Просмотр содержимого документа
«Қазақ тілінен ашық сабақ»
Сабақтың тақырыбы: Күз мезгілі.
Мақсаты. Білімділік. Модуль бойынша алған білімдерін, сөз қорларын меңгерту. Дамытушылық. Оқушылардың білімдерін тереңдету, сөз қорларын байыту, ауызекі тілде сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, берілген сұрақтарды түсініп, өз ойларын дұрыс жеткізе білуге жаттықтыру.
Тәрбиелік. Табиғаттың күз мезгілін сүйе білуге, қоршаған ортаны сақтауға, әсемдікке баулу, оқып-үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру.
2.Өткенді қайталау. Сөздер. Фонетикалық талдау жасау. Айлары, жеміс, жаңбыр.
3. Жаңа тақырып. Күз мезгілі.1-слайд
-Мәтінмен жұмыс. Мәнерлеп оқу, аудару. 2-слайд
Күз –тамаша уақыт. Күз айлары: қыркүйек, қазан, қараша. Күндер қысқарады, түндер ұзарады. Күзде ауа райы салқын болады. Жиі-жиі жаңбыр жауады. Жапырақтар сарғаяды, жерге түседі. Гүлдер солады. Адамдар жылы киінеді. Құстар жылы жаққа ұшады. Бақта жемістер мен көкөністер піседі. Күз мезгілі маған ұнайды.
-Грамматикалық тапсырма. Мәтіндегі зат есімдерді сөз құрамына талдаңдар.3-слайд
-Бұл қай кезде болады?Құстар жылы жаққа ұшады.Жаңбыр жиі жауады.Ағаштардың жапырақтары сарғаяды, жерге түседі.Күзде. 5- слайд
-Сурет бойынша мәтін құрастырыңдар.6-слайдтар
-Аударма. Мәтінді қазақ тіліне аударыңдар.7-слайд
Осенью.
Наступила осень. Пожелтели листья, завяли цветы. Часто идут дожди. Надо быстро убрать богатый урожай. Люди трудятся, не жалея сил. В садах и огородах собирают фрукты, овощи. Дети помогают родителям собирать урожай.
4.Қорытындылау 8-слайд
-Тестілеу.
1. Қазір жылдың қай мезгілі?
А. Көктем
В. Жаз
С. Күз
Д. Қыс
2. Күз айларын көрсетіңіз.
А. Наурыз, сәуір, мамыр
В. Қыркүйек , қазан, қараша
С. Маусым, шілде, тамыз
Д. Желтоқсан, қаңтар, ақпан
3. Күзде ауа райы қандай болады?
А. Ыстық
В. Жылы
С. Салқын
Д. Суық
4. Қазір қай ай?
А. Қазан
В. Қараша
С. Желтоқсан
Д. Қыркүйек
5. Бұл қай кезде болады? Құстар жылы жаққа ұшады.
А. Көктемде
В. Жазда
С. Күзде
Д. Қыста
6. Бұл қай кезде болады? Ағаштың жапырақтары сарғаяды, жерге түседі.
А. Көктемде
В. Жазда
С. Күзде
Д. Қыста
7. «Күзде» сөзінде неше буын, түрлерін ата.
А. 1 буын, бітеу
В. 2 буын, бітеу, ашық
С. 3 буын, ашық, бітеу, тұйық
Д. 2 буын, бітеу, тұйық
8. «Ү» қандай дыбыс?
А. Дауысты, жіңішке
В. Дауыссыз, үнді
С. Дауысты, жуан
Д. Дауыссыз, ұяң
9. «Д» қандай дыбыс?
А. Дауысты, жіңішке
В. Дауыссыз, үнді
С. Дауысты, жуан
Д. Дауыссыз, ұяң
10. «Күзде» сөзінде неше әріп, неше дыбыс бар?
А. 2 әріп, 3 дыбыс
В. 3 әріп, 4 дыбыс
С. 4әріп, 5 дыбыс
Д. 5 әріп, 5 дыбыс
1.С2.В3.С4.В5.С6.С7.В8.А9.Д10.Д9- слайд
5. Үй тапсырмасы. Шығарма жазуға дайындалу.6.Бағалау.7. Қоштасу.Сау болыңыздар.