kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?азыбек би мен Б??ар жырау

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бейнеролик: ?азыбек биді? 14 жасында  ?алма? еліне бар?ан елшілік сапарынан ?зінді.

  1. Бейнероликтен не к?рді?дер?/Дау шешіп т?р/
  2. Кім шешіп т?р? /?азыбек би/

3. Би  дегеніміз кім?

4. Неше жаста?ы баланы к?ріп т?рсы? ? /Жігіт/, /14 жаста/

5. ?аза?та бала кезінен т?релік айт?ан, дау шешкен, елшілікке шы??ан би - шешендер бол?ан. Оларды білесі?дер ма? /Сырым, Тайкелтір,?азыбек/

     6. ?азір билер бар ма? / соттар/

- Олай болса, б?гінгі жа?а саба?ымыз  кім туралы  екен?

- ?азыбек би мен Б??ар жырау

- Б??ар жырау кім? Жырау дегеніміз кім?

М??алім:

Жырау – д?режесі ханмен те?, елді? а?ылшысы, ?з жанынан жыр шы?аратын    жыршы ?рі би, ?рі  шешен.                 

Би – халы?ты? к?кейіндегісін айт?ан, ойын жары??а шы?ар?ан  ?ділет жаршысы. «Тура биде  ту?ан  жо?» деп ?аза? атамыз бекер айтпа?ан.
         ?аз дауысты ?азыбек Келдібек?лы (1667, Сыр бойы – 1764, ?азіргі ?ара?анды облысы, ?ар?аралы ауданы, Теректі б?ла?ында?ы ?ыстау, б?рын?ы деректерде 1665-1765) – ?аза? хал?ыны? XYII-XYIII ?асырларда?ы ?ш ?лы биіні? бірі, к?рнекті ?о?ам ж?не мемлекет ?айраткері. Озы? ойлы, ?діл де к?реген, батыл да батыр адам бол?ан. ?ділдігі мен ал?ырлы?ы ?шін Т?уке хан ?азыбекті Орта ж?зді? бас биі еткен. Би Т?уке хан, кейін С?меке, ?білм?мбет, Абылай ел билеген кезе?дерде де мемлекет бас?ару ісіне жиі араласып, ішкі-сырт?ы саясатта хандар?а а?ыл-ке?естер беріп отыр?ан. Ханды?ты? бірлігін са?тау ма?сатында Т?уке ханны? «Жеті жар?ы» за?дар жина?ын жасау?а атсалыс?ан.
         Б??ар жырау ?ал?аман?лы (1693, б?рын?ы Баянауыл, Далба тауы бойында – 1787, сонда) - ?йгілі жырау. Абылай ханны? а?ылшы-биі, абыз. Ж?рт оны «К?мекей ?улие» деп ата?ан. С?йлегенде ?немі ?ара с?збен емес, к?мекейі б?лкілдеп, т?йдек-т?йдек жырмен с?йлейтін бол?ан. К?біне Абылай ханны? «с?уе айтшы» деген ?тініш, тілегімен т?сін болжап, онысы д?лме-д?л келіп отыр?ан. ?кесі ?ал?аман батыр бол?ан. Б??ар жырауды? ?зінен А?дербіс, Жарыл?ап, Жанта есімді ?ш ?л тара?ан. Ол ?зіні? ?за? ??мырында талай-талай тарихи о?и?аларды басынан ?ткізген. «А?табан ш?бырынды» заманында т?уелсіздік пен ел бірлігін са?тауда айры?ша к?ш ж?мса?ан. Ол Абылай хан?а ?лкен ?міт артып, оны? ел бас?аруда?ы саясаты мен жоры?тарын ?олда?ан.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?азыбек би мен Б??ар жырау»

Бекітемін: Келісемін:

Мектеп директоры Директордың ОТЖ

Ш. Жакенбай орынбасары А.Молдаханова

« » _____ 2015жыл « » ______ 2015жыл





Ашық сабақ

Тақырыбы:

Қазыбек би мен Бұқар жырау

Қазақ әдебиеті пәнінен

5 «А» сыныбы



Пән мұғалімі:

Оразбай Тұрғанай Нұрқасымқызы











2015- 2016 оқу жылы



Астана қаласы

68 орта мектеп

қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі

Оразбай Тұрғанай Нұрқасымқызы


5-сынып Қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы: Қазыбек би мен Бұқар жырау
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға шешендік сөздерді тереңірек түсіндіре түсу, Қазыбек би мен Бұқар жырау туралы білімдерін кеңейту;
Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу тілдерін байытып, ұтқыр да ойлы сөйлеуге баулу, өз бетімен іздену,ойлау қабілеттерін
дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды шешендік өнер арқылы сөз өнерін,сөз мәдениетін қалыптастыру, шешендік сөздердің тәрбиелік жағына көңіл бөле отырып тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,билердің,жыраулардың суреттері,оқулық
Сабақтың әдісі: СТО стратегиялары, сұрақ-жауап,түсіндіру,баяндау
Сабақтың түрі : жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгендеу,сабаққа дайындығын тексеру.
Қызығушылықты ояту
«Иә», «Жоқ» стратегиясы
1. Шешендік сөздер қазақ ауыз әдебиеті саласына жата ма?
2. Шешендік сөздердің елге белгілі адамдарға қатысы бар ма?
3. Шешендер мен билердің сөздері жазылып сақталған ба?
4. Шешендік сөздер тек дауларға байланысты ғана туған ба?
5. Шешендік сөзде халықтың тіл байлығы байқала ма?
6. шешендік сөздердің барлығының авторы бола ма ?
7. Шешендік сөздерді аталы сөз деп айта аламыз ба ?



ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

«Байдалы бидің көңіл айтуы» мәтіні

  1. Мәтіннен қандай салт көрініс табады? Ол қандай салт?

  2. Мәтінде қазақтың ірі тұлғалары кездесе ме? Кездессе кімдер?

  3. Айғаным ханымның Байдалы биді қарсы алмау себебі неде деп ойлайсыңдар?

  4. Неге жоқтау айтқызбады?

Бейнеролик: Қазыбек бидің 14 жасында қалмақ еліне барған елшілік сапарынан үзінді.

  1. Бейнероликтен не көрдіңдер?/Дау шешіп тұр/

  2. Кім шешіп тұр? /Қазыбек би/

3. Би дегеніміз кім?

4. Неше жастағы баланы көріп тұрсың ? /Жігіт/, /14 жаста/

5. Қазақта бала кезінен төрелік айтқан, дау шешкен, елшілікке шыққан би - шешендер болған. Оларды білесіңдер ма? /Сырым, Тайкелтір,Қазыбек/

6. Қазір билер бар ма? / соттар/


- Олай болса, бүгінгі жаңа сабағымыз кім туралы екен?

- Қазыбек би мен Бұқар жырау

- Бұқар жырау кім? Жырау дегеніміз кім?

Мұғалім:

Жырау – дәрежесі ханмен тең, елдің ақылшысы, өз жанынан жыр шығаратын жыршы әрі би, әрі шешен.

Би – халықтың көкейіндегісін айтқан, ойын жарыққа шығарған әділет жаршысы. «Тура биде туған жоқ» деп қазақ атамыз бекер айтпаған...
Қаз дауысты Қазыбек Келдібекұлы (1667, Сыр бойы – 1764, қазіргі Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Теректі бұлағындағы қыстау, бұрынғы деректерде 1665-1765) – қазақ халқының XYII-XYIII ғасырлардағы үш ұлы биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Озық ойлы, әділ де көреген, батыл да батыр адам болған. Әділдігі мен алғырлығы үшін Тәуке хан Қазыбекті Орта жүздің бас биі еткен. Би Тәуке хан, кейін Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай ел билеген кезеңдерде де мемлекет басқару ісіне жиі араласып, ішкі-сыртқы саясатта хандарға ақыл-кеңестер беріп отырған. Хандықтың бірлігін сақтау мақсатында Тәуке ханның «Жеті жарғы» заңдар жинағын жасауға атсалысқан.
Бұқар жырау Қалқаманұлы (1693, бұрынғы Баянауыл, Далба тауы бойында – 1787, сонда) - әйгілі жырау. Абылай ханның ақылшы-биі, абыз. Жұрт оны «Көмекей әулие» деп атаған. Сөйлегенде үнемі қара сөзбен емес, көмекейі бүлкілдеп, түйдек-түйдек жырмен сөйлейтін болған. Көбіне Абылай ханның «сәуе айтшы» деген өтініш, тілегімен түсін болжап, онысы дәлме-дәл келіп отырған. Әкесі Қалқаман батыр болған. Бұқар жыраудың өзінен Ақдербіс, Жарылғап, Жанта есімді үш ұл тараған. Ол өзінің ұзақ ғұмырында талай-талай тарихи оқиғаларды басынан өткізген. «Ақтабан шұбырынды» заманында тәуелсіздік пен ел бірлігін сақтауда айрықша күш жұмсаған. Ол Абылай ханға үлкен үміт артып, оның ел басқарудағы саясаты мен жорықтарын қолдаған.

Мәтін:

  • Электронды оқулықтан тыңдаймыз.

  • «Қазыбек би мен Бұқар жырауды» жатқа оқып беремін.

  • 1-2 оқушыға мәнерлеп, нақышына келтіре оқытамын.

Бір күні ауырып жатқан Бұқар жырауға Қазыбек би көңілін сұрауға келеді.Сонда төсек тартып жатқан Бұқар жырау оған 1-ден 10-ға дейінгі сандардың мағынасын айтып берші- дейді.
Сонда Қазыбектің жауабы:
-Бір дегеніңіз-бірлігі кеткен ел жаман.
Екі дегеніңіз -егесіп өткен ер жаман.
Үш дегеніңіз-үш бұтақты шідерден шошынған ат жаман.
Төрт дегеніңіз - төскейге шыға алмаған кәрілік жаман.
Бес дегеніңіз - білікті адамнан белгілі азамат тумаған жаман.
Алты дегеніңіз - аймағын билей алмаған хан жаман.
Жеті дегеніңіз - жетем деген мақсатына жете алмаған жаман.
Сегіз дегеніңіз - серкесіз бастаған қой жаман.
Тоғыз дегеніңіз - толғаныңыз.
Он дегеніңіз-өткеніңіз,о дүниеге жеткеніңіз.


  • Сөздікпен жұмыс:

Егесіп – талас – тартыс, тайталас

Үш бұтақты шідер - аттың алдыңғы екі аяғына артқы бір аяғына салатын тұсау.
Төскейге – өрге, қырға

Серке – бес-алты жастағы теке

  • Толғаныс бөлімі.

1. Бұқар жырау «бірден онға дейінгі санның мағынасын» Қазыбектен неге сұрады?
2. Оның мағынасы қалай еді?
3. Қазыбек би шешен тілмен қайтіп жауап қатты?

- Балалар, қалай ойлайсыңдар? Осы шешендік сөздің балалар әдебиетімен ұқсастығы бар ма? (Санамаққа ұқсас.)
- Дұрыс-ақ. Ал, санамақ дегеніміз не? Қандай санамақтарды білесіңдер?
Санамақ – қазақ балалар фольклорындағы жанрлық түр. Сәбилерге сан үйрету, санаудың ретін танытуды көздейтін ойын өлеңі. Ол кейде ұйқасқа, кейде тек қана ырғаққа негізделе береді. Сандар жай ғана санамаланып келіп, соңғы, түйіндеуші жолдар ғана ұйқасады.
Бір дегенің – білеу,
Екі дегенің – егеу,
Үш дегенің – үскі,
Төрт дегенің – төсек,
Бес дегенің – бесік,
Алты дегенің – асық,
Жеті дегенің – желке,
Сегіз дегенің – серке,
Тоғыз дегенің – торқа,
Он дегенің – оймақ,
Он бір – қара жұмбақ.
Сабақты бекіту:

Оқушылардың ойлау қабілетін арттыру мақсатында осы біздің қазақ халқы сандарға байланысты нақыл сөздер, мақал-мәтелдер айтқан.Олай болса,

1-10 сандарға байланысты айтылған сөздерді бірігіп табайық. /Интерактивті тақтамен жұмыс/

Топтық жұмыс:

І топ:
Сенің ойыңша... / жаман жағы/

Бір дегеніңіз -
Екі дегеніңіз -
Үш дегеніңіз -
Төрт дегеніңіз -
Бес дегеніңіз -
Алты дегеніңіз -
Жеті дегеніңіз -
Сегіз дегеніңіз -
Тоғыз дегеніңіз -
Он дегеніңіз -

ІІ топ: Сенің ойыңша... / жақсы жағы/

Бір дегеніңіз -
Екі дегеніңіз -
Үш дегеніңіз -
Төрт дегеніңіз -
Бес дегеніңіз -
Алты дегеніңіз -
Жеті дегеніңіз -
Сегіз дегеніңіз -
Тоғыз дегеніңіз -
Он дегеніңіз -

ІІІ топ:

1Жеті рет өлшеп /бір рет кес/
2.Жігіттің екі сөйлегені /өлгені/
3.Үшінші байлық /ақ жаулық/
4.Төртеу түгел болса /төбедегі келеді/
5.Айдағаның бес ешкі /ысқырығың жер жарады/
6.Алтау ала болса /ауыздағы кетеді/
7.Жеті жұрттың тілін біл /жеті түрлі білім біл/
8. Сегіз қырлы /бір сырлы/
9.Білгенің бір тоғыз /білмегенің тоқсан тоғыз./
10.Бір тал кессең, /он тал ек/
Жеке жұмыс:

Қазыбек бидің жауабын өз ойларыңша таратып, ойтолғау түрінде жазу.

Сабақты қорытындылау:

Шешендік өнердің қиындығы туралы Бұқар жырау:
Көш бастау қиын емес,
Қонатын жерде, суы бар
Қол бастау қиын емес,
Шабатын жерде, жау бар.
Шаршы топта сөз бастау қиын,
Шешімін таппас дау бар..

Үйге тапсырма: «Сырым мен Малайсарының» шешендік сөздері.

Бағалау.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?азыбек би мен Б??ар жырау

Автор: Оразбай Т?р?анай Н?р?асым?ызы

Дата: 01.02.2016

Номер свидетельства: 286235

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(100) "" ?кем , анам ж?не мен - отбасымыз о?ырман" отбасылы? сайыс"
    ["seo_title"] => string(47) "kiemanamzhniemienotbasymyzokyrmanotbasylyksaiys"
    ["file_id"] => string(6) "314076"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1459605708"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) "«?кем,шешем ж?не мен –отбасымыз о?ырман» "
    ["seo_title"] => string(45) "kiem-shieshiem-zh-nie-mien-otbasymyz-ok-yrman"
    ["file_id"] => string(6) "167438"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1423076896"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) "Керей мен Ж?нібек. ?аза? ханды?ына 550 жыл"
    ["seo_title"] => string(41) "kierieimienzhnibiekkazakkhandygyna550zhyl"
    ["file_id"] => string(6) "330647"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1464344101"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(73) "Саба? жоспары:" ?азыбек би мен Б??ар жырау""
    ["seo_title"] => string(38) "sabakzhosparykazybiekbimienbukarzhyrau"
    ["file_id"] => string(6) "270653"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1451227146"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "XVIII ?асырларда?ы ?аза? ?дебиеті "
    ["seo_title"] => string(37) "xviii-g-asyrlardag-y-k-azak-diebiieti"
    ["file_id"] => string(6) "244594"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1445962243"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства