kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?аза?ым мені?

Нажмите, чтобы узнать подробности

5 класс  ?дебиет

Саба?ты? та?ырыбы:   

К.АХМЕТОВА «?АЗА?ЫМ МЕНІ?»

Бегимова Раби?а На?ашибаевна

Н.Бай?анин атында?ы мектеп-балаба?шасы

?аза? тілі мен ?дебиеті п?ніні? м??алімі

Саба?ты? т?рі

Саба?та?ы ?дістер:

Саба?ты? к?рнекілігі:

Саба?ты? ма?саты:

 - о?ушыларды? шы?арманы т?сініп о?у?а, ?дебиет теориясынан білімдерін толы?тыру?а;

- м?нерлеп о?у да?дыларын жетілдіруге;

- ?лтын ?адірлей білуге, елжандылы?а т?рбиелеу

Саба?ты? барысы: І. ?йымдастыру б?лімі

Жа?а саба?: ??рман?азыны? «Сарыар?а» к?йі баяу  орындалып т?рады.

Интерактивті та?тада?ы саба?ты? эпиграфы Б.Момыш?лыны? ?ла?атты с?зі о?ылады.

?рбір азамат ?з ?лтын с?юі ж?не

?з ?лтына деген ма?таныш сезімі болуы тиіс.

                                         Б.Момыш?лы

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?аза?ым мені?»



5 класс Әдебиет

Сабақтың тақырыбы:

К.АХМЕТОВА «ҚАЗАҒЫМ МЕНІҢ»

Бегимова Рабиға Нағашибаевна

Н.Байғанин атындағы мектеп-балабақшасы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Сабақтың түрі

Сабақтағы әдістер:

Сабақтың көрнекілігі:

Сабақтың мақсаты:

- оқушылардың шығарманы түсініп оқуға, әдебиет теориясынан білімдерін толықтыруға;

- мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіруге;

- ұлтын қадірлей білуге, елжандылықа тәрбиелеу

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі

Жаңа сабақ: Құрманғазының «Сарыарқа» күйі баяу орындалып тұрады.

Интерактивті тақтадағы сабақтың эпиграфы Б.Момышұлының ұлағатты сөзі оқылады.

Әрбір азамат өз ұлтын сүюі және

өз ұлтына деген мақтаныш сезімі болуы тиіс...

Б.Момышұлы

«Қызығушылықты ояту» мақсатында оқушыларға «қазақ халқы – қандай халық», - деген сұрақ беріледі.

Қайсар

А

З халық

А

Қ онақжай

Мұғалім. Біздің халқымыздан өзге халықтардан айырмашылығын танытатын айрықша белгілері қандай?





Айрықша белгілері

____________________________________________________________________________



Рәміздері ана тілі ұлттық киімі ұлттық әдет-ғұрпы ұлттық тағамдары ұлттық

салт-дәстүрі аспаптары


Тақтада ҚР-ның Рәміздері, Елбасы портреті

Мұғалім: Оқушылар, біз егеменді ел болдық, басқа елдермен тереземіз тең. Біздің алыс-жақын шетелдерге шығып, түрлі пәндік олимпиадалар, ғылыми-практикалық конференцияларға, өнер, спорт сайыстарына қатысуымызға немесе саяхатқа шығып қайтуымызға бүгінгі таңда толық мүмкіндіктеріңіз бар.

Сұрақ. Сіздерге соңдай мүмкіндіктер туса, шетелдіктерге нені, кімдерді мақтанышпен айтқан болар едіңдер?

Ендеше тақтаға назар аударып, біздің ел бастаған бабаларымыз бен әдебиет көшіп бастаған ағаларымыз халқын, ұлтын мақтаныш еткенін тыңдайық.

«Ата толғауы» күйі орындалып тұрады. 1 оқушы Қазыбек бидің сөзін тақтадан мәнерлеп оқиды.

Біз қазақ деген мал бақан еліміз.

Бірақ ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз.

Елімізден құт-береке қашпасын деп,

Жеріміздің шетін жау баспасын деп,

Найзаға үкі таққан елміз.

Ешбір дұшпан басынбаған елміз,

Асқақтаған хан болса,

Хан ордасын таптай білген елміз.


2 оқушы Ж.Молдағалиевтің «Мен қазақпын» поэмасынан үзіндіні мәнерлеп тақтадан оқиды.

.... «Қазақпын» деп досқа айтам уәжатын,

Мақтан етсін ардақты туысы атын.

«Қазақпын» деп жауға айтам қасақана,

Біліп қойсын, болса ойы жұғысатын....

Ж.Молдағалиев

Мұғалім. Бұл үзіндіден халқымызға тән қандай қасиеттерді байқадыңдар?

Қазақтарды

Тақтада «Шетелдік қонақтарға таныстыру» өлеңі. Қ.Мырзағалиевтың өлеңінен үзінді.


3 оқушы Қазақ осы:

Дала дейтін,

Күн дейтін

Қазақ осы:

«Өнер алды-тіл» дейтін...

Қазақ осы:

Қарасың ба,

Ақсың ба,

Қоңырсың ба,

Жатырқауды білмеймін.

4 оқушы Қазақ осы:

Ашық жарқын қабағы,

Қонақ келсе,

Шабылып бір қалады.

Байқа да тұр,

Саған да ол кетерде

Ат мінгізіп,

Жібек шапан жабады.



5 оқушы Қазақ осы

Жайып жатқан қанатын.

Батыр халық,

Ақын халық –дәл аты.

Мұғалім:

Қ.Мырзалиевтің осы өлеңінде ұлтымыздың бойындағы қандай ерекше қасиеттерін мақтана айтқан болар едік?

Ендеше өздерің байқағандарыңыздай ұлтымыздың ұлтымызға ғана тән ерекше асыл қасиеттерін бабаларымыз осылайша өз жырларына арқау етсе, бүгінгі сабағымызда біз ақын апаларымыздың бірі – Күлаш Ахметованың ұлтым деп соққан жүрегінен шыққан «Қазағым менің» өлеңімен танысамыз.

Оқулықпен жұмыс. К.Ахметованың өмірі мен шығармашылығы туралы деректі бір оқушыға оқулықтан оқыттыру.

Мұғалім мәтінді мәнерлеп оқиды.

Өлеңді талдамас бұрын тарихи деректер бойынша халқымыздың басынан өткен небір нәубаттарға тоқтала кетеміз.

Тарихи деректер

_____________________________________________________________________________



Жоңғар Ашаршылық Ұлт Азаттық Жаппай Ұлы Отан Желтоқсан

шапқыншылығы көтерілістер, қуғынсүргін соғысы оқиғасы

Ұлы қазан төңкерісі



Сұрақ: Шығармада халқымыздың басынан өткен қай кезеңдегі жағдай деп ойлайсыздар?

Мәтінмен жұмыс.

Оқушылар мәтінді шумақтарға бөліп, мәнерлеп оқиды. Шумақтар бойынша ой орамдары, мазмұнына тоқталу.

Шығарманы талдау. Сөздікпен жұмыс. Шығарманы талдау үшін сұрақтар беріліп, әдебиет теориясынан алғашқы ұғымдар түсіндіріледі.

  • Өлеңнің тақырыбы бойынша.

Шығарма бір адамға арнау ма, әлде жалпы қазақ халқына ма?

Синедоха туралы айтылады.

  • Қандай үлгіде жазылған, өлеңде қандай тыныс белгілері көп кездеседі.

Сұрау-арнау үлгісі, риторикалық сұрақ тура түсінік беріледі.

  • Қандай тұрақты сөз тіркестері қолданылған?

Мысалы: Бір жерде тұрлау таппау-тұрақтамау. Сұрақ шығармада айтылғандай халқымыздың бір жерде тұрлау таппай, әр жерге бөлініп қонуына себеп болған не?

Қандай бір әндер тумаған деген жолдар бар.

  • Ел басына күн туған сол бір кезеңдердегі қандай өлеңдерді білесіздер.

  • Ұрпақты сақтап қалсаң деп, қайда-қайда кетпеген – деген жолдарды қалай түсінесіздер?

Халқымыз қандай себептермен, елден кетуге мәжбұр болды, қай жерлерге кетті және біз 5 класта осындай тақырыпта кімнің, қандай шығармасымен танысып едік.

  • Шығарманың мазмұны бойынша ұлтымыздың ерекше қасиеттеріне тоқталу.

  • Шығарманың түйіні қай шұмақта?

Бәрі де таныс жайт маған,

Әділет болмас айтпаған.

Ақыры алтын бесікке

Сабылып қайдан қайтпаған?!

...Сағынып қайдан қайтпаған?!

Яғни Мухтар Магауин атамызша айтсақ, «Қазақ қайда жүрсе де қазақ, әйткенмен бір шаңырақ астында жүргенге не жетсін?!»

Дәптермен жұмыс. Дәптерге өлеңнің 7 шумағын жаздыру, үйқас түрін, бунақ санын анықтауға тапсырма беру.

Жатты да кейде бауыр дер,

Жақсы қыз бен жалынды ер.

Жиын-той болса – бәрі ақын,

Жау тисе, түгел-жауынгер.

Сұрақ.

Қандай өзгешелік байқап отырсыздар?

Ж-қандай дыбыс?

Әдебиет теориясы аллитерация туралы түсінік беріп, дәптерлеріне жаздырту.

Бекіту сұрақтары:

  1. Күлаш Ахметова – қандай ақын?

  2. Шығарма қандай тақырыпта жазылған?

  3. Қандай үлгіде жазылған?

  4. Қандай әдебиет теориясы түрлерімен таныстық?

Сабақты қорытындылау:

Бүгінгі сабағымызда Ж.Молдағалиевтың «Мен қазақпын. Өз халқымды мақтан тұтамын» - деген сөзімен аяқтай отырып, Өз ұлтыңды сүйіп, ұлтыңды мақтаныш етіп, өзің де біліміңмен, өнеріңмен, тәрбиеңмен ұлтыңның мақтанышы бола біліңдер, -деп тілеймін.

Бағалау.

Үйге тапсырма: Шығарманы мәнерлеп оқу, «Қазағым менің» тақырыбында ой толғап, шығарма жазу.












































































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?аза?ым мені?

Автор: Бегимова Раби?а На?ашибаевна

Дата: 06.11.2015

Номер свидетельства: 248784

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(111) ""Шы?ыс ?аза?стан шаруашылы?ыны? ?алыптасу ерекшеліктері. Хал?ы""
    ["seo_title"] => string(64) "shygyskazakstansharuashylygynynkalyptasuieriekshieliktierikhalky"
    ["file_id"] => string(6) "300831"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1456810095"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(26) "К?ктем г?лдері "
    ["seo_title"] => string(17) "koktiem-ghuldieri"
    ["file_id"] => string(6) "240297"
    ["category_seo"] => string(3) "izo"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1444989204"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "Cаба?ты? та?ырыбы: 11-ден 20-?а дейінгі сандар."
    ["seo_title"] => string(51) "cabak_tyn_tak_yryby_11_dien_20_g_a_dieiinghi_sandar"
    ["file_id"] => string(6) "343668"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1473790851"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства