Психологиялық ахуал. Миға шабуыл сабақ тақырыбын анықтау
1-кезең.
«Сабақ құпиясын ашу» деп аталады. «Балық аулау» әдісі бойынша
«Білім» деген биік шың
Бақытқа сені жеткізер
«Білім» деген ақылшың
Қиындықтан өткізер.
Оқушылар кеспе қағаздағы сұрақтарға жауап береді. Сұрақтар тізбегі.
1) Етістік дегеніміз не?
2) Етістіктің құрамына қарай түрлері
3) Етістіктің тұлғалық түрлері
4) Болымды және болымсыз етістіктер
5) Салт және сабақты етістіктер
6) Етіс дегеніміз не?
7) Өздік етіс, өзгелік етіс
8) Ырықсыз етіс, ортақ етіс
9) Есімше
10) Көсемше
11) Көмекші етістіктер
12) Тұйық етістік
2-кезең
Талдау кезеңі.
Сайыс толқып жатқандай асып-тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл сайыста басқалар ғұлама ойлар
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып,
Талдау кезеңінде оқушылар берілген сөйлемдерге сөз таптарына талдау жасайды.
1. Еңбек ерлікке жеткізер,
Ерлік елдікке жеткізер.
2. Өзін-өзі білген ер бақытты.
Өзін-өзі билеген ел бақытты
3-кезең.
«Баскетбол» ойыны.
Екі топқа есімше мен көсемше жұрнақтары жалғанған сөздер беріледі. Бір топ есімшені, екінші топ көсемшені жинау керек. Соңынан баскетбол қоржынындағы сөздер тексеріледі, ұпай беріледі.