| Тақырыбы | Қожа Ахмет Иасауи (қайталау сабағы) |
| Мерзімі | 30.11.2016 жыл |
| Мақсаты | Тақырыптың мазмұны мен идеясын ашуға ,өз ойларын қорытындылай білуге жағдай жасау.Тіл белсенділігін арттыру,өз қабілеттерін көрсете білуге мүмкіндік жасау «Ең үздік » жұпты анықтау |
| Күтілетін нәтиже | Тақырыпты толық меңгерту,қосымша мәліметтермен таныстыру,өз көзқарастарын қалыптастыру |
| 7 модульдің қолданылуы | АКТ, «Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер», «Оқуды бағалау», «оқытуды басқару және көшбасшылық» |
| Қолданылатын әдіс-тәсілдер | «ШЫНДЫҚ ПА,ЖАЛҒАН БА?», «Адасқан әріптер», «Домино», «Автор орындығы» |
| Ұйымдастыру кезеңі Тренинг | Оқушыларды түгелдеу,жұптастырып отырғызу. «Сандарды бейнеле » ойыны арқылы психологиялық ахуалды жақсарту | Оқушылар өздеріне берілген сандарды дене мүшелерімен,қимылдарымен бейнелеу |
| Сабақ кезеңдері | Тапсырма | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
| Білім Қызығушылықтарын ояту | «ШЫНДЫҚ ПА,ЖАЛҒАН БА?» әдісі арқылы өткен тапсырманы қайталау | Әр жұпқа бір сұрақтан қойылады | Жұптар сұрақтарға «шындық» немесе «жалған» деп жауап береді |
| Түсіну | Иасауиге қатысты бейнебаян көрсетіледі. «Адасқан әріптер» тапсырмасы таратылады | Тапсырманы орындауға бағыт-бағдар береді | Оқушылар адасқан әріптерді бір-бірімен сәйкестендіріп, Иасауи өміріне байланысты сөздерді құрастырып шығарады. |
| Қолдану | «Домино» ойыны арқылы сұрақтардың жауаптарын сәйкестендіреді | Қолдарына домино парақтары таратылады | Оқушылар домино ойынының ережесі бойынша сұрақтарды жауаптарымен сәйкестенду арқылы тақырыпты толығырақ ашады |
| Талдау | Үзінділер оқу | Хикметтерден үзінділер келтіріледі | Оқушылар хикметтерден үзінді оқып,талдайды |
| Жинақтау | Шығармашылық тапсырма | Әр жұп алған білімдерін, білген мәліметтерін жинақтайды | Оқушылар өздері тақырып бойынша өлең шығарады. |
| Бағалау | Бағалау парағы арқылы | Жұптардың жинаған ұпайы бойынша бағаланады | Оқушылар сабақ барысында өз пошталарына жинаған ұпайларын салып отырады,сабақ соңында ұпайлары есептеліп бағаланады |
| Рефлексия | Кері байланыс парағын толтыру | Оқушыға кері байланыс парағын ұсыну | Кері байланыс парағын толтырады |