kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мені? Отаным. Т?уелдік жал?ау (5-сынып ?аза? тілінен ашы? саба?)

Нажмите, чтобы узнать подробности

№83 «А.Байт?рсынов» атында?ы жалпы орта мектебіні?

?аза? тілі мен ?дебиеті п?ніні? м??алімі
Арыстанова Айннур Сандыбаевна

Мені? Отаным. Т?уелдік жал?ау (5-сынып ?аза? тілінен ашы? саба?)


Саба?ты? ма?саты:
1. О?ушылар?а ?аза?стан ж?нінде, оны? байлы?ы
ж?нінде, т?уелсіздігіміз ж?нінде м?лімет беру, ма?ынасын ай?ындау, т?уелдік жал?ауды ме?герту.
2. О?ушыларды? ой - ?рісін ке?ейту, танымды? де?гейін к?теру, с?здік ?орын дамыту.
3. О?ушыларды ?лтты? ?асиеттерге т?рбиелеу, ?з жерін, елін, Отанын, хал?ын, ту?ан хал?ыны? тілі мен салт-д?ст?рін, ?астерлейтін саналы да парасатты азамат етіп т?рбиелеу.
 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мені? Отаным. Т?уелдік жал?ау (5-сынып ?аза? тілінен ашы? саба?)»

83 «А.Байтұрсынов» атындағы жалпы орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Арыстанова Айннур Сандыбаевна

Менің Отаным. Тәуелдік жалғау (5-сынып қазақ тілінен ашық сабақ)


Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға Қазақстан жөнінде, оның байлығы
жөнінде, тәуелсіздігіміз жөнінде мәлімет беру, мағынасын айқындау, тәуелдік жалғауды меңгерту.
2. Оқушылардың ой - өрісін кеңейту, танымдық деңгейін көтеру, сөздік қорын дамыту.
3. Оқушыларды ұлттық қасиеттерге тәрбиелеу, өз жерін, елін, Отанын, халқын, туған халқының тілі мен салт-дәстүрін, қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді игерту
Сабақтың әдісі: сұрақ –жауап, топтастыру, Интерактивті әдіс, СТО элементтері,іздену, ой қозғау
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, кестелер
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, тарих

Сабақ барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі
1) Сынып оқушыларымен амандасу.
2) Сынып оқушыларын түгендеу.
3) «Шаттық шеңберін» құру, психологиялық тренинг (жақсы тілектер айту).
4) Үш топқа бөліп отырғызу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау, қорытындылау
1.Қазақстан туралы мәлімет жинап келу.
2.Оқушылар тест сұрақтарына жауап береді.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. -Балалар, мен сендерге өлең оқимын, ал сендер не туралы айтылғандығы жөнінде тыңдап отырыңдар.
Мен оның күнін сүйем, түнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем,-деп М.Мақатаев ағамыз айтқандай өлең не туралы? (Отан)
-Отан туралы мақал білесіңдер ме?(Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас.)
-Қазақ елінің отаны қалай аталады? (Қазақстан)
Әр топ өздері дайындап келген мәліметтерін баяндайды. Оқушылар дайындап келген мәліметтерін слайд көрсету арқылы айтып береді

І топ: Қазақстанның даму тарихы мен рәмізі туралы мәлімет жинау
1989жылы Қазақ тілі өзінің мемлекеттік мәртебесін алды
1991 жылы Қазақстан тәуелсіз мемлекет болды
1992 жылы Қазақстан Республикасының рәміздері қабылданды
1995 жылы Ата Заң қабылданды
1997 Жылы Қазақстанның астанасы Ақмола болды
1998 жылы Ақмола Астана болып өзгертілді

ІІ топ: Қазақстан өңірі мен жер байлығын зерттеу
«Қай өңірде не өндіріледі?»
Атырауда- мұнай
Таразда-қызылша
Оралда –газ өндіреді
Қызылордада- күріш өсіреді
Павлодарда- трактор шығарады
Шымкентте- мақта, қызылша өсіреді
Қарағандыда- көмір, мыс, күміс шығады

ІІІ топ: Қазақстанның мәдениеті, ұлттық құрамы туралы мәлімет жинақтау. Қазақстанда 131 –ден астам ұлт пен ұлыстар тұрады.Республика халқының жалпы санында қазақтар- 58,9%, орыстар-25,9%, басқа этностар-15,2%.

2. Дорбадағы жаңа сөздер
Қуатты-сильный, мощный
Ерікті-имеет право
Қалаған еңбек-любимое дело
Еркін-вольно

3. Б.Ысқақовтың «Отан» өлеңін оқушыларға мәнерлеп оқыту.
Отан сөзін топтастыра отырып тәуелдік жалғауды түсіндіру.

ІҮ.Қорытынды бөлім. Сабақты бекіту

1. 4-тапсырма. Сөз тіркестеріндегі көп нүктенің орнына тиісті тәуелдік жалғауын қойып жазыңдар.
Менің Отан...., оның жолдас..., сенің міндет..., оның үй..., менің білім..., оның қала..., сенің ауыл... .
2. «Шеңбер» ойны. Оқушылар шеңберге жасап, бір-біріне доп лақтырып жаңа тақырып аясында сұрақ қояды. Допты қағып алған бала сұраққа жауап береді.
Ү.Сабақтың қорытындысы

“Қазақстан болашақта..” ойды әр топ толықтырып, болашақ Қазақстанды суреттейді.
ҮІ.Үй тапсырмасын беру
2-тапсырма. 73 бет
«Отан» өлеңін жаттап келу

ҮІІ. Оқушылардың жұмысын бағалау


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Мені? Отаным. Т?уелдік жал?ау (5-сынып ?аза? тілінен ашы? саба?)

Автор: Арыстанова Айнур Сандыбаевна

Дата: 09.03.2016

Номер свидетельства: 303559


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства