ІІІ. Қолдану. | ТжДБЖ, ЖЕСОжО, АКТ, ОмОЖТ, ОүБжОБ | 4 минут | Тапсырмалар: 1-тапсырма. Сұрақ-жауап әдісі. Оқушылар осы сұрақтарды пайдаланып, диалог дайындайды. І топ: «Ахмет Йасауи» тобы. 1. Хикметтердің өзіне тән қандай ерекшеліктері бар? 2. Ақынға тән қасиеттер 3. Ахмет Йасауи қай жылы, қай жерде дүниеге келді? 4. Әкесінің аты кім? 5. Ахмет Йасауи қай жылы қайтыс болды? ІІ топ: « Диуани хикмет» тобы. 1.Ахмет Йасауидің өмірлік мақсат - мұраты қандай? 2. Ахмет Йасауи нені жырлады? 3. Ахмет Йасауидің имандылық туралы ойлары қазіргі заманғы тәрбиеге сай келе ме? 4.Анасының аты кім? 5. Ахмет Йасауи кесенесі қай жерде? 2-тапсырма. Ахмет Йасауи кесенесі туралы бейнефилим көру.Кесене туралы өз ойларын ортаға салады. | Жұптық жұмыс. Оқушылар Интербелсенді тақтаны қолданып, хикмет түрін ажырату үшін, мысалдарды тақырып бойынша тиістісін орнына апарып қояды. Не үшін сол жерге апарғанын түсіндіреді. Топтар бір-бірін бағалайды. Кітаппен жұмыс. Ахмет Йасауи Диуани хикметтері? Бұл шығарма алғаш рет 1878 ж. жеке кітап болып басылып шығады. Содан кейін ол Ыстамбұл, Қазан, Ташкент қалаларында бірнеше қайыра басылады. Соның бірі 1901 ж. Қазанда Тыныштықұлының қазақтарға арнап шығарған нұсқасы болатын.Төрт тармақты өлеңмен жазылған бұл шығармасында ақын өзінің бала күнінен пайғамбар жасына келгенге дейін өмір жолын баяндайды, тіршілікте тартқан азабын, көрген қайғысын айтады, бұхара халыққа үстемдік жүргізуші хандардың, бектердің, қазылардың жіберген кемшіліктерін, жасаған қиянаттарын сынайды, бұл фәнидің жалғандығын білдіреді.«Диуани Хикметтен» түркі халықтарына, соның ішінде қазақ халқына, ертедегі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына, этнографиясына, экономикасына қатысты бағалы деректер табуға болады. |