Мектебі: Қуағаш негізгі орта білім беретін мектебі
Пән мұғалімі:М.К.Жумагалиева
Бекітемін:
Сыныбы 6
Күні: 02.03.17ж. пәні: Қазақ тілі
Тақырыбы
Үстеулерді қайталау
Мақсаты
Жалпы үстеу туралы түсінік беру, оның түрлерін ажырата білу, білімдерін пысықтап бекіту. Топта ұйымшылдыққа, өзара ынтымақтастыққа, шапшаң ойлай білуге баулу.
Күтілетін нәтиже
Оқушылар тақырып бойынша толық мағлұмат алды. Өз ойларын еркін жеткізе алатын, қорытынды жасай білетін, топта ұйымшыл болуға, ынтымақтастыққа тәрбиеленген тұлға қалыптасты.Сөйлеу тілдерін жетілдіру, ой - өрісін, есте сақтау қабілеттері дамиды,, еркін жұмыс істеу дағдысы қалыптасады.
Дереккөздер, құрал-жабдықтар
Оқулық, бағалау парағы, 10 сұрақ, банкідегі сұрақ, хан жарғысы.
Сабақтың барысы
Уақыты
Мұғалім әрекеті
Оқушы әрекеті
Кіріспе
3 мин
15
Мин
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару сынып оқушыларына жағымды психологиялық ахуал туғызу.
Мейірімді жүрекпен, (жүректерін ұстайды)
Ақ пейілді тілекпен.(қолдарын көкке көтереді)
Амандасып алайық,(бір-бірінің қолдарын ұстайды)
Бір жадырап қалайық.(бір-біріне қарап күлімдейді)
Еңбек етіп ерінбей,
Жақсы баға алайық,(бас бармақтарын көрсетеді)
Асықтар арқылы оқушыларды топқа бөлу. Топ басшысына бағалау парағын береді.
Үй тапсырмасын сұрау:
226-жаттығу. Мәтіндегі үстеулерді тауып,сұрақ қою арқылы түрлерін ажыратыңдар.
оқушылар амандасады, зейінін сабаққа аударады. Тренингке қатысады және тірек сөздер арқылы топқа бөлінеді.
Үй тапсырмасын айтады.