Оң қолымда бес саусақ, Сол қолымда бес саусақ. Оларды атап шақырар, Әрқайсысының аты бар. Бас бармақ, Балаң үйрек, Ортан терек, Шылдыр шүмек, Кішкене бөбек.
-Балалар мен сендерге қазир жұмбақ жасырамын қане жауабын тауып көріңдерші.
Сұрғылт тартқан түсі бар,
Ақсиған көп тісі бар.
(Қасқыр)
Тастан-тасқа секіреді,
Қалқиып қос құлағы
Ойын болып көкірегі
Аула оның тұрағы.
(Лақ)
Ендеше балалар бүгін біз «Жеті лақ және қасқыр» ертегісімен танысамыз.
Балаларды орталықтарға бөлу.
Шеңбер бойымен тұрып, өлең жолдарын айтып, саусақ жаттығуларын жасайды. Жұмбақты шешеді.
-Қасқыр
-Лақ
Ұйымдастыру ізденіс.
Балалар, ендеше қазір біз сендерге сыиқыршы атайдың ертегісін тамашалайық.
Слайд арқылы ертегіні дауыс ырғағына клтіріп айту.
Сұрақ-жауап:
-Балалар, орманның шетіндегі әдемі үйде нелер тұрыпты?
-Ешкі лақтарына сүт , жем әкелу үшін қайда кетті?
-Ешкі кеткен соң лақтардың үйіне не келді?
-Дұрыс айтасыңдар қасқыр келді.
-Лақтар қасқырға есікті ашты ма?
-Ал балалар үйде жалғыз болғанда бөтен адамға есікті ашуға бола ма?
-Қасқыр барлық лақтарды алып кетті ме?
-Ешкі неден көмек сұрады?
-Аю ешкіге көмектесті ме?
-Қасқыр лақтарды ешкі ге қайтарып берді ме?
-Міне көрдіңдерме балалар есікті танымайтын адамдарға ашауға болмайды екен.
-Жақсы балалар енде барлығымыз бір сергіп алайық.
Сергіту сәті интер-тақтадан көрсету.
-Балалар ендеше қазір кімге қандай кейіпкер ұнады сол кейіпкердің масқасын алып осы ертегіні сахналайық.
-Балалар өте жақсы сахналадыңдар енді сиқыршы атаның сендерге арнаған ойыны бар екен ойнаймыз ба?
-Ендеше әркім өз кеуделеріңде жапсырылған дөңгелектер бойынша орнымызды тауып сиқыршы атаның біге дайындаған ойынын ойнап көрейік.
1. Жануарларды сипатта
2. Төлдерін тап
3. Не артық?
Слайд арқылы ертегіні тамашалап, тәрбиешінің сұрақтарына жауап береді.
Үйде жалғыз қалғанда басқа адамдарға есікті ашпау керектігін түсінді.
Сергіту сәтін орындады
Өздеріне ұнаған ертегі кейіпкерлерінің масқаларын алып, ертегіні сахналады.
Дөңгелек белгілері бойынша орындарын тауып ойын ойнады.
Рефлекция
Схема бойынша ертегіні айту.
-Балалар, енді біздің жарты топты не мүсіндегенін барып тамашап, бағамызды берейік.
-Енді балалар бүгін барлығың сабаққа белсене қатыстыңдар
-Енді, балалар мына фланеграфтағы ілініп тұрған не?
-Дұрыс айтасыңдар. Енді мына менің қолымдағы смайликтерді алып сендерге қай кейіпкер ұнаса сол кейіпкердің жанына смайликтерімізді жапсырайық.
Қонақтармен қоштасу.
Схема бойынша ертегіні тағы бір рет естеріне түсірді.
Екінші жарты топты мүсіндеген жұмыстарын тамашалап баға берді.
Фланеграфтардағы ешкі мен қасқырдың өздеріне ұнағанына смайликтерді жапсырды.
Қонақтармен қоштасты.
Күтілетін нәтиже:
Біледі:
- «Жеті лақ пен қасқыр» ертегісінің мазмұны мен ертегі кейіпкерлерін