| Оқушылармен амандасу; Сыныпты түгендеу; Кезекші қызметін қадағалау; Оқушылардың назарын сабаққа аудару; Шаттық шеңберін құру; (Абай Құнанбаев мәтін – үй жұмысы) Топтарына отырғызып,сабақтың қалай бағаланатының айтып өту.Үй тапсырмасын «Джокер» әдісімен қайталату, «Бинго» әдісімен бекіту. | Мұғаліммен сәлемдесу; Кезекшілік қызметін атқару; Сабаққа зер салу; Шаттық шеңберіне тұрып жаңа жылдық тілек айту; «Джокер» әдісі бойынша 1:24сек. сайын топ мүшелері алмасып,үй тапсырмасын қайталап шығады.Топ ішінен 1 оқушы толықтай мазмұндап береді. «Бинго» әдісі бойынша топ мүшелері өз білімдерін көрсетеді. |
| Ой қозғау. «Қыс» тақырыбына байланысты сурет көрсетіледі. Қай мезгіл бейнеленген? «Қыс» деген сөзді айтқанда қандай сөздер ойларына келеді? «Қыс» тақырыбы бойынша постер қорғату. | Суретке қарап,сұрақтарға жауап береді. - Қыс. - Аяз,боран,суық,жаңа жыл т.б Берілген тақырып бойынша постер қорғайды. |
| Ендеше ,балалар,сабағымыздың тақырыбы Абай Құнанбаевтың табиғат тақырыбына жазылған «Қыс» өлеңі. 1.Кітаппен жұмыс. А)Ақынның «Қыс» өлеңін мәнерлеп оқып беру. Ә)Орысша нұсқасын оқыту. Өлеңді талдау. Б)Топтарға тапсырма беру. І топ «Абай» 1.Қыс – сөзі қандай сұраққа жауап береді? 2.Ақын қысты кімге теңейді? ІІ топ «Қыс» 1.Өлеңде қысты қалай бейнелейді? 2. «Үсті басы ақ қырау,түсі суық» деген жолда жылдың қай мезгілі суреттелген? В)Ортақ тапсырма. Өлеңнен сын есімдерді табайықшы? Г)Интерактивті тақтада жазылған сөйлемдер: Жерде ақ қар жатыр (түр –түсін) Бүгін күн суық (сапасын) Мен дәмді тамақ іштім (дәмін) Сын есім дегеніміз не? Сұрақтары: ... ? ... ? Д)Сергіту сәті. Қасыңдағы жолдасыңның атына сын есім қосып ,көңілімізді көтерейік. Е) «Қызықты грамматика» «Қ» әрпінен басталатын қыс мезгілінде айтылатын сөздерді тапқызу. Ж) Топ атауларына байланысты. « 5 жол өлең» құрап жазады. Зат есім Сын есім Етістік Сөз тіркесі Сөйлем | Сабақтың тақырыбын дәптерлеріне жазады. Оқушылар оқулықпен жұмыстанады. Орысша нұсқасын оқиды. Не? Зат есім. Адамға,ақ сақалды атаға. Ақ киімді,денелі, ақ сақалды. Қыс мезгілі. Ақ киімді,денелі, ақ сақалды,соқыр,мылқау. Берілген сөйлемдер арқылы,ереже шығарады. Сағи көңілді, Алена сүйкімді,Катя жылдам, Катя ұялшақ т.б. Оқушылар тақтаға «қ» әрпінен басталатын сөздерді айтады,дәптерлеріне жазады. (қаңтар,қыс,қар,қатты,қалың,құлақ- шын,қолғап,қарлы,қырау) Абай Ұлы Жазды Өлең жазды Ұлы Абай қыс туралы өлең жазды. |