(Американдық психолог, ғалым Б.С.Блумның таксономиялық жүйесін пайдалана отырып түсіндіру.)
І. Білу.
• Қашаған кім, оның қандай өлеңдерін білесіңдер?
• Өлеңді оқу.
• Сөздік жұмысы.
ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі халық арасында жырлары кең тараған суырыпсалма дүлділ ақын. Қашаған Күржіманұлы 1841жылы Түрікмен ССР-ы Ташауыз қаласының маңындағы қазақ ауылында дүниеге келген.
Шежірелік түзілім бойынша таратсақ: Адай- Құдайке- Қосай- Бәли- Есберді- Алдаберді- Түбай(Түбек)- Оразбай- Шанықұл- Дүйсенбай- Күржіман, Адай атамыздың он бірінші ұрпағы.
1. (Домбыра туралы ой толғау)Домбыра- қағып, шертіп ойнайтын ішекті ұлттық музыкалық аспап.
2.Келіннің әдепсіздігін жерлеу (оқушы Кете аулы,халықтың қонақ күту дәстүрі туралы өз пікірін айтады).
3.Ақынның сұпыға тиісуі (Жатқа оқу)
4.Сұпының домбыраға тіл тигізуі.
5.Қашағанның сұпыға айтқан сөзі:
Домбыраны арашалау
Қолымдағы қу ағаш,
Сайрап жатыр бұл ағаш.
6.Осы жерде бұл шығарманың тек адамгершілікті,имандылықты уағыздайтын ғана емес,бүкіл дүние жүзінің дүйім поэзиясынан кәдімгі ағашты осыншама қадір тұтып,мақтауын жеткізген,асыра жырлаған құнды туынды екенін айту.
Бүгінгі сабақтағы негізгі мақсат-шығарма мазмұнымен тек танысып қана қоймай,оқушыларға жеке-жеке ағаштың қасиеттері жөнінде тапсырмалар беріп,мысал-көрнекіліктері арқылы дәлелдету.
Сұрақтар: Оқушылар, өлең бойынша ағаштың алуан түрлі пайдасытуралы не айтасыздар?
1.Аруақты ерлердің
Қолындағы қу ағаш.
(Ту,жалау,байрақтың үлгісін көрсетіп,сабы ағаштан екендігін айту)
(Жалғыз жаяу жолға шыққан адам сақтану,қорғану үшін ағаш паналайды)
4.Бұтақтары бүгіліп,
Көктен төмен үңіліп,
Қарның ашып келгенде,
Жүрегіңді жалғауға
Нәсіп болған бұл ағаш
(Ағашқа өсетін алуан түрлі жеміс-жидектің адамға тигізетін зор пайдасы)
5.Пайғамбарлар туғанда
Бесік болған бұл ағаш
(Қазақтың ұлттық бұйымы бесіктің жас нәрестенің тазалығына,денсаулығына,тыныштығына,жинақылығына,ұйқысына өте қажет екендігі)
6. Ибраһим Қағба салғанда
Есік болған бұл ағаш
(Ибрахим пайғамбар Меккедегі мұсылмандардың ғибадат ету орнын салғанда, жалпы адам баласы баспанасына есікті ағаш жасайтыны туралы)
7. Мұнаралы әр жерде
Мешіт болған бұл ағаш
(Ағаштан салынған мешітке Қарқаралыдағы Құнанбай салдырған мешітті айту)
8. Шеберлердің қолында
Кәсіп болған бұл ағаш
(Қолөнер шеберлерінің ағаштан алуан түрлі әсем бұйымдар жасайтыны туралы)
9. Дариядан өткенде
Пырақ болған бұл ағаш
(Су көліктері: кеме, қайық, сал сияқты бұйымдардың ағаштан жасалғандығы)
10. Домбыраны күнә десеңіз
Жиын менен тойдікі
(Домбыраның ішегін, тиегін, құлағын мақтау)
IV.Талдау.
• Өлеңдегі нақыл сөздерді пайдаланып, қазақ халқының қонақ жайлылығы туралы әңгімеле.
1. Өлеңдегі Есқали сұпының бейнесін талда (Мінездеме жазу)
2. Қашағанның ішкі жан дүниесінің күйзеліске түсуін өлең жолдарын пайдалана отырып дәлелде.
Оқушылар жауаптарын толықтырып бүкіл дүние жүзінің дүйім
поэзиясында кәдімгі ағашты осыншама қадір тұтып, мақтауын жеткізген,
асыра жырлаған Қашағаннан өзге ақын болмаған. Жаратылыстың адамзатқа
деген жақсылығын ағашты сипаттау арқылы осыншама ұтымды суреттеп беру ақынның өте білімділігін көрсетеді.
Сұрақтар: Оқушылар, өлең бойынша ағаштың алуан түрлі пайдасы туралы өздеріңіз айтып шықтыңыздар. Сол талдаудың қай жерлерінде тірі ағаш сипатталады?
Жауабы: Жаның сая табатын,
Орман болған бұл ағаш.
Қорыққанда жалғызға,
Қорған болған бұл ағаш.
Бұтақтары бүгіліп,
Көктен төмен үңіліп,
Қарның ашып келгенде
Жүрегіңді жалғауға
Нәсіп болған бұл ағаш.
Сұрақ: «Ағаштар ғаламы – тазалық ғаламы» деген жолдарға түсінік
беріңіз.
Жауабы: Ағаш дегеніміз – Жаратушы иеміздің ғаламды тазартып тұру
үшін жаратқан ерекше бір қуат күші.
Оқушылар, көне дәуір философиясы ағашты адаммен егіз бауыр деп
танығандығын білеміз. Олар адамның сыртқы тұлғасын да ағашқа
ұқсатады.Қолыңды екі жаққа жайып жібергенде өзіңді бәйтеректей сезінетінің бар. Аяқ астынан ерекше бір қуаныш билегенде, адам өзі байқамастан қолын көкке көтере шаттанады екен.
Сұрақ: Төменгі сыныптарда ағаштың қасиетіне, киесіне байланысты
айтылатын шығарма болды ма? Қандай?
Ш.Мұртаза. «Қызыл Жебе»
Рысқұлов қарағай төсекке етпетінен түсіп, төсекті алақанымен сипалап,
осылай күбірледі: - Ей, қасиетті қарағай! Адамдар сенен салтанатты сарай да
салады, адамды қамайтын абақты да салады.Адамдар сенен нәрестеге арнап
бесік те соғады, өлікке арнап табыт та соғады. Ас ішетін қасық та, адам
өлтіретін найзаның сабы да жасалады. Жақсылығың мен жамандығың – егіз.
Жамандыққа сенің жазығың жоқ. Адамдар ойлап тапқан. Енді менің тұтқындық төсегім болдың. Табытым болар ма екенсің?
ІІІ. Мәтінмен жұмыс. Хрестоматиядан Осы жырдың 64-65 беттерінен үзінді оқыту.
ІҮ. Қорытынды: • «Әке көрген- оқ жонар, ана көрген- тон пішер» деген мақалды Есқали сұпының келіні мен баласына байланысты айтуға бола ма?
• Ақынның адам бойындағы жағымсыз қасиеттерді (сараңдық, дүниеқоңыздық) сынауына қандай ой қосар едің?
• Біздің елде сіздердей жас келіндер,
Сөйлемейтін еді ғой басын бұғып,
Оң жақта отырушы еді ісін алып,
Қонаққа тұрушы еді төсек салып,- деген өлең жолдарын пайдалана отырып, қазақ келіндері туралы ой қозға.
Қашаған ақынның «Есқали сұпыға айтқаны» жыры – түркі
әлемінің ағаштану іліміне қосқан зор үлесі.
Бүкіл дүние жүзінің дүйім поэзиясында кәдімгі ағашты осыншама қадір тұтып, мақтауын жеткізген,асыра жырлаған Қашағаннан өзге ақын болмаған. Жаратылыстың адамзатқа деген жақсылығын ағашты сипаттау арқылы осыншама ұтымды суреттеп беру ақынның өте білімділігін көрсетеді.
Қашаған ақынның аты да, заты да мәңгі жасай беретіні , мұраларын ХХІ ғасыр оқырмандары да оқып отырғаны, оқушылардың міндеті қазақ әдебиеті мұраларымен, соның ішінде жергілікті материалдармен кеңінен танысу,оқып-үйрену , насихаттау екендігін айту.