Просмотр содержимого документа
«Қазақ тілінен қысқа мерзімді сабақ»
Сабақтың тақырыбы: «Ғалымның еңбектері » • Білімділік: Қазақстанның ғалымдары туралы білімдерін кеңейту, алған мәліметті қолдануға үйрену. • Дамытушылық: тақырып бойынша түсініп тыңдау, байланыстырып сөйлеу, баяндау машықтарын дамыту. Тәрбиелік: қазақ халқының белгілі тұлғаларын білуге тәрбиелеу. Сабақтың көрнекіліктері: интерактивті тақта, сызба, кесте. Сабақтың типі: жаңа сабақ. Сабақтың әдісі: ЖИГСО, ақпараттық - коммуникативтік. Сабақтың барысы. І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу - түсінік ағашында қандай сөзді көріп тұрсыңдар? - яғни, бүгін сабақта біз ғалымдар туралы әңгімелейміз, нақты айтқанда сабақтың тақырыбы «Қазақстанның ғалымдары». Бүгінгі тақырыбымыз «Қазақстанның ғалымдары» ІІ. Тыңдалым. Мәтінді 2 рет тыңдау, естіген мәліметтерді қолданып, түсінік ағашын толтыру. Адамзатты өркениетке жеткізетін нәрсе - ғылым. Ғылымды дамытатындар - ғалымдар. Ғалымдар - өз елін, жерін, туған халқын сүйген ойшыл, данышпан адамдар. Олар жазған ғылыми еңбектер, жаңалықтар қашан да халқына, Отанына қызмет етеді. Қазақ халқында ерте заманнан осы уақытқа дейін қаншама ғұлама ғалымдар өзінің күш - қайратын, ақыл - ойын ғылымға арнаған. ІІІ. Операциялық - танымдық кезең: - сыныпты 3 топқа бөліп төрт - төрттен отырғызамын, топтағы оқушыларды ЖИГСО әдісі бойынша нөмірлеп, нөмірі бойынша 4 жұмыс топтарын қалыптастырамын; - № 1 - 3 нөмірлі топтарға белгілі бір мәтін беру; -№4 топты сарапшылар ету; 1. Оқылым. - оқушылар мәтінді оқиды, мәтіннен негізгі мәліметтерді іріктейді. 1. Әлкей Марғұлан 2. Ермұхан Бекмаханов 3. Шапық Шокин 2. Жазылым - мәтін бойынша кестені толтырады. ...................................
Әлкей Марғұлан (1907 - 1985) …Әлкей Марғұлан Абылай ханның ту ұстаушысы Олжабай батырдың шөбересі. Оның әкесі Хакан мен анасы Нұрилә өз уақытының көзі ашық адамдары болған. Әлкей ауыл мектебінде, одан кейін үш жылдық орыс мектебінде оқыған. 1919 жылы мұғалімдер курсына оқуға түскен ол бір жыл оқып, туған ауылында мұғалім болып жұмыс істей бастайды. 1920 жылы танымал фольклоршы Ә. Диваев қазақ кеңес фольклорын зерттеу мақсатында Жетісуға және Сырдария өзеніне ғылыми экспедиция ұйымдастырады. Сол экспедицияның құрамында Әлкей де болады. 1921 жылы Семей педагогикалық техникумына оқуға түседі. Кейін үш жоғарғы оқу орнында, атап айтқанда, Шығыстану институтында, Материалдық мәдениет институтында (кейіннен Археология институты деп аталған) және Өнертану институтында қатар оқыған. Еліміздің аса көрнекті ғалымы және КСРО География қоғамының толық мүшесі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор Әлкей Хақанұлы Марғұлан - Қазақстан ғылымының тарих, әдебиет, өнер, археология, этнография, география, сәулет өнері салаларында қажырлылықпен еңбек етіп, өзіндік із қалдырған үлкен ғалым. ІV. Білімді бекіту, тексеру - сарапшылар құрастырған сұрақтар бойынша тест өткіземін. - дұрыс жауап тақтаға беріліп, оқушылар өз жұмыстарын тексеріп шығады. V. Сөйлесім. Алған білімдерін қолданып, топта диалог құрастырады (жағдаят туғызу) VІ. Сабақтың қорытындысы. • Сабақтан қандай білім алдыңдар? Үйге тапсырма: Ғалымдардың еңбектері туралы баяндама дайындау