Просмотр содержимого документа
«Ана тілі-жүрек үні»
Әдеби –танымдық шара.
АНА ТІЛІ-ЖҮРЕК ҮНІ.
Сабақтың мақсаты: оқушылардың тіл туралы танымдық деңгейін көтеру, жас ұрпақты ана тілінің қадір-қасиетін білуге шақыру;
Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, сөздік қорын молайту.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ.
Сабақтың типі: сыныптан тыс.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топпен жұмыс, ойын.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, плакатқа жазылған нақыл сөздер.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Тіл-адамзат баласына тән ғажайып құбылыс. Адамзат қоғамының аясында халық, ұлт және оның тілі жүздеген, мыңдаған жылдар бойы қалыптасады. Әр ел өз тілі арқылы әлемді, дүниені, өмірдің құнды тағылымдарын таниды. Өз елінің мәдениетін жасайды, өмірден түйген тағылым, тұжырымдарын келешек ұрпақтарына жеткізеді.
Тіл- халық тарихы, тіл-ұлттық қазына, тіл-біздің намысымыз,арымыз, байлығымыз, барымыз. Ана тілі-анаңның тілі, туған халқыңның тілі. Ана тілін біз кішкентай кезімізден қастарлеп, құрметтеп үйрене бастаймыз. Әр халақтың жер бетінде жасағаннан бергі басынан кешкен өмірі, ерлік істері,аңыз ертегілері, шығарған өлең жырлары, жазған кітаптары, табиғат пен қоғам құбылыстары атаулары, көрген білген жалпы дүние жайындағы ұғымдары, ойы, сезімі- бәрі-бәрі де ана тілінде сақталады, ана тілі арқылы атадан балаға ауысып отырады.
Қазақ халқы өз тілін ардақтап, кие тұтқан. Тіл құдіретін танып, «Өнер алды –қызыл тіл», «Бас кеспек,бар да, тіл кеспек жоқ» деп дәріптеген. Ананың әлдиімен ұрпақ бойына таралып, ананың бал сүтімен сүйегіне сіңетін тілді ана тілі деп аялаған. Атаның ақалы мен даналағына суарылған сөз аталы сөз болып есептелген.
Қазақстан Республикасының Конституциясыны сәйкес қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебиесіне ие.
Қазақстан Республикасының Конситутциясы ( 1995), Тіл саясаты туралы тұжырымдама (1996) және Қазақстан Республикасындағы тіл туралы Заң (1997) тек қазақ тілінің ғана емес, республикадағы барлық ұлт тілдерінің ұлтаралық жарастық пен рухани ынтымақтастыққа құрылған мүддесін көздейді. Тіл туралы заң VI тарау, 27 баптан тұрады.Осы Заң Қазақстан Республикасында тілдердің қолданылуы құқықтық негіздерін, оларды оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдай жасау жөніндегі міндеттерін белгілейді.
Бүгінгі рухани-өнегелік сайыс- сабағымызды бастайық. Сайысқа қатысушы екі топ өздерін таныстырып өтеді.
Бірінші топ: «Бәйтерек».
Ұраны: «Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады».
Екінші топ: «Сұңқар»
Ұраны: «Пайда ойлама, ар ойла, Талап қыл артық білуге»
1-айналым: Бұл сайыста екі топ тіл туралы ақындардың өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқиды.
Мархаббат:
Туған тілім-тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сөз ойдағы.
Өлсе тілім мен де бірге өлемін,
Өшсе тілі мен де бірге өшемін.
Айжан:
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнімменен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.
Аманкелді:
Қазақ тілім-өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастарлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашаққа бастаған дана тілім.
Дана:
Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,
Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.
Ел бетіне қалай түзу қараймын,
Ана тілім,
Егер сені білмесем.
Ана тілім-дана тілім, бақ тілім,
Сенсіз бақыт бақыт дүниеден тапты кім?
Сенсің менің қасіретім, шаттығым,
Сенсің менің тазалығым, пәктігім.
Ана тілім-
Алтын ұям құндағым,
Ақ бесікте әлдиіңді тыңдадым.
Сенің жазың, сенің әнім айтарым,
Санам сөніп,
Байланғанша тіл-жағым!
Нұрай:
Сүйемін туған тілді –анам тілін,
Бесікте жатқанымда –ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнің.
Аяулым:
Жанбасам, да жансамда,
Туған тілде сайраймын.
Мылқау болып қалсам да,
Туған тілді ойлаймын.
Зарема:
Дәулет деген ұғыңдар,
Кеше бар да бүгін жоқ.
Тілің болса, үнің бар,
Тіл болмаса түгің жоқ.
Абзал:
Қуан далам!
Қуанатын күн бүгін.
Серпіп таста мұңды жүрек түндігін,
Тіл туралы заңым енді күшіне
Паш еткендей кескен жаңа кіндігін.
2-айналым. «Сөз ойла, тез ойла» (екі топқа Қазақстан сөзі беріледі, сол сөзден сөздер шығару керек)
3-айналым. «Сен білесің бе?» сайысы.
Бұл сайыста әр топқа 10 сұрақтан беріледі.
«Бәйтерек» тобына:
1-сұрақ: Қазақстан Республикасы қашан тәуелсіздік алды?
( 1991 жылы 16 желтоқсан)
2-сұрақ: Елтаңбаның авторлары кім?
(Жандарбек Мәлікбаев, Шотаман Уалиханов)
3-сұрақ: Қазақша жыл басы? (наурыз)
4- сұрақ: Қазақтың түнде айдың жарығымен ойналатын ұлттық ойыны. (Ақсүйек)
5-сұрақ: Қар жана ма? ( Қалауын тапса, қар жанады)
6-сұрақ: Тауық түс көре ме? (Тауықтың түсіне тары кіреді)
7-сұрақ: Қандай бөшкеге су құюға болмайды? (Іші толы бөшкеге)
8-сұрақ: Кім барлық тілде сөйлей алады? (Жаңғырық)
9-сұрақ: Егер түнде сағат 12 –де жаңбыр жауса, мұнан соң 72 сағаттан кейін күн ашылып, шуақ түсе ме? (Жоқ, бұл уақытты түн мезгілі)
10-сұрақ: Түкіріктен көл құрала ма? (Көп түкірсең көл)
«Сұңқар» тобына:
1-сұрақ: Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі (Қазақ тілі)
2-сұрақ: Мемлекеттік Тудың авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)