kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Әдебиеттік оқу 1 сынып Ата насихаты

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың тақырыбы:Буын. Ата насихаты

Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат – міндеттері:

Ақпараттық құзыреттілік:  Оқушыларға буын туралы білімдерін толықтыра отырып,  меңгерту.

Коммуникативтік құзыреттілік: Сөздік қоры мен сөйлеу тілін дамыту арқылы  татулыққа, бірлікке тәрбиелеу.

Проблеманы шешу құзыреттілігі:1,2, 3 буынды сөздерді ажырата білуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі:Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Сөздік, көрнекілік, машықтық

Сабақта қолданылатын педагогикалық технология: Дамыта оқыту технологиясы, СТО

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Әдебиеттік оқу 1 сынып Ата насихаты»

Пәні

Ана тілі

Сыныбы

1

Уақыты


Сабақтың тақырыбы:

Буын. Ата насихаты



Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат – міндеттері:

Ақпараттық құзыреттілік

Коммуникативтік құзыреттілік


Проблеманы шешу құзыреттілігі



Оқушыларға буын туралы білімдерін толықтыра отырып, меңгерту.

Сөздік қоры мен сөйлеу тілін дамыту арқылы татулыққа, бірлікке тәрбиелеу.

1,2, 3 буынды сөздерді ажырата білуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Сабақтың әдісі

Сөздік, көрнекілік, машықтық

Сабақта қолданылатын педагогикалық технология

Дамыта оқыту технологиясы, СТО

Оқыту құралдары

Оқулық, жазу дәптері,суреттер

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, дене шынықтыру





Сабақтың барысы

Мұғалімнің қызметі

Оқушының қызметі

Күтілетін нәтиже

І. Ұйымдастыру бөлімі

- Амандасу

- Түгендеу

- Психологиялық даярлық

Оңға, оңға түзу тұр,

Солға, солға түзу тұр.

Артқа қарай бір адым

Алға қарай бір адым

Жоғары төмен қарайық

Орнымызды табайық.

Бүгінгі мына сабақта,

Бестік баға алайық.

Амандасады.

Отырады.

Жоқ оқушыларды атайды.

Оңға, оңға түзу тұр,

Солға, солға түзу тұр.

Артқа қарай бір адым

Алға қарай бір адым

Жоғары төмен қарайық

Орнымызды табайық.

Бүгінгі мына сабақта,

Бестік баға алайық.

Мұғалім мен оқушы арасында ынтымақтастық қарым-қатынас орнайды.Сабаққа зейіндерін аудару үшін, жаттығу орындап, өлең жолдарын қайталайды.

ІІ. Өткен материалды қайталай отырып, жаңа материалды қабылдауға дайындық.

Балалар, бәріміз тақтаға қарайықшы. Тақтадағы кестеге назар аударайық.

Өткен сабақтағы буын тақырыбын еске түсірейік.



Берілген тапсырмаларды ауызша орындап көрейік.




Бүгінгі біздің өтетін тақырыбымызда да Ахмет Байтұрсыновтың "Ата насихаты" ертегісін буынға бөлу арқылы танысатын боламыз.














Өткен тақырыпқа қысқаша шолу жасау арқылы тапсырмалар орындайды.











ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру.



















Оқулықпен жұмыс

-Оқушылар Ахмет Байтұрсыновты танимыз ба?

-Ол кім еді? Есімізге түсіріп көрейік.


Ахмет Байтұрсынұлы (5

қыркүйек 1872 жыл, қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Сарытүбекауылы – 8 желтоқсан 1937, Алматы қаласы) — қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі.


Балалар, оқулығымызға назар аударайық. Оқулығымыздың 52 бетінде Ахмет Байтұрсынұлының "Ата насихаты" ертегісі берілген.

Зер салып тыңдайық.

Ата насихаты

Әкесі балаларына "Тату тұрыңдар" деп талай айтыпты. Балалары тілін алмай, араздаса беріпті. Бір күні бір бума шыбық алып келіп, балаларына беріп:

-Сындырыңдар!-деді.

Балалары бірінен соң бірі алып, сындырайын десе, шыбықтар сынбайды.

Әкесі шыбықтардың бумасын шешеді де:

- Бір-бірлеп сындырыңдар!- дейді.

Балалары оп-оңай сындырады. Сонда әкесі айтады:

- Араздасып араларың ашылса, сендер де осы шыбықтар сияқты боларсыңдар. Ұйымшыл болсаңдар, жаудың сендерді жеңуі қиын болар!

Тірліктің күші - бірлікте.


Қанекей бәріміз бірге буынға бөліп оқиық.


-Ертегі не туралы айтылған?




- «Тірліктің күші- бірлікте» деп неліктен айтады?

-Әке, күн, бала сөздерін буынға бөл.


-иә.


-Ақын, аудармашы. Алғаш қазақ әліпбиін жазды.











А-та на-си-ха-ты

Ә-ке-сі ба-ла-ла-ры-на "Та-ту тұ-рың-дар" деп та-лай ай-тып-ты. Ба-ла-ла-ры ті-лін ал-май, а-раз-да-са бе-ріп-ті. Бір кү-ні бір бу-ма шы-бық а-лып ке-ліп, ба-ла-ла-ры-на бе-ріп:

-Сын-ды-рың-дар!-де-ді.

Ба-ла-ла-ры бі-рі-нен соң бі-рі а-лып, сын-ды-рай-ын де-се, шы-бық-тар сын-бай-ды.

Ә-ке-сі шы-бық-тар-дың бу-ма-сын ше-ше-ді де:

- Бір-бір-леп сын-ды-рың-дар!- дей-ді.

Ба-ла-ла-ры оп-оң-ай сын-ды-ра-ды. Сон-да ә-ке-сі ай-та-ды:

- А-раз-да-сып а-ра-ла-рың а-шыл-са, сен-дер де о-сы шы-бық-тар си-яқ-ты бо-лар-сың-дар. Ұй-ым-шыл бол-саң-дар, жау-дың сен-дер-ді жең-у-і қи-ын бо-лар!

Тір-лік-тің кү-ші - бір-лік-те.






-Ертегіде әрдайым бірлікте болу керек.Ұйымшыл болу арқылы барлық қиындықты жеңуге болатыны туралы айтылған.


Жаңа тақырыппен танысады. Сұрақтарға жауап беру арқылы автормен танысады.

Ахмет Байтұрсынұлы туралы мәліметтер алады.









Оқушылар жаңа тақырыпты мұғалімнің оқығанын ынта қойып тындайды. Өз беттерімен буынға бөліп оқиды.



























Берілген сұрақтарға жауап береді.





Сөздерді буынға бөледі.

V. Сергіту сәті


Сергіп демалады.


VІ. Жаңа материалды бекіту.

А) мұғалім басшылығымен












ә) өз бетімен

Оқушыларға оқулықта берілген жаттығуларды орындату.


77- жаттығу. Сөздерді буынға бөліп жаз.

Әке, балалар, сабау, ұйымшыл, бірлік.

78- жаттығу. Кім жылдам? Әуелі бір буынды, содан кейін екі буынды және үш буынды сөздерді ата.





1-тапсрыма.Оқушылар суретте неше буын екенін сан бойынша көрсетеді.


1. 2.

3. 4.



Оқушылар жаттығуларды орындайды.


77-жаттығу. Сөздерді буынға бөліп жаз.

Ә-ке, ба-ла-лар, са-бау, ұй-ым-шыл, бір-лік.

78- жаттығу. Кім жылдам? Әуелі бір буынды, содан кейін екі буынды және үш буынды сөздерді ата.

Ай, күн.

Түй-е, қар-быз

Ша-ға-ла, қар-лы-ғаш.



Берілген тапсырма бойынша суретте неше буын бар екенін сан бойынша көрсетеді.


  1. 2 буын

  2. 3 буын

  3. 2 буын

  4. 3 буын


Әдемі, таза жазады. Жазу барысында оқушылардың дұрыс отыруы қадағаланады.



Буындарды атап, берілген тапсырмаларды орындайды.





Тапсырма орындау арқылы алған білімдерін пысықтайды, өз беттерімен буын санын шығаруға дағдыланады.

VІІ. Сабақты қортындылау


-Балалар, буын дегеніміз не еді?

- Буын қалай бөлінеді?

-Әңгімеде әкесі балаларына қандай ақыл айтты?


-Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.

-ашық,тұйық, бітеу.

- Бірлікте, ынтымақтастықта болуға, араздаспауға ақыл айтады.

Сұраққа жауап беру арқылы тақырыпты меңгергені байқалады.

VІІІ. Үйге тапсырма

Балалар, үйге «Ата насихаты» әңгімесін оқып келіңдер!

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазады.

Жаңа сабақты түсінгені бойынша үй тапсырмасын орындап келеді.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Әдебиеттік оқу 1 сынып Ата насихаты

Автор: Ерболатова Назгүл Жасқайратқызы

Дата: 28.10.2016

Номер свидетельства: 352953

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(64) "Әдебиеттік оқу 1 сынып Ата насихаты"
    ["seo_title"] => string(38) "diebiiettik_ok_u_1_synyp_ata_nasikhaty"
    ["file_id"] => string(6) "352952"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1477650300"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(64) "Ата-ананы ??рметтеу туралы. ?ай?ауыс."
    ["seo_title"] => string(33) "ataananykurmiettieuturalykaikauys"
    ["file_id"] => string(6) "283388"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453823541"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) "М??гі жасар ?мір 3 сынып"
    ["seo_title"] => string(21) "mnghizhasaromir3synyp"
    ["file_id"] => string(6) "341764"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1472648602"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) "Та?ырыбы: Абайды? «Отыз бірінші ?ара с?зі»"
    ["seo_title"] => string(35) "takyrybyabaidynotyzbirinshikarasozi"
    ["file_id"] => string(6) "268354"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1450619918"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) "Кәусарбұлақ Ш.Құдайбердіұлы"
    ["seo_title"] => string(33) "k_usarbu_lak_sh_k_u_daibierdiu_ly"
    ["file_id"] => string(6) "460333"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1519910843"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства