І. Ұйымдастыру бөлімі | - Амандасу - Түгендеу - Психологиялық даярлық Оңға, оңға түзу тұр, Солға, солға түзу тұр. Артқа қарай бір адым Алға қарай бір адым Жоғары төмен қарайық Орнымызды табайық. Бүгінгі мына сабақта, Бестік баға алайық. | Амандасады. Отырады. Жоқ оқушыларды атайды. Оңға, оңға түзу тұр, Солға, солға түзу тұр. Артқа қарай бір адым Алға қарай бір адым Жоғары төмен қарайық Орнымызды табайық. Бүгінгі мына сабақта, Бестік баға алайық. | Мұғалім мен оқушы арасында ынтымақтастық қарым-қатынас орнайды.Сабаққа зейіндерін аудару үшін, жаттығу орындап, өлең жолдарын қайталайды. |
ІІ. Өткен материалды қайталай отырып, жаңа материалды қабылдауға дайындық. | Балалар, бәріміз тақтаға қарайықшы. Тақтадағы кестеге назар аударайық. Өткен сабақтағы буын тақырыбын еске түсірейік. Берілген тапсырмаларды ауызша орындап көрейік. Бүгінгі біздің өтетін тақырыбымызда да Ахмет Байтұрсыновтың "Ата насихаты" ертегісін буынға бөлу арқылы танысатын боламыз. | | Өткен тақырыпқа қысқаша шолу жасау арқылы тапсырмалар орындайды.
|
ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру. Оқулықпен жұмыс | -Оқушылар Ахмет Байтұрсыновты танимыз ба? -Ол кім еді? Есімізге түсіріп көрейік. Ахмет Байтұрсынұлы (5 қыркүйек 1872 жыл, қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Сарытүбекауылы – 8 желтоқсан 1937, Алматы қаласы) — қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі. Балалар, оқулығымызға назар аударайық. Оқулығымыздың 52 бетінде Ахмет Байтұрсынұлының "Ата насихаты" ертегісі берілген. Зер салып тыңдайық. Ата насихаты Әкесі балаларына "Тату тұрыңдар" деп талай айтыпты. Балалары тілін алмай, араздаса беріпті. Бір күні бір бума шыбық алып келіп, балаларына беріп: -Сындырыңдар!-деді. Балалары бірінен соң бірі алып, сындырайын десе, шыбықтар сынбайды. Әкесі шыбықтардың бумасын шешеді де: - Бір-бірлеп сындырыңдар!- дейді. Балалары оп-оңай сындырады. Сонда әкесі айтады: - Араздасып араларың ашылса, сендер де осы шыбықтар сияқты боларсыңдар. Ұйымшыл болсаңдар, жаудың сендерді жеңуі қиын болар! Тірліктің күші - бірлікте. Қанекей бәріміз бірге буынға бөліп оқиық. -Ертегі не туралы айтылған? - «Тірліктің күші- бірлікте» деп неліктен айтады? -Әке, күн, бала сөздерін буынға бөл. | -иә. -Ақын, аудармашы. Алғаш қазақ әліпбиін жазды. А-та на-си-ха-ты Ә-ке-сі ба-ла-ла-ры-на "Та-ту тұ-рың-дар" деп та-лай ай-тып-ты. Ба-ла-ла-ры ті-лін ал-май, а-раз-да-са бе-ріп-ті. Бір кү-ні бір бу-ма шы-бық а-лып ке-ліп, ба-ла-ла-ры-на бе-ріп: -Сын-ды-рың-дар!-де-ді. Ба-ла-ла-ры бі-рі-нен соң бі-рі а-лып, сын-ды-рай-ын де-се, шы-бық-тар сын-бай-ды. Ә-ке-сі шы-бық-тар-дың бу-ма-сын ше-ше-ді де: - Бір-бір-леп сын-ды-рың-дар!- дей-ді. Ба-ла-ла-ры оп-оң-ай сын-ды-ра-ды. Сон-да ә-ке-сі ай-та-ды: - А-раз-да-сып а-ра-ла-рың а-шыл-са, сен-дер де о-сы шы-бық-тар си-яқ-ты бо-лар-сың-дар. Ұй-ым-шыл бол-саң-дар, жау-дың сен-дер-ді жең-у-і қи-ын бо-лар! Тір-лік-тің кү-ші - бір-лік-те. -Ертегіде әрдайым бірлікте болу керек.Ұйымшыл болу арқылы барлық қиындықты жеңуге болатыны туралы айтылған. | Жаңа тақырыппен танысады. Сұрақтарға жауап беру арқылы автормен танысады. Ахмет Байтұрсынұлы туралы мәліметтер алады. Оқушылар жаңа тақырыпты мұғалімнің оқығанын ынта қойып тындайды. Өз беттерімен буынға бөліп оқиды. Берілген сұрақтарға жауап береді. Сөздерді буынға бөледі. |
VІ. Жаңа материалды бекіту. А) мұғалім басшылығымен ә) өз бетімен | Оқушыларға оқулықта берілген жаттығуларды орындату. 77- жаттығу. Сөздерді буынға бөліп жаз. Әке, балалар, сабау, ұйымшыл, бірлік. 78- жаттығу. Кім жылдам? Әуелі бір буынды, содан кейін екі буынды және үш буынды сөздерді ата. 1-тапсрыма.Оқушылар суретте неше буын екенін сан бойынша көрсетеді. 1. 2. 3. 4. | Оқушылар жаттығуларды орындайды. 77-жаттығу. Сөздерді буынға бөліп жаз. Ә-ке, ба-ла-лар, са-бау, ұй-ым-шыл, бір-лік. 78- жаттығу. Кім жылдам? Әуелі бір буынды, содан кейін екі буынды және үш буынды сөздерді ата. Ай, күн. Түй-е, қар-быз Ша-ға-ла, қар-лы-ғаш. Берілген тапсырма бойынша суретте неше буын бар екенін сан бойынша көрсетеді. 2 буын 3 буын 2 буын 3 буын | Әдемі, таза жазады. Жазу барысында оқушылардың дұрыс отыруы қадағаланады. Буындарды атап, берілген тапсырмаларды орындайды. Тапсырма орындау арқылы алған білімдерін пысықтайды, өз беттерімен буын санын шығаруға дағдыланады. |
VІІ. Сабақты қортындылау | -Балалар, буын дегеніміз не еді? - Буын қалай бөлінеді? -Әңгімеде әкесі балаларына қандай ақыл айтты? | -Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады. -ашық,тұйық, бітеу. - Бірлікте, ынтымақтастықта болуға, араздаспауға ақыл айтады. | Сұраққа жауап беру арқылы тақырыпты меңгергені байқалады. |