Қазақ тілінен ашық сабақтың технологиялық картасы. тақырыбы "Көктем"
Просмотр содержимого документа
«Қазақ тілінен ашық сабақтың технологиялық картасы "Көктем"»
Технологиялық карта
Күні:
Тобы:ІІ- сәбилер тобы
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Оқу қызметінің түрі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Көктем.
Мақсаты:
1.Жыл мезгілі көқтем туралы түсінік беру.Көктем,жылы,жаңбыр,ағаш,қолшатыр сөздерін үйрету.
2.Жаңа үйренген сөздерді пайдаланып,сөйлемдер құрату арқылы ауызекі сөйлеулерін дамыту.
3.Көктемгі еңбектің пайдасын түсіндіру арқылы еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Көктем мезгілі туралы суреттер,суретті сөздіктер.
Қажетті құрал- жабдықтар: үлестірмелі материалдар.
Алдын ала орындалатын жұмыстар:балалармен мақсатты серуен ұйымдастыру,әңгімелесу.
Сөздік жұмысы:
Билингвальді компонент: көктем-весна,жылы-тепло,жаңбыр-дождь,құс-птица,ағаш-дерево,қолшатыр зонтик.
Оқу қызметінің кезеңдері | Педагогтің әрекеті | Балардың іс-әрекеті |
Мотивациялық - қозғаушылық | -Сәлеметсіздер ме! 1. «Сұрақ-жауап» дидактикалық ойыны. Өткен тақырыпты естеріне түсіру. -Дастарқанға не қойдық? Өткен оқу іс-әрекетінде жаттаған батаны қайталаттырамын. Дастарқаннан дәм кетпесін, Көңіліңнен сән кетпесін. | -Сәлеметсіз бе! -Нан. -Сүт. -Май. Ақ батаны бірге қосылып және 2-3 бала жеке-жеке атайды. |
Ұйымдастырушылық - ізденістік | 2. «Дәмді ойын» дидактикалық ойыны. Өткен тақырыпты қайталау. -Не дәмді? 3.Тақтадағы суреттермен әнгіме құрастыру. «Суреттер сөйлейді»дидактикалық ойыны.Шарты:сурет бойынша төмендегі үлгіде 2-3 сөзден тұратын бірнеше сөйлем құрастырады. Көктем мезгілі.Құстар ұшып келді.Жаңбыр жауады. Балалар қолшатыр ұстап жүр. 4.Сергіту сәттін өткізу. Коктем,көктем көңілді. Ағаш ектік бақшаға. Құстар келіп қонады, Дала жылы болады. 5. Дыбыстық жаттығулар: КӨ-КӨ-КӨ-КӨКТЕМ. ҚО-ҚО-ҚО-ҚОЛШАТЫР. ҚҰ-ҚҰ-ҚҰ-ҚҰС. | -Нан дәмді. -Сүт дәмді. -Май дәмді. -Көктем . -Құс. -Жаңбыр. -Қолшатыр. Сөйлемдегі кейбір сөздерді жеке-жеке және бірге қайталау. Өлең жолдарын бірге қайталап,қисылдарды жасайды. Балалар буындар мен сөзддерді бірге қосылып және жеке-жеке бірнеше рет қайталйды. |
Рефлекциялық түзетушілік. | Бұл жұмыс балалардың сөздік қорларын толықтырып,есте сақтау қабілеттерін дамыту мақсатында жүргізіледі. Суреттегі сөздерді атау,байланыстырып сөз құрау. Жапсырма суреттердің орнын тапқызу,және оларды ретімен жапсыртқызу. | -Бала. -Ағаш. -Балалар ағаш екті. Балалар құсты ағашқа,қолшатырды қыздың қолына ортаға орналастырады,яғни жапсырады. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі:көктем,жылы,ағаш ,жаңбыр, қолшатыр сөздерін және қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айта біледі.
Игереді:ұжым болып,бірлесіп жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырады.
Меңгереді:көктем мезгілінің ерекшелігін біліп ,соларды 2-3 сөзден тұратын сөйлемдермен айту.