kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Текей батыр Қарпықұлы атындағы жоғары колледждің тарих пәнінің оқытушысы Омарова Сәуле Орынбасарқызы Қожа Ахмет Яссауи өмірбаяны

Нажмите, чтобы узнать подробности

Текей батыр Қарпықұлы атындағы жоғары колледжі оқытушысы Омарова Сәуле Орынбасарқызы, Қлжа Ахмет Яссауи өмірбаяны

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Текей батыр Қарпықұлы атындағы жоғары колледждің тарих пәнінің оқытушысы Омарова Сәуле Орынбасарқызы Қожа Ахмет Яссауи өмірбаяны»

Текей батыр Қарпықұлы атындағы

жоғары колледждің тарих пәнінің

оқытушысы Омарова Сәуле Орынбасарқызы


Қожа Ахмет Яссауи өмірбаяны


Қожа Ахмет Ясауи (1093-1166) - қазақ халқының байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орны бар ұлы ақын, сопылық поэзияның негізін салушы, күллі күншығыс мұсылмандарының рухани ұстазы болған ұлы ойшыл, діни қайраткер.

Өз аты Ахмет, есімінің алдындағы қожа мұсылман дінін таратып, уағыздаушылық қызметіне орай берілген атау, ал соңындағы Ясауи ақынның қай жерден шыққандығын көрсетеді. Бірақ нақтылық үшін айтсақ, Йасы қаласы оның туған жері емес, жастайынан жетім қалып, ағайын туыстарының қолына келіп, бала кезінен өскен жері. Ақынның туған жері қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданы. Әкесі Ибрахим мұсылманша сауаты бар, сөз қадірін білетін білікті адам болған. Бала Ахметтің басты ұстазы, тәрбиешісі аталас туысы болып келетін Арыстанбаб болды. Ол өмірден қайтқаннан кейін Ахмет 17 жасында Йасы қаласына келеді. Дәл осы кезден бастап араб, шағатай, парсы, түркі тілдерінде өлеңдер жаза бастайды. Шығыс поэзиясы мен әдебиетіне ден қойды. Кейін Бұхара қаласында Жүсіп Хамаданидің діни медресесінде оқыды. Оны тәмәмдаған соң сопылық жолдың біраз ащы-тұщысын татып, көптеген қалаларды аралап, туған шаһары Түркістанға қайтып оралады да, Арыстанбаб қалап кеткен дәстүрді жалғастырды. Осында ол ислам дүниесі кең таныған кемеңгерге айналды. Ал 63 жасынан бастап қалған өмірін жер астында, яғни қылуетте өткізді. Бұны Ахмет Пайғамбар жасына жеттім. Маған одан артықтың қажеті жоқ, - деп түсіндіреді. Қанша жыл ғұмыр кешкені жөнінде әр түрлі деректер бар. Бір деректе 73 жыл, келесілерінде 85 жас деп берілген. Ж.Аймауытов ақынның 149-шы хикметіне сүйеніп, Ясауиды 125 жас жасаған дейді.

Оның бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы - Диуани Хикмет (Даналық кітабы) қыпшақ диалектілерімен көне түркі тілінде жазылған. Өкінішке орай туындының түпнұсқасы біздің заманымызға жетпеген. Бізге жеткені XV-XVI ғасырлардағы көшірмесі ғана. Ондай нұсқалары өте көп. Олардың көбі Ыстамбұл, Қоқан, Ташкент, Мәскеу, Алматыда сақталған. Бұл шығарма алғаш рет 1878 жылы жеке кітап болып басылып шықты. Содан кейін ол Ыстамбұл, Қазан, Ташкент қалаларында бірнеше қайыра басылды. Соның бірі 1901 жылы Қазанда Тыныштықұлының қазақтарға арнап шығарған нұсқасы болатын. Төрт тармақты өлеңмен жазылған бұл шығармада ақын өзінің бала күнінен пайғамбар жасына келгенге дейінгі өмір жолын баяндайды, тіршілікте тартқан азабын, көрген қайғысын айтады, бұхара халыққа үстемдік жүргізуші хандардың, бектердің, қазылардың жіберген кемшіліктерін, жасаған қиянаттарын сынайды, бұл фәнидің жалғандығын білдіреді.

Қожа Ахмет Ясауи түркі тілінде жатық әрі бейнелі жыр жазудың үлгісін жасап, түркі тілдерінің көркем шығармалар тудыру мүмкіндігінің мол екендігін дәлелдеді. Оның жазба әдебиет үлгісіндегі шығармалары түркі топырағында ертеден қалыптасқан суырыпсалмалық дәстүрдегі әдебиетке жаңа серпін, тың мазмұн алып келумен қатар, оны түр жағынан көркейтіп, кемелдендіре түсті. Фольклор мен жазба әдебиеттің өзара жақындасуының, толысып, көркеюінің дәнекері бола отырып, Шығыс әдебиетінде ертеден қалыптасқан, Құран Кәрімде баяндалатын тарихи аңыздар мен пайғамбарлар, әулие-әнбиелер жөніндегі әпсаналарды хикметтерінде ұтымды пайдаланды.

Оның жолын ұстанған шәкірттері мен сопылықты уағыздаушылар түркістандық ғұламаны күллі әлемге танытты. Қожа Ахмет Яссауи түркі халықтарның жаңа исламдық өркениеттегі халықтық ағымының арнасын анықтап берді. Ол жаңа діни идеологияны тәңірлік шамандықпен, зорастризммен біріктіре отырып, қоғамдық-әлеуметтік санаға сіңіруде көп еңбек етті.

Диуани Хикметтен қазақ халқының ертедегі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына, этнографиясына, экономикасына қатысты бағалы деректер табуға болады. Түркістан қаласында жерленген Қожа Ахмет Яссауи әзіреті сұлтан аталып, басына XIV ғасырдың аяғында атақты Ақсақ Темір күмбез орнаттырды. Бұл жайында жергілікті халықта мынадай аңыз бар: Қожа Ахмет Ясауи мазарын тұрғыза бастағанда қара дауыл қабырғаларын ұшырып әкетеді. Осыдан кейін Ақсақ Темірдің түсіне Қызыр еніп, ең алдымен Ахметтің ұстазы Арыстанбабқа мазар тұрғызу жөнінде аян беріпті. Темір Қызырдың айтқанын екі етпей орындап, содан кейін барып қана өзі ойлаған жұмысына кіріскен екен.

Қожа Ахмет Ясауиге тәу етушілер алдымен Арыстанбабтың басына барып түнейді. 1978 жылы қыркүйекте Қожа Ахмет Яссауи республикалық мұражайы ашылды. 1989 жылы тамыздың 28-інде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен Әзірет Сұлтан қорық-мұражайы ұйымдастырылды. Түркия елімен арадағы келісім бойынша жүргізілген ғимаратты қалпына келтіру жұмыстары 2000 жылы аяқталды. 2003 жылы маусымда Парижде өткен ЮНЕСКО-ның 27-ші сессиясында Қожа Ахмет Яссауи кесенесі дүниежүзілік мәдени мұралар тізіміне енгізілді. Мазарда отызға жуық мешіт, кітапхана, залдар бар.

Аты мұсылман әлеміне әйгілі, сопылық әдебиеттің ірі өкілі, кемеңгер, ойшыл ақын Қожа Ахмет Яссауи (1103-1228) артына мән-маңызы өшпейтін елеулі де асыл мұра қалдырды. «Диуани хикмет» атты өлең тілімен жырлайтын туындысы қанша ғасырлар өтсе де, өзінің өміршең құндылығымен мұсылман әлемінде жарық жұлдыздай ел-жұртқа аумас бағыт беріп келеді. Бұл аты шулы жинақ несімен құнды, оның мәңгілігі неде десек, ең алдымен, оның терең адамгершілікке құрылған дүнияуи мәселелердің сыр-сипатын айқара ашып түсіндіріп, бұл өткінші жалғанда неден үйреніп, неден жиіркену жолдарын көрсету деп жинақтай айтуға болар еді. Ал, тарата бағамдасақ, адам өміріндегі әр алуан қарым-қатынас: мансап пен нәпсі, қорлық, байлық пен кедейлік, әділеттік пен зұлымдық, ынсап пен қанағатшылдық, адамгершілік пен ізгілік, тәубашылдық пен имандылық секілді меселелердің сыр-сипатын ұғып білу арқылы Алла Тағаланы танудың жолдарын саралау, соған шын көңілден мойынсұну көріністері дер едік. Осы талаптарға орай ғұлама-ақын бұл өмірдің баянсыздығы мен ол дүниенің бақилығын (мәңгілігін) өз ара қарапайым тілмен салыстыра отырып, адалдық пен әділдіктің, мейірімділік пен қайырымдылықтың, тәубаға келу мен кешірімділік, адамгершіліктің имандылыққа бастайтынын бұлтартпас дәлелдер арқылы айғақтайды. Бұларға қарсы жауыздық пен зұлымдық, өтірік-өсек, надандық пен тойымсыздықтың кешірілмес күнә екеніне де зер сала үңіледі. Осы соңғылардан арылу, тазарудың міндет-мақсаттарын ашып пайымдауға да ол үлкен мән береді.

Жас Қожа Ахмет Яссауи қазіргі Шымкент қаласы жанындағы Сайрам елді мекенінде туып, сондағы ауылдық молдадан дәріс алған. Жастық шағы да сонда өткен. Әкесі Ибраһим өз кезеңінің сауатты, көзі ашық білімді, діндар адам болған. Анасы Қарашаш (енді бірде Айша деп те айтылады) елге қадірлі, ақылды да-аяулы адам болған делінеді. Ел-жұрт бұл кісілер дүниеден өткенде, екеуіне де күмбез тұрғызып белгі соққан, осы ескерткіштер әлі күнге дейін Сайрам елді мекенінде сақталған. Аңыз бойынша, жас Қожа Ахмет Яссауи ұстазы Арыстан Бабпен алғаш жолығып, Мұхаммед пайғамбардың өзіне арнаған құрмасын алатын көпір де сол Сайрам елді мекенінде. Алайда Қожа Ахмет Яссауидің Сайрамдағы жастық шағын баяндайтын деректер жоқтың қасы. Десек те Қожа Ахмет Яссауидің жастық шағы мен ата-бабалары туралы қызықты деректері бар бір құнды шежіре кейінгі жылдары табылды. Осы шежіре бойынша басылған «Шажараи-Саодат» атты кітапшада бұрынғы біз жариялаған «Насаб-намедегі» секілді Қожа Ахмет Яссауидің әкесі Ибраһим атаның арғы бабалары Мұхаммед пайғамбардың інісі әрі күйеу баласы Әзіреті Әлидің Мұхаммед Ханафия атты ұлынан тарайтыны айтылады. Бұл аталған шежіре 90-жылдардың бас кезінде Сайрам қаласындағы ескі, бұзылған үйдің қабырға жапсарынан табылған. Тапқан Сайрамдық Саидикрам Саидакбаров деген кісі. Кейін бұл алты метрлік Қытай қағазына жазылған қолжазба Шымкент қаласында жеке кітапша болып басылды. Мұнда Қожа Ахмет Яссауидің жастық шағы мен алғашқы оқыған ұстазы жөнінде бұрын ешбір деректе ұшыраспаған тың мәліметтер келтірілген.

Көзі қарақты, зиялы да тәрбиелі ортадан шыққан Ибраһим ата, осы «Шежіреде» айтылғандай, зейінді де зерек 6-7 жасар баласы жас Қожа Ахмет Яссауидің сондағы Шаһабиддин Исфиджаби деген ғұламаға алып келіп, «Сүйегі біздікі, еті Сіздікі, иншалла, артымызда лайықты мұсылман қалсын деген ниетіміз» деп қолынан жетектеп әкеліп өзі тапсырған делінеді. Ол кісі шашы да, сақалы да, тіпті, қасы да қудай аппақ болғаны себепті «Ақ Ата» деп аталып кетсе керек. Сол «Ақ Ата» бір күні балалардың қабілет-түсінігі мен ой өрісін сынау үшін, дәрістен соң шәкірттеріне былайша тапсырма берсе керек: «Шырақтарым, әрқайсысың үйге барған соң, бір-бірден мекиен тауық не қоразды құдайдың көзі түспейтін қалтарыс жерде  «бісміллә»  деп  бауыздап  алып  келіңдер» депті. Ертеңіне өзге балалардың бәрі ұстазының айтқанын бұлжытпай орындап келіпті, тек Ахмет қана қоразды дорбаға салып тірідей алып келсе керек. Ұстазы Қожа Ахмет Яссауидан мұның, себебін сұрағанда, бала: «Ұстаз, кешіріңіз, қоразды «бісміллә» деп бауыздай алмағаным: қай жерге жасырынсам да, құдай бәрі бір құдыретімен «көріп тұрмай ма?» — депті. Сонда : «Бәрекелді, Ахметім» — деп, Ақ Ата оны бауырына басып, мандайынан сүйіпті. Көзіне жас келіп, іштей сезініп жүрген қастерлі ойының құпия-сыры ашылғандай: «құдай сені әрқашан жамандықтан сақтасын» деп ризашылық білдіріпті. Медреседен үйге қайтқанда да ол ұстаздарымен медіресе ауласын сый-құрмет тұтып үнемі айналып өтеді екен. Үлкен кісілерге жолыққанда да, «Ассалаумағалайкүм» деп бірінші болып әуезді үн қатып сәлем беру әдетіне айналыпты. Мұның бәрі үйдегі әке-шешесі мен медреседегі ұстаздар өнегесін, құрандағы мұсылмандық ереже-этикасын үлгі тұтуынан екені анық аңғарылады. Бұған жастай әкесі Ибраһим шайықтың айтуымен құлағына сіңген аңыз да елеулі әсер еткен болса керек: Мұхаммед пайғамбарымыз жеті қат Арсы-Күрсіге Жебірейілмен бірге ұшып бара жатып, кейін өзінің ісін жалғастыратын Қожа Ахмет Яссауидің рухын көріп, оған сәлемдемеге пейіштен бір құрма арнап, оны қашан, қалай тапсыруды Арыстан Бабқа жүктегенінен жас бала күн бұрын хабардар еді.

Қожа Ахмет Яссауидің есімімен «Қожа» сөзінің қосарланып аталуы жөнінде де бұл «Шежіреде» берілген түсініктің мәні өте зор. Мұнда осыған орай: «Оның (Ахмет Иасауиді айтады — М.Ж) әкесі «Шайх Ибраһим» болса, арғы аталары Махмұд Шайх, Ифтиһар Шайх Омар Шайх және Мұхаммед пайғамбардың інісі әрі күйеу баласы болған Хазірет Әлидің Ханифа есімді әйелінен туылған Мұхаммед Ханафияның әулет-ұрпақтарына барып тіреледі. Сол үшін Хазірет Әлидің тұқымдары Орта Азияда «Қожа» атағына ие болған», — деп жазылған. Осы деректің мән-жайы туралы Мұса Сариемнің «Тарихи Эмания» атты кітабында да толық мәлімет келтірілгені сөз болады.

Осы мерзім жас Ахметтің өміріндегі аса елеулі, қиын кезең еді. Сол жылдары оның әкесі Ибраһим шайх қайтыс болып, баланың жетім қалған кезі болатын-ды. Ендігі мерзімде тікелей ұстазы «Ақ Атадан» тыс, Сайрамдағы өзге де ғұлама-білім иелерінен тәлім-тәрбие алған жас талап Қожа Ахмет Яссауи іздеп келіп пайғамбардың сәлемдемесін берген Арыстан Бабтан ислам шариғаты, тариқаты туралы көп үйреніп, сабақ алады.

Қожа Ахмет Яссауидің «мектеп көріп, қайнап толып тасқан» кезеңі өз хикметтерінде 17 жас деп жырланады (бір аңыз әңгімеде 20 деп көрсетіледі). Ақын ұзақ жылдар бойы жиған-терген ілім-білімін енді халыққа таратуды мақсат етіп, бүгінгі Түркістан, кешегі Шауғар, Иасыға келіп біржолата мекен теуіп тұрақтайды. Әкесі Ибраһим Ата үнемі ой үстінде жүретін ұлы Ахметтің Иасыға қоныс тебуіне қарсылық білдірмей «жолың болсын» деп батасын беріп қала береді. Бұл Қожа Ахмет Яссауи өміріндегі ең бір шешуші, маңызды кезең болып табылады. Сондағы бұлақ басына бірінші болып қоныс тепкен сопының тұрақ-жайының төңірегі аз ғана уақытта еселеп артып, әуелі кішігірім ауылға, бір аздан соң қол өнері бар сауда орталығына, келе-келе қалашыққа айналады. Осындағы «Он жетімде Түркістанда тұрдым, міне» дегенде, ақын кейінгі Түркістан қаласынан емес (ХІІ-ХІ ғасырларда бұл мекен «Иасы» деп аталған), түрік халықтарының отаны Тұран, кең мағынадағы үлкен Түркістан туралы айтқан тәрізді.

Отыз жасқа кірдім, қылдым қасірет,
Уә, дариға, өтті ғұмырым, қане тағат?
Қанағатшыл Хақ қасында хош-сағадат,
Қызыл жүзім тағат қылмай солды, достар…
Елу алты жасқа кірді мұңлық басым,
Тоба қылдым, ағар ма екен көзден жасым.
Жарандардан ләззат алмай көңілім қалды,
Бір және Барым, дидарыңды көрермін бе?.

Қожа Ахмет Яссауидің ізгі істері мен атақ-даңқының шарықтап өсуі, кемелденуі жер бетіндегі алпыс үш жылдық өмірімен тығыз байланысты. Халықтың әйгілі Түркістанды «Жарты Мекке» деп атап, Қожа Ахмет Яссауиді «Түркістан пірі» деп марапаттауында да үлкен мән бар. Ол мұсылман ілімінің асқан білгірі, соның тынымсыз насихатшысы болумен қатар, өзінің жеке тұлғасының жұртқа үлгі болар өнегесі де аз емес еді. Білімді шәкірттер дайындап, ол сол тұстағы сопылық мектептің Иасауилік жаңа үлгісін қалыптастырды. Бұл орайда алқа-қотан «һу-һулеп» зікір айту дәстүрінің алғаш негізін қалағанын айтсақ та жеткілікті ғой дейміз. Сопы ауру-сырқау, мүгедек жандардың дертіне дәрман болуда да бойындағы дарыны мен күш-қуатын аямаған. Алайда мақсатқа жету жолында ол талай шырғалаңы мол қайғылы оқиғаларды басынан өткерген. Алғаш жастай әкесі, одан кейін анасы қаза тауып, үміт күткен жалғыз ұлы Ибраһимнің зұлымдар қолынан мерт болуы да өшпес із қалдырған:

Осылайша бар өмірін Алланы тану мен соған беріле құлшылық етуге арнаған Қожа Ахмет Яссауи Мұхаммед пайғамбар жасы — алпыс үшке келгенде, «Құлым, жерге кір» деген «Алладан жарлық — хабар алып» дайындалған жер астындағы мекен — жайға (Ғарға — М.Ж.) түсіп, қалған күндерін сонда өткізеді. Бұл сопы өміріндегі естен кетпес елеулі де әсерлі оқиға болғаны аңғарылады.

Ал енді, ақынның қанша жыл өмір сүргені (Жер бетіндегі 63 жас пен жер астындағы 63 жылын қосқанда) туралы мәселеге келсек, жоғарыда келтірілген жолдардағы өзі айтқан жер астындағы 63 жылын есепке алғанда, ол ең кемі 125 жыл жасаған болып шығады. Ендеше туған мерзімі 1103 жыл болса, онда қайтыс болған кезі 1228 жылға орайлас келеді.



Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Қазақ совет энциклопедиясы. 1-том. – Алматы, 1972. – 647 б. М.Жармұхамедұлы, М.Шафиғи, С.Дәуітұлы. Қожа Ахмет Йасауи. Хикмет жинақ. – Алматы:Жалын, 1998. – 324 б. Қожа Ахмет Иассауи. «Диуани хикмет».- Алматы: Арыс, 2001. – 18 б. С. Демирел атындағы университеттің хабаршысы. №4 (43). 2017
Қ. Қаратышқанова «Қожа Ахмет Ясауи және Диуани хикметте»


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс

Автор: Омарова Сәуле Орынбасарқызы

Дата: 09.03.2023

Номер свидетельства: 627177


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства