kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мағжан бейнелеген Батыр Баян

Нажмите, чтобы узнать подробности

Батыр Баян дастаны халық тарихының бейнелеу жолымен жасалған көркем шежіресі

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мағжан бейнелеген Батыр Баян»

Мағжан бейнелеген Батыр Баян


Ұлттық рухани мәдениеттің ең үлкен бір саласы – көркем әдебиет. Оны халық тарихының бейнелеу жолымен жасалған көркем шежіресі деуге болады. Сондай-ақ тарихи тұлғалар жайлы мәліметтер тарихпен бірге әдебиет бетінде де көптеп кездеседі. Халық өз өмірінің жарқын не қайғылы кезеңдерін аңызға қосып, жырға айналдырып, ел жадында сақтаған және оларды өмірде болған күйінен гөрі әдемілеп, сырлап, шындыққа жанасты етіп әсерлеп, қиялмен толықтырып, жаңа – «таныс-бейтаныс» бейнеге айналдырған. Сондықтан тарихи оқиғалар болған қалпындағы әңгімелерден гөрі халық жырларында молырақ сақталып, ауыздан ауызға тараған. Бұл жайында Шоқан Уәлихановтың: «Бұл халықтың ертеден өзіне тән тұрмысында есте қалдырмаған бірде-бір маңызды оқиғасы, бірде-бір тамаша адамы жоқ деуге болады. Олардың біреуін суырып салма ақындар мен жыршылар жыр етсе, екінші біреулерінің атын кейінгі ұрпақ естерінде ұмытылмастай етіп белгілі бір сыбызғышы не қобызшы музыканттар тастап кеткен»,[1] – дейтіні де содан.

Тарихи жырларда дәл сол дәуірдің оқиғасы, замандастарды толғантқан нақтылы құбылыстары алынып, олар халық көзімен бағаланады. Тарихи жырлар жалпы өмірде бола беретін оқиғалардың емес, белгілі бір кезеңдегі әлеуметтік-тарихи тартыстардың елесі. Тарихи жырлардың алғашқы нұсқалары сонау ХVIII ғасырдан бастау алады. Бұл кезең ел тарихында қазақтың ең бір қиын-қыстау заманы ретінде айшықталды.

Жоңғар-қалмақтың жан-жақты қыспағы елді қатты күйзеліске ұшыратты. 1723 жылғы қайғылы да қасіретті «Ақтабан шұбырынды – Алқакөл сұлама» оқиғасы елдің еңсесін басты. Қазақ жұртының тоз-тозы шығып, бытыраңқылыққа ұшырады. Осы тұста халықтың басын қосып, қасына батырларды жинаған ер Абылайды айтпаста болмайды. Ол талай жорықтарға қатысып, ерлігінің арқасында елдің айбатты арыстанына айналды. Қайғы жұтқан жұрттың қамын ойлап, халықты ауызбіршілікке шақырып, елдің еңсесін көтерді.

Сол тұста Абылайдың ақ туынның астына жиналып, төңірегіне топтасқан халық батырлары – Қара Керей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Сары, Баян мен Сағынбай сынды ел ардақтылары болатын. Аталған батырлар ішінде бүкіл өмірін қазақ жұртының тәуелсіздігі жолындағы күреске арнаған ер жүрек ардагерлердің бірі – батыр Баян Қосаболатұлы (1710/1715 – 1757). Ол өзінің батырлығымен, тапқырлығымен Абылай ханның ерекше құрметіне бөленген. Талай қиян-кескі шайқасқа қатысып, «Батыр Баян» атанған болатын [2].

Өкінішке орай, Баянға қатысты тарихи деректер өте аз. Батыр жайлы мәліметтерді біз сол кездегі ел мұқтажын жырлаған, халықты ауызбіршілікке үгіттеген жыраулардың шығармашылығынан табамыз.

Абылай ханның тұсында өмір сүрген Үмбетей мен Тәтіқара жыр толғауларынан Баянның сол кезде жоңғарларға қарсы күрескен батыр екенін білеміз. Мәселен, Үмбетей жыраудың «Бөгенбай өлімін Абылай ханға естірту» атты ұзақ толғауында мынадай дерек бар.



Қара Керей Қабанбай,

Қанжығалы Бөгенбай,

Сары, Баян мен Сағынбай

Қырмап па еді жауыңды,

Қуантпап па еді қауымды,

Ұмыттың ба соны, Абылай[3].

Үмбетей толғауынан, батыр Баянның Абылай ханның тірегінің бірі екендігін байқаймыз. Баянның халқы ардақтаған, ел қорғаған батырларымен бірігіп, қазақ халқының туын жықпай, талай қан майданда ерлік көрсеткен еліміздің хас батырының бірі болғандығына көзжеткіземіз.



Ал, Тәтіқара болса, өз толғауында:

Бөкейді айт Сағып менен Дулаттағы,

Дәріпсәлі Маңдайды айт Қыпшақтағы

Өзге батыр қайтсада бір қайтпайтын

Сары менен Баянды айт Уақтағы [3]



– деп, оның ержүрек батылдығы мен елін қорғаған тұлғалы азамат болғанын аңғартады.
Батыр Баян туралы деректер Шоқан Уәлихановтың еңбектерінде біршама кездеседі. Зерттеушінің «Исторические предания о батырах XVIII века» [1] атты мақаласында батыр жайлы деректер кездеседі. Мұнда да Баянның ержүректігін, ақылдылығын Абылай ханның жоғары бағалағандығы айтылады. Осыған қатысты нақтылы дерек келтіреді. Мәселен, Уақ батыры Баян Абылай ханмен бірге Қытай жасақтарына қарсы соғысқа қатысады. Қытайлармен айқаста Абылай қолы шегінуге мәжбүр болғанда оларға мүмкіндік жасап, Баян батырдың жасағы қытайларды бөгеу үшін айқасқа түседі. Бұл шайқаста Баян өзінің тапқырлығы мен ержүректігі арқасында хан әскерін қырғыннан құтқарады.

Шоқан Уәлихановтың Баян туралы айтқан деректері Мағжан ақынның «Батыр Баян» поэмасының сюжеттік желісіне арқау болғанға ұқсайды. Шоқанның келтірген деректері мен оқиғалар дастанда айқын көрініс тапқан.

М. Жұмабаевтің екі тараудан тұратын көлем жағынан ауқымды болмағанмен, барынша жинақы әрі эпикалық поэмасында ескілік пен жаңалық арасындағы байланысты белгілі сюжетпен сомдайды.

Шынында да, «Батыр Баян» дастаны Мағжан поэзиясынынң шыңы деуге тұрарлық. Поэма аса көркем деңгейде, ерекше шабытпен жазылған. Жан күйзелісі, сезім, батырлық пен махаббат дастанда жыр болып өріледі. Поэма өзінің сюжеттік жағынан эпостық жырларға өте ұқсас. Мағжан тілінің әуезділігі мен әсемдігі, көркемдігі мен көріктігі ерекше үйлесімділікте сай келуі поэмада айрықша көрініс тапқан. Поэма Көкшенің керемет табиғат сұлулығын ерекше поэтикалық көркемдегіш құралдармен айшықтайды:


Сарыарқа – сарыдария, қиыры жоқ,

Қарағай, қызыл қайын, тал аралас [4].


Сөз арқылы керемет сурет салған Мағжанның шеберлігі айқын аңғарылады. Поэма сюжеті алдымен Абылай ордасына «Жиылды өңшең ноян ағай-сығай» деп жиналған қауымның тізбеленіп, ішінен шоқтығы биік Баян батыр бейнесі айрықша тұлғаланып көрсетілумен басталады. Мәселен:

Би Қанай! Аттанбайды хан Абылай,

Келмесе қандыбалақ батыр Баян![4]

-деген Абылай сөзінен батырдың хан ордасындағы орны мен беделін байқаймыз. Жиналған өншең батыр Баянның кешігуін түсінбей:


«Жау!» десе жатпайтұғын батыр Баян,
Апырым-ай, келмеуінің мәні қалай, [4]


- деп таңданулары күшейе түсті. Қайткен күнде де Абылайдың Баянсыз жауға аттанбауы батыр Баянның шын мәнсінде беделдігін көрсетеді.

Оның мәнісі мында еді. Қазақмен жауласқан қалың қалмақтан Баян бір сұлу аруды өзімен әкеледі. Арудың сұлулығына тең келер ешбір сұлулық болмайды. Қыз сұлулығын Мағжан былай көрсетеді:

Сол сұлу сұлу екен атқан таңдай,
Бір соған бар сұлулық жиылғандай.

...Лебізі – жібек лебі, жұмақ желі,

Кәусардай татқан адам қалар қанбай [4].

Батырдың сұлулық отына түсіп қалмауы, сабырлық танытуы – оның бойындағы ерекше қайсарлық, батырлықтың белгісі. Қалмақ қызы қазақтың аруы болып кетсе де, өз елін жанынан шығармаған. Сыр бермеген қалмақ қызының Ноянға көз тастауынан, он бес жасар баланың жүрегінде ұшқын туады. Сол ұшқын жүректе отқа айналып, батыр інісі Ноян аласұрады. Махаббат мас, сезім уланған екі жас «айрылмаймыз» деп ант береді. Қыз бен Ноян арасында шиеленіскен махаббат өршиді. Қыз Ноянға «сені сүйем, бірақ саған қосылу үшін жылап-зарлап қалған ата-анамның батасын алу керекпін» дейді. «Мені сүйген Баянға екеуміз қосылсақ ауыр тимей ме? Сарыарқадан сапар қылайық, сонда тыныш бас қосайық» дейді. Қыз айтқанына Ноян нанып, екеуі келісіп қашады. Болған іс тез арада Баянға жетеді. Мұны естіген Баян сенбей қатты ашуланады. Ойланып ары-бері теңселеді. Ақылдан айрылған батырдың көзіне қан үймелейді. Ашуланып қашқындардың артынан қуғынға түседі. Ызаға толы, көкіректі намыс жеген Баян қыз бен туған бауырына жетіп, артындағы садағын қолға алып, ызадан өз інісін танымай қалады.

Жас Ноян: «Жан көке!» – деп сөз қатқанша,

Сұлу да жетіп келіп: «Баян аға!» –
Дегенше, қалды тартып батыр Баян,

Баянның батырлығы алашқа аян.

Оқ тиіп жүрегінен құлап түсті,

Атынан бүктеліп бөбек Ноян [4].


Есін жиіп, ер Баян екі жасқа қарап, қайғырды, жылады. Енді батыр өз өзіне қайта–қайта: «Мұның не?» - деп күбірледі. Баян өзінің жорыққа шыққанына, қу қалмақ қызын әкелгеніне, өзінің қызу қандылыққа салынғанына қатты өкінеді. Өзі жақсы көрген қалмақ қызына деген махаббатын да кінәлайды. Осының бәріне қатты қайғырған, түңілген Баян енді:

Өз бауыры, өз сүйгенін өзі өлтірген
Алашым, аттанамын жауыңда өлем! [4]

– деп Баян енді өмірден үміт үзіп, ажал аузына өзі ұмтылады. Екі жанды жерге бөлеп, басында көп отырып, көз жасын қайта төкті батыр Баян. Көп ұзамай Баян атқа мініп, ауылға қарай тартты. Жиналған қол Баянды күтті. Баянның келуін Абылайға жеткізгенде, хан “Таң ата жүреміз” – деп жарлық береді. Ертесіне таң атып, түн өткенде Абылай әскерге “Аттан” деп хабар салады. Аттанған қалың қолды Іленің аңғарында қалмақ күтіп отырады. Қазақтың қалың қолын көргенде қалмақтар сескеніп қулықпен алдап кетуді ойлайды.

Келіс сөз жүргізуге жеті қалмақ жіберіп, ағаттықтың өздерінен болғандығын, соған кешірім сұрап бар байлық, малды береміз дейді. Бұл айтқандары Абылайды ойландырады. Өзінің кеңесін жинаған Абылай қалмақтардың бергенін алайық дейді. Көпшілік үн-түнсіз мақұлдап тұрғанда Баян қарсы шығады. Алдияр олар қу, бізді алдап кетеді, қалмақтарды шабайық дейді. Хан мен Баян сөздері келіспей қалады. Абылай Баянның қарсылығын іштей жақтырмай қабақ түйеді. Өз қолына хан қайту деп бұйрық береді. Жас Баян хан бұйрығына разы болмай, таңның атысымен жүз жолдас ертіп, қалың Қытайға қарай шабады. Көкіректегі кернеген ыза Баянды мың қолдық қалмаққа алып кеп соғады. Бір қазаққа жүз қалмақ болып соғысқан шайқаста Баян әскері жеңіліс табады. Көз жұмар шағында Баянның алдына Ноян менен Ақшамаңдай келеді. Көз алдына анық болып елестеген екі жасқа Баянның айтқаны:

“Іс өтті. Ажал жетті.

Енді не бар?
Қоштасып айтысалық.

Соңғы сөзді,
Келіңдер, қарақтарым, кешіңдер!” [4]

– деп батыр мәңгілікке көз жұмады.

Мағжан ел аузынан естіген миф-аңызды өзінің ақындық шеберімен тамаша поэма етіп жазады. Реалистік негізде жазылған поэманы Мағжан табиғатпен әсерлей күшейте түседі. Бір қарағанда, бұл сюжетті поэма ғана іспетті. Дұрысында, ақында тек тарихты жырлау ғана емес, сондай-ақ ерлікті, еркіндікті суреттеу басым екені анық аңғарылады. Символизм ағымында жол шиырлаған Мағжан бұл поэма арқылы екіұшты ой тастап, оқырманын терең танымға итермелейді. Шығарманың әу басында-ақ ақынның:

Жүрегім, мен зарлымын жаралыға,

Сұм өмір абақты ғой саналыға.

Қызыл тіл, қолым емес, кісендеулі,
Сондықтан жаным күйіп, жанады да [4]


– деуі үлкен ойға жетелейді. Бір байқағанымыз, мұндай лирикалық шегіністер дастанда біршама бар. Бірақ олар (шегіністер – ) поэманың сюжет желісіне сәйкес беріліп, композициялық құрылыс элементі ретінде біте қабысып кеткен.

Бұл, біріншіден, Мағжан талантының қарымын байқатса, екіншіден, алашқа аты мәлім қазақ батырының бастан кешкен трагедиясын суреттеу арқылы егемендік үшін еңіреп, сыртқы жауға қарсы күресте айбынды Абылай ханның туының астынан табылған, аттары аңызға айналған ел ерлерін тамсана жырлай отырып, елдің өткен күнін, тәуелсіздік тұсын аңсау болды. Ал үшіншіден, азаттықтың аңсары мен ел ертеңінің еркіндігі ұлттық сана-сезім мен халықтық рухта екенінін жете түсініп, “алаштың от екпінді ерлерін“ үлгі ету, “сенген жастарына“ күш-жігер қосу еді.

Бодандықта болған қазақтың бостандыққа жетуін армандап, сол сүрлеуде “тар жол, тайғақ кешуден” өткен Алаш арыстарының бірі ретіндегі Мағжан Жұмабаев мұрасына құрсау қойылғанда, оның шығармашылығында әспеттелген Абылай хан мен оның ең жақын батырларының бірі болған Баян батыр сынды тарихи тұлғаларды атап, ардақтауға тосқауыл қойылғаны көпке мәлім.

Біз сөзге тиек етіп отырған батыр Баян есімінің кеңестік кезеңде ескерусіз қалуы да осындай келеңсіздіктің кесірі еді десек болады. Ал бүгінгі күні, дербестікке қол жеткізіп отырған тұста мұндай олқылықтардың орнын толтырып, кемел келешектің келбетін халық үшін құрбан болған қайсар да қайратты сол тарихи тұлғалардың танымы мен тағлымынан табарымыз анық.



Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Уәлиханов Ш. Таңдамалы шығармалары. 2-басылуы. – Алматы: Ғылым, 2001. –422 б.

2. Батыр Баян. Қазақ энциклопедиясы. – Алматы: Қаз. Энц.-сы, 2001.– 518 б.

3. Бес ғасыр жырлайды. І-том.– Алматы: Жазушы, 1989. –392 б.

4. Жұмабаев М. Сүй, жан сәулем. – Алматы: Атамұра, 2002. –256 б.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Мағжан бейнелеген Батыр Баян

Автор: Каримжанова Рысгуль Бекшеновна

Дата: 07.02.2018

Номер свидетельства: 455439

Похожие файлы

object(ArrayObject)#941 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(259) "Ма?жан Ж?мабаевты? 120 жылды?ына байланысты « Мен жастар?а сенемін» атты айдарымен ?тетін 10-11 сынып о?ушыларыны? дайында?ан ?деби кешіні? жоспары. "
    ["seo_title"] => string(164) "mag-zhan-zhu-mabaievtyn-120-zhyldyg-yna-bailanysty-mien-zhastarg-a-sieniemin-atty-aidarymien-otietin-10-11-synyp-ok-ushylarynyn-daiyndag-an-diebi-kieshinin-zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "154525"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1421164950"
  }
}
object(ArrayObject)#963 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(97) "М.Жұмабаевтың " Мен жастарға сенемін " атты әдеби кеші"
    ["seo_title"] => string(60) "m_zhu_mabaievtyn_mien_zhastarg_a_sieniemin_atty_diebi_kieshi"
    ["file_id"] => string(6) "354150"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1477994104"
  }
}
object(ArrayObject)#941 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(21) "Ана бейнесі"
    ["seo_title"] => string(13) "ana-bieiniesi"
    ["file_id"] => string(6) "313560"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459505190"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства