Просмотр содержимого документа
«Дарынды баламен жұмыс»
Мұғалім: Ажығожина А.
2013-14 оқу жылы
Тақырыбы: Оқушының дарының шындау
Мақсаты: Дарынды оқушыларды анықтап, дарынын одан әрі шыңдау, әр түрлі тапсырмалар арқылы білімдерін дамыту.
Әр бала – болашақ данышпан,
Әр бала – зерттелмеген құпия.
Рейтингтік көрсеткіш
Шығарамашылық тақырыпқа эссе жазу
Дарынды бала
Логикалық тапсырмалар
Деңгейлік тапсырмалар
Зерттеу жұмыстары
«Бұлақты көрсең, көзін аш»
Халық даналығы
ӘР БАЛА – ЗЕРТТЕЛМЕГЕН ҚҰПИЯ,
ӘР БАЛА – БОЛАШАҚ ДАНЫШПАН.
Толыққанды ой-санасы артқан тұлға
Ғылыми – әдеби шығармашылықпен айналасуы
Қоғамдық жұмыстарға белсенді араласушы
Дарынды
бала
Өзіндік ой-пікірі қалыптасқан оқушы
Қазіргі озық технология негізінде әлемдік ақпараттан хабардар болуы
Алған мәліметтерді өз ой- елегінен өткізіліп, қабылдауы
Мұғалім
Дарынды бала
Сыныптағы өз қызметіне басшылық жасау
«Қиын» оқушыларға көмектесу
Қоғамдық жұмыстарға белсене араласуы
Шығармашылық тапсырмалармен жұмыс жасауы
Сыныптағы атқарылатын өз қызметіне арнайы дәптер бастауы
Оқу үлгірімі нашар оқушыларға түсінбеген сұрағын түсіндіру
Мектептегі өтілетін апталықтарға ат салысу
Шығармашылық тақырыптарға реферат жасау
Сол дәптерді күнделікті мәліметтермен толықтырып отыру
Уақыт бөліп үй тапсырмасына бірге дайындалу
Әр түрлі үйірме жұмыстарына қатынасу
Өлең шығару
Апта сайын сынып жетекшісіне есеп беріп отыру
Мүмкіндігінше жетіспейтін оқу құралдырымен көмектесу
Мектеп және ауданаралық жарыстарға қатынасу
Өздігінен шығармалар мен көркем әдебиет оқу
Дарынды оқушылармен жұмыс
Дарынды оқушылармен жұмыс істеу үшін, алдымен
Дарынды оқушы дегеңіміз кім?
Дарындылықты қандай топтарға жіктеуге болады?
Оқушыларға әсер ететін орталар
Дарынды оқушылармен ұйымдастырылатын жұмыс түрлері
деген мәселелер төңірегінде ой қозғап, пікір бөлісейік.
Адам психикасындағы
Дарынды балалармен жұмыстың принциптері:
№
Жұмыс жүйесінің принциптері
Мазмұны
1
Субьективті принцип
Мектептегі ең басты фигура жай бала емес, күрделі, табиғаттың жаратқан қарама-қайшы сезімді, нәзік жанды, әрі ешкімге ұқсамайтын, басқалардан өзгеше мүмкіндіктері бар, өзінің субъективті іс-тәжірибесі бар адал, өзіндік дүниетанымымен өзіндік қабылдауымен.
2
Психоэлевациялық принцип
Бұл оқыту жағдайы бастапқыдан жағымды жағдайда оқушының жеке тұлғасын қолдаудан тұрады. Міндетті шарттары эмпатиялық жағдайда оқушының жеке тұлғасын басынан мақұлдау, яғни оқушы толғандырып жүрген қиындықтары мен өзекті мәселелерін түсіне білуге педагогтың ұмтылысы, бұл оқушыларға өз жылуы мен қатысуын көрсете білуіне түрткі болады.
3
Көкейкесті принцип
Оқытудың мақсаты – бұл интеллектуалды, белсенді шығармашылық тұлғаның қалыптасуы, проблемалық оқыту кезінде зерттеушілік оқу әрекеті пайда болады, онда дарынды тұлғаның шығармашылық мүмкіндігі ашылады.
4
Партиклиция принципі «партия»- сөзінен шыққан – бірлесу, топтасу
Бала дарындылығының құбылысына үйлесімді, өз ерекшеліктері бар. Бұл принциптің қажеттілігі екі себепке негізделеді:
1.дарынды балалар психикасының қарапайымдылығы емес, жеке тұлғалар арасындағы коммуникациялық қатынастың күрделенуі оқу үрдісінің балалардың қазіргі әрекетін әр түрлі мақсатқа жетуге негізделінген түрін ұйымдастыруды талап етеді.
5
Байытылған мекен ететін ортаны жасау принціпі
Дарынды тұлғаны дамытудың әдістемелік жинағы психомоторлы, ақыл-ой, академиялық, әлеуметтік, шығармашылық, көркемдік дарындылықтың дамуын қарастырады.Дарынды оқушыларды іздеу, дамыту, қолдау, конференция, фестиваль, жас дарындар сайыстары және тағы басқа іс-шараларды дайындау мен өткізген үрдісте пайда болады.
Жеке тұлға дарындылығының дамытудың кешенді жинағы.
Шығармашылық дарындылық
Ғылыми – практикалық конференция, дебат тобының жұмысы, эрудит, пәндік марафондар, рефераттар қорғау, зияткерлік ойындар, т.б.
Ақадемиялық дарындылық
Арнайы курстар, факультативтер, олимпиадалар
Ақыл-ой дарындылығы
Психологиялық қызмет, сауалнамалар, проблемалық ізденіс қызметі
Көркемдік дарындылық
Жас дарындылық сайысы, ән фестивалі, ән, би т.б.
Психомоторлы дарыныдылық
Спорттық жарыстар, түрлі секция жұмыстары, спортакиядаларға белсенді түрде қатысу
Әлеуметтік дарыныдылық
Көшбасшыны дайындау
Дарындылық түрлерін айқындаудың әдіс-тәсілдері:
Дарындылық түрі
Белгілері
Оқып-үйрену әдістемесі
Шығармашылық дарындылық
Креативті, идеяның өнімділік жылдамдығы, оларды әзірлеу, қиял.
Шығармашылық ойлаудың сауалнамасы
Академиялық дарыныдылық
Оқытудың жетістігі
Стандартты жетістік сауалнамасы
Ақыл-ой дарындылығы
Ойлау операциялары, ақыл-ойлардың түрлері мен сапасының, зейіннің таным үрдістері, есте сақтау, қиялдың дамуы.
Ақыл ойды өлшейтін сауалнама: вебралды және вебралды емес
Перцептивті – қозғалысты дамытуға арналған стандартты сауалнамалар
Әлеуметтік дарындылық
Ұйымдастырушылық, коммуникативті, жетекшілік қабілеті
Жетекшілік қабілеті, әлеуметтік хабардар шкаласы, әлеуметтік жетілу шкаласын анықтау сауалнамасы
Дарынды балалармен жұмыс жүйесі:
Негізгі мақсаттары:
Дәстүрлі білім сайыстарын, пән олимпиадалаын ұйымдастыру
Дарынды балаларға әлеуметтік қорғау мен қолдауды қамтамасыз ету.
Дарынды балалармен жұмыс істеу үшін педагогикалық маман арнайы дайындық жұмыстары өткізу тиіс
Дарынды балаларды іріктеудің, тәрбиелеу, оқыту мен қолдау бойынша тәжірибелік қызметті дамыту үшін басқару жүйесін құру
Негізгі міндеттері:
Талантты балалардың әлеуметтік – мәдениеттік қалыптасуына көмектесу
Мемлекетіміздің зерделі потенциалын қалыптастыруға үлес қосу
Дарынды балаларды тәрбиелеу мен оқытудың негізгі стратегиясын белгілеу
Дарынды оқушылармен жұмыс
Мақсаты:
Оқушының қабілетін анықтау. Сол бағытқа байланысты тереңдетілген түрдде тапсырмалар беру арқылы даму деңгейін, ой – өрісін одан әрі дамыту. Білім алудығы негізгі талаптарды жүзеге асыру. Халықтық тәлім- тәрбие білу.
Міндеті:
Бұл оқушылармен үнемі қосымша жұмыс жасау. Күрделі тапсырмалар, зерттеулер беру. Логикалық тапсырмаларды жиі ұсыну. Әр сабақта олардың ой-орістерінің өсуіне жағдай жасау. Оқуға деген белсенділіктерін дамыту, арттыру.
Адамгершілікке, жақсы қасиетерді бойларына сіңіріп өсулеріне ықпал жасау.
Дарынды оқушылар тізімі.
№
ФИО
Сынып
1
2
3
4
5
6
Дарынды балалармен жұмыс істеудің жолдары
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын таныту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Дарынды балаларға білім беруді әр ғылымның бүгінгі дәрежесіне сәйкес жүргізу бір жағынан қоғамға талантты мамандар даярлауда тиімді болса, екінші жағынан қоғамға ерекше дарынды балалардың тек өзінің интеллектуалдық дамуын қамтамасыз етеді.
Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар бере білу ерекше қиын іс.
Алайда әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу-ұстаз парызы. Баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту-бүгінгі күннің басты талабы.
Дарындылық мәселесін зерттеушілердің еңбектері көп болғанымен, дарындылықтың мән-мағынасы жөнінде олар ортақ бір пікірге келе қоймады. Сондықтан да, біз баланың дарындылығы деп, оны өз құрдастарымен салыстырғанда бірдей жағдайда білім игеру деңгейінің шоғырлығымен аса ерекше байқалатын шығармашылық қабілетінің байқалуы деп түсінеміз. Дарындылыққа педагогикалық энциклопедияда төмендегідей анықтама берілген: «Дарындылық-белгілі бір әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғары деңгейі». Дарындылық дегеніміз – адамдардың қабілеттерін жете жақсы дамуының жоғары сатысы. Осы қабілеттілік арқылы адамдар көптеген жақсы жетістіктерге жете алады. Дарындылық – сапалы қабілеттердің өзіндік бірлесуі: оның арқасында іс-әрекет жақсарады. Көптеген ғылымдардың ойынша дарындылық, қабілеттілік және талант бір ұғымды білдіреді. Оларды бірдей негізде сәтті іс-әрекетте топтастыруға әрекет жасады.
Нышандардың іс-әрекеттік негізінде қабілеттілік қалыптасады;
Әдейленген дарындылық-сапалы өзіндік қабілеттердің бірлесуінде іс-әрекет сәттілігі құрылады;
Жалпы дарындылық – қабілеттілік кең шеңберіндегі іс-әрекеттер;
Іс-әрекет сәттілігін белгілейтін жеке адамның басқа адамдарынан айыратын ерекшеліктер
Ерекше қабілетті балаларға қамқорлық жасау – ежелден келек жатқан дәстүр. Республикамызда ашылған көптеген колледждер мен лицейлер – негізінен дарынды балалар үшін ашылған оқу орны. Мұндай оқушылар ел болашағына, оның интелектік қуатына баға жетпес резерві. Сондықтан да жер-жерден бұларды іздеп табу- аса мәнді мейірбанды, гуманистік іс. Оларды мәпелеп, қамқорлық алу – баршамызға ортақ, бүкіл халықтық шара, өйткені таланттар қай кезде де қандай да іздесе таптырмайтын ұлттың рухани байлығы.
В.Крутецский өзінің математикалық қабілеттіліктің құрылымын зерттеген еңбегінде: «Егер қабілеттіліктер деген ұғымды жеке психикалық қасиеттер деп түсінсек, онда дарындылық дегенді адамның ерекше қабілетінің жиынтығының бірлігі деуге болады»,-деп тұжырымдады. Дарындылық ұғымымен қатар шығармашылық, талант, данышпандық, қабілеттілік ұғымдары да бар.
Шығармашылық-өзінің жаңашылдығымен, өзгешелігімен ерекшеленетін өнім алуға мүмкіндік жасайтын, жеке тұлға бойындағы қабілеттіліктің, білім мен біліктіліктің болуы. Талант-қабілеттіліктің ең жоғары деңгейі.
Данышпандық-қоғам өмірінде тарихи маңызы бар, шығармашылықпен сипатталатын дарындылықтың жоғары деңгейі.
Қабілеттілік – белгілі бір іс-әрекетте ең тәуір нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін адамның жеке-дара психологиялық ерекшелік деңгейі.
Дарынды баланың бойынан табылатын асыл қасиеттердің, өмірге құштарлық, биік ізгіліктің бәрінің кілті – мыңды жығатын білімде.
Адами ойлау, ізденімпаздың-табиғаттың адамзатқа берген тамаша сыйы. Бұл қабілет барлық адам бойынан табылары да сөзсіз. Қабілет іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай нәтижелі етіп орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті. Дегенмен табиғат оның бәріне бірдей етіп бөлмей, біреуге көптеу, біреуге аздау, ал үшіншілеріне мүлдем жарапай тарататыны анық. Қазірге дейін ғылым мен тәжірибеде дарындылық туралы екі түрлі көзқарас бар. Біреулері кез келген бала дарынды, тек уақытында нақты қабілетін анықтап дамыту керек. Ал қарсы көзқарастар дарындылық өте сирек құбылыс, жалпы адамдардың өте аз тобына ғана тән. Сондықтан, дарынды балаларды іздеу алтын түйірін іздегенмен бірдей дейді. Бұл көзқарастар тұқымқуалаушылық пен тәрбиенің дарындылықтың дамуындағы рөлін талқылаудың жауабы.
Балалардың келешегі жөнінде ойланбайтын, балалардың қабілетті, дарынды, талантты болып, болашақ қызметтерінде үлкен жетістіктерге жетуін армандайтын ата-аналарды табу өте қиын. Бірақ сөйте тұра солардың барлығы бірдей қабілет деген не, оны қалай дамытуға болады және бұл жұмыста жанұя қандай міндет атқару керек дегенді біле бермейді. Қабілеттілік туа бола ма, жоқ әлде жүре бола ма? Олар тұқым қуалай ма, жоқпа? Қабілеттілік барлық балада бірдей дамыту мүмкін бе? Оған қалай жетуге болады? Міне, бұл сұрақтарды ата-аналар жиі қояды.
Қабілеттілік жалпы ақыл қабілетті және арнайы қабілет болып бөлінеді. Жалпы қабілет негізінен ойлауға қатысты болып келіп, оның аңғарғыштық, ойланғыштық, дербестік, сыншылдық, икемділік т.б. қасиеттерінен көрініп отырады. Жалпы қабілет адамның өзін ой-әрекеттерінің түрлі салаларынан көрсете білуге мүмкіндік жасайды.
Жалпы қабілеті дами білген оқушы математика, әдебиет сабақтарын бірдей жақсы игеріп, мектеп шеберханасы, тәжірибе алаңы, лабораториядағы түрлі еңбек тапсырмаларын да сәтті орындап отырады. Қабілет, дарындылық, талант қалай пайда болады? Олардың табиғаты қандай? Туа болған қасиеттер мен жүре игерген қасиеттер арасындағы қатынас неде? Бұл сұрақтардың бәрі де қазіргі психология ғылымының шұғылданатын мәселелерінің ең күрделісінен саналады.
Психологтардың басым көпшілігі қабілеттілік әрекет үстінде оқытып, тәрбиелеу негізінде қалыптасып, дамиды деп есептейді.
Шығармашылық дарындылық белгілерінің тізімдерінің сараптамасы мінез – құлық аспектілерімен байланысты сипаттамалардың бар екендігіне көз жеткізуге мүмкіндік береді. Қазіргі кезде дарынды балалардың ерекшеліктері мен бейімділігін және мінез-құлқын сипаттайтын бірнеше тізімдер бар. Мысалы, әлемге әйгілі Б.Кларктың кітабында дәл осындай бес тізім бар. Олар баланың ойлау, шығармашылық қабілеттерін және өнер саласындағы (ән, би, драма т.б) қабілетін сипаттайды.баланың шығармашылық дарындылығының сипаттамалары нәтижесінде мына сипаттамаларды атап айтуға болады:
Зерттеу кезінде білімге ерекше құштарлық танытатын жоғарғы қажеттілік;
Ақыл-ойдың жоғары қажеттілігі;
Тек кешегі мен бүгінгі ғана емес, болашақ абстрактылы идеялар мен теорияларға қызығушылығы;
Белгілі бір іс-әрекетке, кәсіпке аса қызығушылық таныту, бір іспен шұғылдану;
Өз бетімен белгілі бір мақсатқа жетуге табандылық көрсете білу.
Шығармашылық қабілеттің дамуы әрбір балаға қажет екендігін, әр
Тұлғаның қоғам дамуында өз орны бар екендігін біле отырып, дарынды балалардың тек өткенге емес, болашаққа да қызығушылығымен, іс-әрекеттердің жаңа тәсілдерін көбейтуге қабілеттерімен ерекшеленетіндігін атап өту қажет. Сонымен бірге бұл жеке тұлғалық дамудың мақсаттарына да жауап береді. Бұл жөнінде К.Урбан былай деп тұжырымдаған: «Қазіргі заман талабына сай шығармашылық қабілеттің дамуына бағытталған білім дегеніміз – аз уақыт ішінде мол идея қорын алу емес, керісінше, жеке тұлғаның толық дамуын қамтамасыз ететін іс».
Мектеп балаларымен жұмыс істеу – ерекше маңызды педагогикалық проблема.
Яғни осындай жұмыс істеу бағыттары арқылы бала белгілі бір шеберлікке жеткен соң, оның шығармашылық қабілеті дамиды, өзіндік идеясы туып, үлкен ізденіс пайда болады.
Дарынды баланың бойындағы дамыған сана белсенділігі мен таным белсенділігі, тума қабілеті. Ол қабілет мектепте сан алуан ғылыми салалардан білім алу арқылы және ұстаздардың көмекгі арқылы ашылады және дамиды.
Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы талант көзін ашып, тілін байыту, қиялын ұштау мен өз бетінше ізденуге әсерін тигізеді.
Дамыта оқытудың басты мақсаты – баланы оқыту отырып, оны шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту.
Оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, шығармашылық бағытта жан-жақты дамытуда, дамыта оқыту технологиясының тиімділігі ерекше.
Дарынды балаларды анықтау-баланың дамуын таңдаумен байланысты ұзақ процесс. Осы айтылғандарды ескере отырып, дарынды балаларды анықтаудың мынадай ұстанымдары тұжырымдалды:
1. Баланың қызығушылығы мен бейімділігіне барынша сәйкес келетін қызмет аясында баланың іс-әрекетіне талдау жүргізу.
2. Дамытушылық ықпал ете отырып, баланың психологиялық кедергілерін жоюға мүмкіндік беретін тренингтік әдістерді пайдалану.
3. Баланың дарындылық белгісін оның психикалық дамуының нақты деңгейінде ғана емес, сондай-ақ оның болашақтағы даму мүмкіндігін де есепке ала отырып бағалау.
4. Жұмыс нәтижесін талдау, бақылау, әңгімелеу, мұғалімдер мен ата-аналардың сипаттамалық бағалары.
5. Түрлі ақпарат алу көздерін пайдаланып, бала қабілеттерін кең көлемде қамтуға мүмкіндік беретін баланың мінез-құлқы мен іс-әрекетін жан-жақты бағалаудың кешенді сипаты. Білім беру жүйесінде жаңаша мазмұн беру арқылы жан-жақты дамыған шығармашыл, рухани ой-өрісі кең жеке тұлғаны тәрбиелеу міндеті тұр.
Дарынды оқушымен жұмыс істедің негізгі мақсаты-олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқажету оқу бағдарламасын тереңдетіп, оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады. Дарынды оқушымен жұмыс істетін мұғалімге қойылатын педагогика-психологиялық талаптарды мынадай кезеңдерге бөлуге болады.
1. Мұғалімнің бағыт-бағдарына байланысты талаптар:
8. Оқушылардың білім деңгейлерін арттыру (мұражайға бару, белгілі адамдармен кездесу);
9. Шеберлер байқауы (ақындар айтысы, шешендер сайысы, би үйірмесі, шебер қолдар үйірмесі);
10. Оқушылардың аудандық, облыстық, республикалық шығармалар, жобалар байқауларына қатысу.
Заман талабына сай қазіргі білім беру үрдісінде түбірлі өзгерістер болып жтқаны белгілі.
Әр мұғалімнің басты міндеті – рухани бай, жан-жақты дамыған, дарынды, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу.
Оқу үрдісі уақыт талабымен қаншама өзгермесін, тек ұстаз ғана оның мазмұнын оқушы санасына сіңіре алады.
Қазіргі кезде балалар дарындылығын арттыру үшін өміріне көптеген жұмыстар ұйымдастырылды.
Яғни баланы оқыту мен тәрбиелеуде түрлі ізденіс жұмыстары арқылы дарындылықты анықтап олардың дұрыс қалыптасуына жағдай жасау керек. Дарынды, қабілетті балалар өзінің бойындағы ерекше қабілеттері арқылы ең жоғарғы нәтиже жеткен балалар.
Қорытындылай айтарым, оқушылардың дарындылығын айқындап, біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп оқытып, ғылыми ізденіс қабілеттерін қалыптастыруымыз керек. Ендеше бізге ой-өрісі жоғары дамыған, зерделі ұрпақ керек екенін естен шығармауымыз керек.Бұл-ұстаздарға, барлық жұртшылыққа жүктелетін ауыр да абыройлы іс. Еліміздің білімді, саналы азаматтарын тәрбиелеп шығарудан артық ,ұстаз үшін бақыт болмаса керек.