқушылар орындай алады: |
Тақырыпқа сай өз ойын еркін жеткізе алады |
Тілдік мақсат | Оқушылар орындай алады: Тоғыспалы ықпалды түсініп, мысалдар келтіреді |
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Тәуелсіз Қазақстан,жарқын келешек,нышан,төр,ұлт келбеті,сана |
Талқылауға арналған сұрақтар: Сызықшаның қойылу себебін түсіндіру Тоғыспалы ықпал дегеніміз не? |
Ишара:Дене қимылдары |
Алдыңғы оқу: | 5-сыныпта алған білім |
Жоспар |
Жоспарланған уақыт | Сабақ барысы | |
Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | Ресурстар |
Басы 2 минут 5-7 минут | Амандасу. Психологиялық ахуал туғызу Үй жұмысын тексеру: 1)5-тапсырма Өткенді қайталау: грамматикаға тоқтала кету | Кезекшілер мәліметі Үй жұмысын,ережелерді айтады. | |
Ортасы | Жаңа тақырып:Қызығушылықты ояту. Жаңа сабақ: Астана келбеті –ұлт келбеті Сабақтың эпигрофы: Астана бас қала Жайнай бер, жас қала! 1.Өлеңді мәнерлеп оқып, түсіну 2.Сөздік жұмысын жүргізу 3.Сөйлемде сөздер арасына сызықшаның қойылуын айтып беру. Жазбаша:1. Тоғыспалы ықпал (86 бет) түсіндіру мысал: Досжан-Дошшан 2. 4 -тапсырма.Тиісті сөздерді тіркестіру.Үлгі: Астана қаласы Ауызша:3. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, көшіріп жазу. 4.Жаңа Астана –сөз тіркесін септеу. 5.4-тапсырманы ауызша орындау. | Оқушылар жауап береді Оқушылар тапсырмалармен жұмыс жүргізеді. | Алма,бәйтерек суреті Ақ қағазға жазылған сөз |
Соңы | Сабақты бекіту. Дұрыс па,қате ме? 1) Қазақстан Елордасы –Астана. (дұрыс) 2) Астана Қызылордадан кейін астана болды.(қате) 3) «Елорда» деген өлеңді М.Әміреұлы жазды.(дұрыс) 4) 1920-1925 жылдары Алмты қаласы астана болды.(қате) 5) Қазақ елінің астаналары:Орынбор, Қызылорда, Алматы, Астана. (дүрыс) Сабақты қорыту: Рефлексия: Біз бүгін сабақта не өттік? Не үйрендік? Бағалау. Үйге тапсырма беру. 1)Тоғыспалы ықпал. 81- бет ережені жаттау 2) Жаңа сөздерді жаттау,сөздік дәптерге жазу.5-тапсырма. | Сұрақтарға жауап береді Кестені толтырады Күнделіктеріне жазады | |
Қосымша ақпарат |
Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түсіндіресіз? | Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? | Пәнаралық байланыс – Денсайлық және қауіпсіздік,АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс(тәрбие элементі) |
| | |
Рефлексия Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті,қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?(тапсырмалар сәйкес болды ма?) Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге? | |
|
Қорытынды бағалау Ең жақсы өткен екі нәрсе(оқыту мен оқуға қатысты) 1: 2: Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты) 1: 2: |