Сабақтың тақырыбы: М.Жұмабаев «Батыр баян» | Мұғалімнің аты-жөні:Абдыхаймова Н Күні: 09.01.2018ж |
СЫНЫП: 7 «Ә» | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспаған оқушылар саны: 0 |
Сабақ негізделген оқу мақсаттары | әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау (Т/Ж1). |
Сабақ нәтижесі: | Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды. Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады. |
Бағалау критерийі | Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады. |
Тілдік құзіреттілік | Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті |
Ресурстар | Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер. |
Әдіс-тәсілдер | Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия. |
Пәнаралық байланыс | Музыка, қазақ тілі. |
Алдыңғы оқу | Жамбыл-айтыс ақыны |
Сабақтың жоспары |
Жоспарланған уақыт | Сабақ барысы : | Бағалау түрлері |
Басталуы 5 минут | Ұйымдастыру кезеңі 2 минут Топтарға бөлу. «Қағаз қиындылары» Бірнеше құттықтау қағаздарын топ құрамындағы оқушылар саны бойынша беске, алтыға жыртып, оларды араластырып, оқушыларға таратып беру керек. Оқушылар қиықтарды құрастырып бүтін сурет шығарады. Сол арқылы топтарға бөлінеді. Психологиялық ахуал қалыптастыру: 3 минут «Өзі туралы кластер» тренинг Оқушылар танысу үшін өздері туралы кластерлер құрастыруы керек. Олар парақтың ортасындағы шеңберге өз есімдерін жазып, одан таралатын шеңберлерге өздерінің өмірінде маңызы бар бес негізгі рөлін жазады. Мысалы: Жанұяның еркесі, адал дос т.б | 1-топ: Жазушылар 2-топ: Зерттеушілер 3-топ: Суретшілер «Өзі туралы кластер» тренинг, қағаздар, қалам. |
Жаңа білім 10 минут | «Батыр Баян» поэмасы - Мағжанның ақындық алып құшағын, қуатты суреткерлік талантын мейлінше танытқан поэма. Ұлттық эпостық және лирикалық дәстүрді жаңа көркемдік жан- жақты байытқан бұл поэма ақының поэтикалық мәдениетінің барынша толысып биік дәрежеге көтерілгендігін ерекше танытты. Бұл поэманың жаңалығы Баянның бейнесін сомдады. Оның портреті даму үстінде біртіндеп айқындалды. Поэмада көтерілген тақырып - ұлттық тақырып. Қазақ елінің ғасыр бойы көксеген арманы. Елім деп еңіреген перзентінің кеудесін жарып шыққан ыстық сезімі. Мағжан поэмасының табиғилығы соншалық- оқиға әбден шиеленіскенде Баян оңашаланып, өзімен-өзі болып, істеген әрекетінің дұрыс бұрыстығын таразылайды. Жүрек сырын жайып салады. Бір ойы екінші оймен таласып, істеген ісінің ұшығына жете алмай, күманы молайып, арпалысатын кейіпкер, осы –Баян. Жоспар Көрікті Көкше- Абылай Баян бастаған ел қорғандарының қонысы. « Баянсыз қанатымды қалай жаям?!» « Жорықта жауының бір сұлуын алып қайтқан..» « Өлтірдім бе, інімді алаштың намысы үшін..» « Елі үшін төккен ерлер қанын жұтқан... жер ұмытпас» Осы жоспар бойынша балалармен бірге мазмұнын айта отырып, Баян бейнесін талдаймын. І. «Батыр Баян» поэмасының басты тақырыбы: Туған елді, жерді қорғау. ІІ. Идеясы: Батыр Баян бейнесі арқылы батырларды дәріптеу. ІІІ.Жанры: Поэзия, поэма ІҮ.Сюжеттік-композициялық талдау: 1. Шығарманың басталуы. « Батыр Баян» поэмасы Мағжан ақынның көңіл-күй сезімін толғаудан басталады. | Оқулық, мәтіндер. |
Ортасы 10 минут | Қолдану Оқулықтағы тапсырмаларды орындау Негізгі бөлім 1. Топтық жұмыс Де Бононың қалпақтары І топ - Ақ қалпақ – Фактілер Жоңғар шапқыншылығы туралы ақпарат беру ІІ топ - Қызыл қалпақ – Түйсік - Кейіпкерлердің іс - әрекеттері маған қалай әсер етті? ІІІ топ - Сары қалпақ - Позитив Батыр Баян әрекетінің жағымды жақтары ІV топ - Қара қалпақ – Жағымсыз Баян әрекетінің осал тұстары V топ - Көк қалпақ – шолу Әр кейіпкердің іс - әрекетіне баға беру Талдау «Ыстық орындық» орындық әдісі (Бір оқушы алдыңғы жақта, орындықтар оны айнала қоршай орналастырылады. Жаттығудың сипаттамасы: Бір оқушы алға шығып өз пікірін айтып және тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Сұрақты анағұрлым мазмұнды қылу үшін, оқушылар белгілі бір пікір бойынша бірлесіп алға шығып сөйлей алады. | Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер «Ыстық орындық» орындық әдісі, сұрақтар, орындық. |
Сергіту сәті 2 минут | «Австралиялық жаңбыр» | жаттығу |
Аяқталуы Сабақты бекіту 10 минут | Синтез «Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі Ой қорыту Кестені толтыру Поэманың қай тарауы маған ерекше әсер етті? Неге? Баянның әрекетімен мен келісе алмаймын. Өйткені... Поэманы оқи отырып, қандай қорытынды шығарамын? Ақын көтеріп отырған қай мәселе менің болашақ өміріме қажет? | «Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі |
Бағалау 5 минут Кері байланыс 3 минут Үйге тапсырма | Бағалау парақшасы Дұрыс жауапқа 5 балл. «Рефлексиялық шеңбер» Оқушылар шеңберге тұрып, төмендегі сұрақтарға жауап береді. Сабақ барысында көңіл-күйіңіз қандай болды? Неліктен? Бүгін не білдіңіз? Сіз үшін не жаңалық болды? Сабаққа қатысуыңызды қалай бағалайсыз? Сабақта қандай қиындықтар туындады? Сабақ аяқталғанда көңіл-күйіңіз қандай? Неліктен? «Батыр Баян» поэмасы | Бағалау парақшасы Рефлексиялық шеңбер |
Қосымша ақпарат |
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? | Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? | Пəнаралық байланыс Қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы Байланыс |
| | |
Рефлексия Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен? | Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз. |
Қорытынды бағамдау Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? |