«Али мен Аияның саяхаты» видеороликті көріп талдату. - Аия қайда бармақ болды? - Неге? - Балалар бүгінгі тақырыбымыз не туралы болмақ? - Саяхат. - Біз бүгін сахатшы боламыз. - Саяхатшы дегенде ойымызға не келеді? - Саяхатқа шығатын адам. Оқу мақсатымен таныстыру: 1. Өлеңді мәнерлеп оқу; 2. Жанрлық ерекшеліктерін анықтауды үйренеміз. - Енді бүгінгі сабақтың бағалау критерийлерін анықтап алайық. Оқушылармен анықтап, тақтаға жазу. Бағалау критерийлері: •шығарманы дауыстап, мәнерлеп оқи біледі; •шығарманың жанрлық ерекшеліктерін ажырата алады. Суретпен жұмыс. - Балалар алдарыңда сурет қималары тұр, ішінен саяхатқа қатысты суретті іріктеп алыңдар. - Таңдап алынған суретті тақтаға ілеміз. - Осы таңдаған сурет бойынша топпен әңгіме құрастырамыз. Тапсырманың негіздемесі: тапсырма оқушылардың айтылым дағдысын дамытуға көмектеседі. Критерийі: кемінде 3-4 сөйлем болуы керек. Тапсырманың орындалуы: Әрбір топ сурет бойынша құрған өз әңгімесін мазмұндайды. Барлық оқушылардың қатысуы қадағаланады. Ресми емес талқылауда оқушылар өз ойларын ортаға салады. Мұнда әрбір ойдың құнды екендігі ескеріледі, ешқандай шектеу жасалмайды, идеялар сыналмайды, түзету енгізілмейді. Оқушы теріс қорытынды жасаған кезде де, оның қызығушылығын арттырып, қолдау көрсетіледі. Барлығы тыңдалып, қорытынды шығарылады. - Құрастырған шығарма жанрының қай түріне жатады? (әңгіме) - Әңгіменің жанрлық ерекшелігі неде? Әңгіме— оқиғаны қара сөзбен баяндайтын шағын көркем шығарма жанры. - Тағы қандай шығарма жанрларын білеміз? - Мақал-мәтел, жұмбақ, ертегі, тұрмыс-салт жырлары, әңгіме, өлең. Оқиық Тапсырманың негіздемесі: тапсырма оқушылардың түсініп оқу дағдысын дамытуға көмектеседі. Шығарманың авторы Әдібай Табылдының өмірімен, шығармасымен таныстырып өту. Тапсырманың орындалуы: •Өлеңді жылдам қарап шығу үшін оқушыларға уақыт беріледі; •Оқушылар өлеңнің тақырыбына қарайды; •Жанр туралы болжамдар жасайды; Өлең – шағын көлемді поэзиялық шығарма. Ырғағы мен ұйқасы қалыпқа түскен, шумағы мен бунағы белгілі тәртіпке бағынған нақысты сөздер тізбегі. •Оқушылар қою қаріппен берілген сөздердің мағынасын түсіндіреді. Оқушыларға өлеңді бірінші іштей оқу, топпен тізбектей оқу, топтар арасында дауыстап 2 қатардан бөліп оқу тапсырылады. - Балалар жолдорба, шежіре, күнқағар, карта, түсбағдар не үшін қажет? Өз ойларыңды топта талқылап стикер қағаздарға жазып тақтадағы суреттердің тұсына оқи отырып ілеміз. Әр топтан бір оқушы шығып, оқи отырып іледі. Жазайық Тапсырманың негіздемесі: тапсырма оқушылардың жазылым дағдысын дамытуға бағытталған. Тапсырманың орындалуы: «Қызықты саяхат» тақырыбында 102 беттегі суреттің біреуін топпен таңдап жолдорбаға салдым, күнқағар кию, фотаға түсіру, компаспен бағдарлау сөз тіркестері қолдана отырып жеке әңгіме құрау тапсырылады. Критерийі: кемінде 2-3 тірек сөзді қолдануы керек. Оқушылар сөз тіркестерін қолдана отырып, сөйлемдер құрастырып жазады, қабілетті оқушыларға мәтін құрастырып жазуды тапсыруға болады. Мысалы, Жаз мезгілі. Жазда адамдар саяхатқа көп шығады. Олар өздерімен бірге қажетті заттарды алады. Мен өзіммен бірге көзілдірікті, құтыдағы суды, картаны алдым. Оларды қолдорбама салды. Басыма күнқағар кидім. Аяғыма ыңғайлы аяқ киім кидім. Ұнаған жерлерді фотосуретке түсірдім. Әсіресе, маған ұшып жүрген көбелектер өте ұнады. Көбелектердің түсі әртүрлі. Біреуі-сары, екіншісі- көгілдір. Бұл тапсырма жеке және топта орындалады. - Бұл жазған шығарманың қай жанрына жатады? - Жанрдың ерекшелігі неде? - Әңгіме. | Қазақстан телеарнасы, «Али мен Аия» Алакөлге саяхат. 0.40-1.06 Оқу мақсаты (тақтада, оқушылардың алдына қойылады). Бағалау критерийлерін жазатын маркер, қағаз. Орман, туризм, ауылға қыдырып бару, қала, Бурабайда демалу т.б. суреттер (әр топқа 3 суреттен тарату). Қазақстан телеканалы. Таңшолпан бағдарламасы «Әдібай Табылдиев 90 жаста» 1.51-2.54 Суреттер, 3 түсті стикер, фломастерлер. «Жолдорбаға салдым, күнқағар кию, фотаға түсіру, компаспен бағдарлау» тірек сөздері. |