Просмотр содержимого документа
«М??а?али Ма?атаевты? ту?ан к?ніне арнал?ан "Со?ады ж?рек" атты ?деби кеш »
Әдеби кеш
Тақырыбы: «Соғады жүрек!»
Мақсаты: Ақиық ақынның өмірінен мағлұмат беру, өлеңдерін мәнерлеп оқу. Мұқағали поэзиясының халыққа кең таралуына және оның шығармаларының сырын түсіну.
Көрнекілігі: ақынның суреті, интерактивтік тақта, ақын өмірінен слайд, кітап көрмесі.
1-жүргізуші:
Қуат алып Абайдың тіл күшінен,
Жыр жазамын Абайдың үлгісімен
Абай болып табынсам бір кісіге,
Абай болып түңілем бір кісіден.
2-жүргізуші:
Өлмеу үшін құлқымды жемдеу үшін,
Мен дағы өлең жазбаймын ермек үшін.
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін,
Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін,- деп Абайды үлгі тұтып, сөз құдіретін танытқан айбынды ақынымыз Мұқағали Мақатаевқа бүгінгі кешімізді арнамақшымыз.
1-жүргізуші:
Жыл керуені алға жалжыған сайын Мұқағалидың артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздай жарқ етіп күн сәулесін шашып тұрғандай сезіледі. Абаймен үндес Мұқағалидан перзенті бар халық шынымен бақытты халық.
2-жүргізуші:
Әр жас талантты ұрпақ Мұқағали өлеңдерімен сусындайтыны анық. Мұқағалиды қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар, өз ерекшелігін көрсетіп, дәлелдеп кеткен ақын деп білеміз.
1-жүргізуші:
Жарық дүниедегі аз ғұмырын мәңгілік өмірмен ұзаққа жалғасатынын ақынның сезімтал жүрегі сезген сияқты. Уақыт өткен сайын Мұқағали ақынның тұлғасы ақиқат пен аңызға айналған. Ол халқымен бірге биіктеп, бірге жасайтын ақын.
2-жүргізуші:
Ендеше, ақиық ақынымызға арналған «Соғады жүрек» атты әдеби кешімізді бастаймыз. Бұл кешіміз жай кеш емес, нағыз дүлділдерге арналған сайыс. Ал сайысымыз 3 бөлімнен тұрады
1-жүргізіуші:
Бірінші кезең«Поэзия минуты». Мұнда сіздер ақынның өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқисыздар.
Екінші кезең«Мұқағали әлемі». Бұл кезеңде сіздер Мұқағалиға арналған өз жүректеріңізден шыққан шығармаларыңызды оқисыздар.
Үшінші кезең «Құлақтан кіріп, бойды алар» атты Мұқағали өлеңдеріне жазылған әндерді орындау.
2-жүргізуші:
Сайысымызды бастамай тұрып, әділқазылар мүшесімен танысып алайық
Тәрбие ісінің меңгерушілері: Тоғаева Бақыт Дүйсенбекқы, Нұрахметова Альмира Давледқызы.
Мектеп кітапханашысы Самал.........
Оқу ісінің меңгерушісі: Мұхамадиев Ерсайын Исайынұлы
1-жүргізуші:
Өлең –өнер, оны туа біткен дарын иесі талантты адам ғана дүниеге әкеле алады. Жүректен шыққан ән, жүрекке ғана жетеді. Ендеше сайысымыздың бірінші кезеңі «Поэзия минутына» кезек берелік. Бұл бөлімде әр қатысушы ақынның өлеңін мәнерлеп, нақышына келтіріп, образға кіріп оқу керек. Құрметті сайыскерлер іске сәт!
2-жүргізуші:
Жазылар естеліктер нешелеген,
Көрерміз оның бәрін пешенеден.
Әйтеуір, білетінім бір-ақ нәрсе-
Көшеді өлең немесе өшеді өлең!
1-жүргізуші:
Қулары таудың қызыл түлкісі дер,
Момындар біздің үйдің кірпіші дер.
Мәңгілікке өзіммен ала кеткен,
Менің нәзік жанымды кім түсінер,?- дегендей, ақиық ақынның өзі жырлағанындай сайысымыздың келесі бөлімі «Мұқағали әлеміне» кезек берейік. Ақын туралы жүректерінен шыққан ішкі толғаныс сезімдерін өлең арқылы немесе шағын эссе арқылы жеткізуде.
2-жүргізуші:
Мұқағали поэзиясы- тірі поэзия. Оның өлеңдерін білмейтіндер, әнмен орындамайтындар кемде-кем шығар. Бұл туралы Рза Қунақова «Жыр басы Қарасаздан басталған Мұқағали Мақатаев бүгінде ән болып, аспанда қалықтап, жыр болып жұлдыздармен сырласып, сонау аспан әлемінде шырқап барады» дейді. Иа, расымен де ақынның әндерін бүкіл халық біледі.
1-жүргізуші:
Ендеше, бүгінгі сайысымыздың ақырғы үшінші кезеңі «Құлақтан кіріп, бойды алар» атты кезеңіне жол берелік.
2-жүргізуші:
Ал енді бүгінгі сайысымыздың қорытындысы әділқазыларымыз шығарғанша көрермендер арасында «Ең білімді көрермен» атты сайысымызды өткіземіз.
Сұрақтар:
1-жүргізуші:
Бүгінгі сайысымызды қорытынды сөзі әділқазылар алқасына беріледі.
Мұқағалидың поэзиясы бүгінде әнге айналды. Ақынның әндерінсіз бір де бір думан өтпейді. Өлең ешқашан өлмейді. Ендеше, оны жазған ақын да өлмеуі тиіс. Мұқағалидың әндері халықжүрегінен мәңгілік орын табады.
2-жүргізуші.
Әлем дархан, саялаңдар,
Бәріңе де орын бар.
Салтанатты сәнді сарай соғыңдар,
Ей ,адамдар, сендер тату болыңдар!- деп кешімізді ақынның өлеңімен аяқтаймыз.