?аза? ханды?ына 550 жыл
Саба?ты? ма?саты: Б??ар тол?ауларыны? ?зі ?мір с?рген орта сипатына, тарихына тікелей ?атыстылы?ын к?рсету; Абылай есіміне байланысты жырларын талдай отырып, Абылай бейнесін жан- жа?ты ашу; о?ушыны ?з пікірін пайымды жеткізе білуге баулу, с?здік ?орын молайту.
Саба?ты? т?рі: білімін жетілдіру.
Саба?ты? ?дістері: с?ра?- жауап
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Сабақтың мақсаты: Бұқар толғауларының өзі өмір сүрген орта сипатына, тарихына тікелей қатыстылығын көрсету; Абылай есіміне байланысты жырларын талдай отырып, Абылай бейнесін жан- жақты ашу; оқушыны өз пікірін пайымды жеткізе білуге баулу, сөздік қорын молайту.
Сабақтың түрі: білімін жетілдіру.
Сабақтың әдістері: сұрақ- жауап, топтық жұмыс, топтастыру, т.б.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Өткіздің тоғыз ханды толғауменен,
Шештің талай түйінді болжауменен.
Іс болса қиын- қыстау сен сайыстың,
Қылыш қып қызыл тілді қорғауменен,- деген Үмбетей жыраудың жыр жолдары Бұқарға арналады. Бұқар жырау Тәуке ханнан бастап, онан кейінгі қазақ хандары Қайып, Болат, Сәмеке, Әбілмәмбет, Күшік, Әбілқайыр, Барақ және Абылайдың қабырғалы биі, кеңесшісі болғанын өткен сабақтан білеміз. Бүгінгі сабақта Бұқар толғауларын талдауды әрі қарай жалғастырамыз. Ендеше үй жұмысын бастайық.
1- топ Бұқар жырау толғауларына әдеби талдау жасайды.
2- топ Бұқар жыраудың шығармашылығын, өзге жырауларын үндестігі мен ерекшелігін талдайды.
3- топ қосымша деректер жинайды.
Абылай туралы Бұқар сөздерінің орны бөлек. Ол біреуден естіген әңгімесі емес, ханның қасында болып, оның іс-әрекетіне байланысты шығарылған толғаулар қазақ халқын әр қырынан танытатын құжат іспеттес.
3. Жаңа сабақты түсіндіру.
Абылай ханның шын аты- Әбілмансұр. Ол 1711 жылы Түркістан қаласында дүниеге келген. Оның атасы Абылай өз заманында Түркістанды билеп, қатігездігімен көзге түсіп, қанішер Абылай атанған. Оның баласы Уәли сұлтан билікке онша құштар болмай, әкесі өлген соң қаланы дұрыс билей алмайды. Жоңғар билеушілері Уәли тұқымын түгел қырып салады. Сол кезде төлеңгіттен шыққан бір сардар Уәлидің баласын, кішкентай Әбілмансұрды қашырып алып, аман сақтап қалады, жауларынан қорғанған Уәли ұлын басқа тәрбиеге береді. Бала ұлы жүздегі Төле бидің қызметінде болады. Халық ішінде шын аты жасырылып «Сабалақ» деп аталады. Сабалақ жоңғар қоңтайшысы Қалдан Сереннің жиені Шарышты жекпе- жекте жеңіп, басын алады. Жауға «Абылайлап» шапқан батырды бәрі Абылай қайсарлығымен қолбасшы, ақылдылығымен саясаткер болып, қазақ тарихында ірі тұлға ретінде қалды. Ендеше, осы әңгімелерден Абылайды тек хан емес, тағы кім деп білеміз?
4. Топтастыру.
хан батыр
тарихи тұлға Абылай хан ұрпағы
Сабалақ саясаткер қолбасшы
Әдебиетте Абылай бейнесін Бұқар толғаулары арқылы дәлелдеуге болады.
5. Сыныппен жұмыс. Әр топқа тапсырмалар беремін. Алдарындағы қосымша кітаптар арқылы дайындалады. Әр топ өздеріне берілген тақырыпты қорғап шығады.
1- топ Абылай- саясаткер
2- топ Абылай- тарихи тұлға
3- топ Абылай- қолбасшы.
6. Ойтолғау. «Бұқар толғаулары ХХІ ғасырда бізге несімен қымбат?»
7. Сабақты бекітуге сұрақтар беру. 1. Қазақ тарихында «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», «Тәуке ханның жеті жарғысы» деп хандардың даңқын арттырып отырсақ та Абылайдың даңқы неліктен басым?
2. Бұқар толғауларының бүгінгі күнмен үндестігі барма?
3. Абылайдың ағат басқан жерін Бұқар неге сыпайырақ ескертпеген, оны неге қатал сынға алған?
4. ХҮІІІ ғасырда Абылай жүргізген ірі реформалар қазіргі біздің саяси өмірімізде қаншалықты орын алады?
Сабақты қорытындылау. Сонымен, оқушылар біз бүгінгі сабақта ақылгөй абыздың тек жырау емес, қазақ тарихында үлкен орны бар, хан Абылаймен бірге дархан даланың тәуелсіздігін жариялап, қазақ жерінің шекарасын сызысып кеткенін білдік.
Үй жұмысы: «Бұқар, Абылай және тәуелсіздік» атты шығарма жазып келу. Мұхтар Мағауиннің «Қобыз сарыны», Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» шығармаларын оқу.