Ұйымдастыру кезеңі Психолгиялық дайындық «Жақсы сөз, жарым ырыс» Сыныпта жағымды ахуал орнатып шаттық шеңберін құру.. Оқушылардың көңіл –күйлерін сұрап,«Бір тілек» тренингі арқылы балалар бір-біріне өздерінің аттарының бас әріптеріне сәйкес тілек білдіреді. «Мазайка» әдісі қима қағаздағы сөздерді құрастыру арқылы оқушыларды топқа бөлу I топ Әбу Насыр Әл-Фараби II топ Ахмет Йүгінеки III топ Қожа Ахмет Яассауи «Дауылға қарсы тұру» әдісі арқылы өткен тақырыпты еске түсіру; (Бағалау түрі шапалақ ұру) «Сыни тұрғыдан ойлау» арқылы жұмыс жүргізеді. Интерактивті тақтадан Қожа Ахмет Яассауи кесенесі көрсетіледі. Мұғалім оқиды. -Балалар, қалай ойлайсыңдар бұл кімнің кесенесі? -Дұрыс айттыңдар, Қожа Ахмет Яассауи кесенесі -Олай болса, бүгін біз Қожа Ахмет Йассауи жайлы тереңірек танысамыз. Ә) Қожа Ахмет Яассауи туралы қосымша ақпарат слайд, видеоролик көретеді I топӘбу Насыр Әл-Фараби(Дүниежүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейнгі екінші ұстазы атанған данышпан, философ, энциклопедист ғалым, өз дәуірінің көрнекті ақыны, ислам дәуірі әдебиетінің дамуына зор үлес қосқан ғұлама,Арыс өзені Сырдария маңындағы ежелгі Отырар қаласында туған) II топАхмет Йүгінеки(ХІІ –ХІІІ ғасырда өмір сүргенаса көрнекті ақын, есімі кезінде ұлан- ғайыр Қарақан мемлекеті түркілеріне мәшһүр болғанғұлама ғалым.Ақын жөнінде мағлұмат тым аз берілген.Сыр бойындағы белгілі қалалардың бірі Жүйнекте (қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы)туып өскен.)Йүгінек – Түркістандағы Жүйнек деген жер аты, «и» - парсыша « сол жердікі» деген ұғым беретін жұрнақ. Ғалымдардың айтуы бойынша, бұл дүниенің жарық сәулесін көрмеген, туа біткен зағип болған. III топҚожа Ахмет Яассауи(Х-ХІІ ғасырларда Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ( бұрынғы Испиджаб) ауданы Йасы (қазіргі Түркістан) қаласында өмір сүріп, сол жерде жерленген. Бүкіл түркі жұртының рухани атасы, ислам мәдениетіндегі сопылық ағымның өкілі, ұлы ақын, философ, ойшыл ұстаз.) 1-тапсырма: Алдыңғы біліммен байланыс жасай отырып «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыпты еске түсіру. 1.Ахмет Йүгінеки туралы не білесіңдер? 2.Автордың «Ақиқат сыйы» дастаны қандай шығарма? 3. «Ақиқат сыйы» дастанын жазудағы ақынның мақсаты қандай? 4.Қалай ойлайсыңдар Ахмет Йүгінеки«Ақиқат сыйы» шығармасының бүгінгі өмірдегі маңызы қандай? 5.Дастаннан қандай тәлім алдыңдар? Қай жолдары ұнады? 6. Ахмет Йүгінекидің «Ақиқат сыйы» дастанынан өздеріңізге ұнаған үзіндісін оқып беріңіздер! Бағалау критерийлері: 1.Ахмет Йүгінеки туралы біледі. 2.Ахмет Йүгінекидің «Ақиқат сыйы» дастанын туралы біледі, үзінді оқып бере алады. 3.Сұрақтарға нақты жауап бере алады. |