kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Абайдың өмірі мен шығармашылығы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушыларды Абайдың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Абайдың өмірі мен шығармашылығы»

8 «А» сынып

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы

Сабақтың мақсаты:

а) Қазақ поэзиясының асқар биігі – Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы оқушылардың білімдерін жаңғырта отырып, шығармашылығының өзіндік ерекшелігін, ондағы дәстүр мен жаңашылдық жайлы білімдерін тереңдету.

Міндеттер:

1.Мазмұнға байланысты міндет:

Ақын шығармаларының тәрбиелік мәнін түсінеді, адамгершілік тәрбие берудегі ақынның философиялық шолуларының маңызын түсінеді.

2.Сыни ойлауды дамытуға байланысты міндет:

Оқушының дүниетанымы қалыптасады, шығармашылық қабілеттері шыңдалады, оқушының азаматтық бейнесі қалыптасады.

3. Топтық жұмысқа байланысты міндет:

Оқушылар өз беттерімен ой түйеді, ізденеді, ойын ашық айтады.

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың түрі: шығармашылық ізденіс сабағы

Сабақтың әдісі: диалогтік оқыту, «Сөздер сөйлейді» тірек сөздермен жұмыс, идеялар тақтасы,үш түрлі түсініктеме күнделігі, «ПОПС» формуласы, «Плюс, минус, қызықты» әдісі, топтық талдау жұмыстары.

Көрнекілігі: Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған слайдтар жиынтығы, бейне көрсетілім, ақын ұрпақтары туралы альбом, ақын жайлы құнды пікірлер.

Оқыту формасы: бірлескен топтық іс-әрекет.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, сурет, музыка, тарих.

Өзін-өзі бағалау критерийлері:

  1. Ақынның өміріне байланысты ізденіс жұмысын жүргіздім -1

  2. Тірек сөздерді ақын өмірімен байланыстыра мәлімет бердім -1

  3. Алынған ақпараттарға байланысты ақынның қасиеттерін «Идеялар тақтасына» анықтап жаздым -1

  4. Ахмет Байтұрсынұлының «Қазақтың бас ақыны» мақаласын оқып, топта өз пікіріммен бөлістім -1

  5. Топтың пікірін жинақтап, қорғадым 1

Бағалау шкаласы:

«бес» – 5 ұпай

«төрт» – 4-3 ұпай

Сабақтың жоспары:

1.Ұйымдастыру кезеңі 2 м

2.Үй тапсырмасына берілген ізденіс жұмыстары, жаңа сабақпен жалғасады 20м

3.Мәтінмен жұмыс 10м

4.Сабақты қорыту 5м

5.Бағалау 2м

6.Үй тапсырмасы 1м

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесіп, түгендеп, зейінін сабаққа аудару

2. Үй тапсырмасын еске түсіру

Үйге: Қазақтың Ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы ізденіс

Жаңа сабақ 20мин

I. Қызығушылықты ояту

  • Балалар,сабағымызды бастамас бұрын мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр. Қане, шешіп көрейікші.

Сыналар, ей жігіттер, келді жерің,

Сәулең болса бермен кел талапты ерің.

Жан құмары дүниеде немене екен? –

Соны білсең әрнені білгендерің.

Шешуі: білмекке құмарлық.

Авторы: Абай

Сабақтың тақырыбы, мақсаты айтылады.

II. Мағынаны тану

Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы

- Балалар, Абай Құнанбайұлының өмір жолы бізге төменгі сыныптардан таныс. Сол себепті мен сендерге үй тапсырмасына А. Құнанбайұлының өмір жолы туралы қосымша ізденіп келуге берген болатынмын. «Мыңмен жалғыз алысқан», «Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен» Ұлы ақынның өмір жолы қандай болған екен?

(«Сөздер сөйлейді» әдісі Интербелсенді тақтада тірек сөздер мен тірек сандар көрсетіліп тұрады, оқушылар сол кезең бойынша ақынның өмір жолын еске түсіреді, ізденген мәліметтерімен бөліседі.)

1845 жыл

Ырғызбай – Өскенбай – Құнанбай

Зере,Ұлжан

«Атадан алтау,

Анадан төртеу

Жалғыздық көрер жерім жоқ»

Абайдың білім алуы.

Билік басына келуі

Абайдың достарымен пікірлестері

Абай және Шығыс әдебиеті

Абай және орыс, шетел әдебиеті

Абайдың балалары мен шәкірттері

Абай- ақын, Абай – сазгер, Абай - философ

Жігітке жеті өнер де аз

Абай кесенесі

- Балалар, біз Ұлы ақынымыздың бүкіл өмір жолын айтып шықтық. Сонымен Абай әлемге несімен танылды? Ұлы ақынымыз өмірде қандай із қалдырды? Біз Абайды кім деп танимыз?

(Абайдың өмір жолы арқылы оқушылар оның өмірде қалдырған ізін, қасиеттерін «идеялар тақтасына» жазып шығады)


Идеялар тақтасы

Абай кім?

Ағартушы, ақын, шешен, кемеңгер, заңгер, ойшыл философ, аудармашы, сыншыл реалист, қоғам қайраткері, лирик, сазгер, суреткер, атбегі, құсбегі, қара сөздің шебері.

Бағалау.

Ақынның өмір жолын, шығармашылығын еске түсіргеннен кейін топтың және топтағы жеке оқушылардың жинаған ұпайларының деңгейі бір анықталады. Бұл жерде әр топтағы көмекші оқушылар сөйлейді.

Мұғалім Абайдың әдебиет әлеміне қосқан үлесі туралы айтып өтеді.

Абайға дейінгі қазақ өлеңдерінде болған ұйқас түрлері:

  1. Қара өлең ұйқасы

  2. Кезекті ұйқас

  3. Шұбыртпалы ұйқас

  4. Ерікті ұйқас

Абай шығарған ұйқас түрлері:

  1. Шалыс ұйқас

  2. Егіз ұйқас

  3. Аралас ұйқас


Тапсырма: Оқулықпен жұмыс 10мин

Ахмет Байтұрсынұлының «Қазақтың бас ақыны» мақаласын оқып, танысып, өз пікірлеріңді білдіріңдер.

1-қадам: Сабақ тақырыбы айтылады, оқылатын мәтін таныстырылады.

2-қадам: Мәтінді оқу барысында әрқайсысы жеке күнделік толтырады.

3-қадам: Жұмыс нәтижесін жұпта, топта талқылау.


1-топ. «Үш түрлі күнделік»

Мәтіннен ерекше әсер еткен немесе ой салған дәйексөз келтіру

Жеке түсінік беру: осы дәйексөзді жазуға не мәжбүр етті? Қандай ой тудырды? Осыған байланысты қандай сұрақ туды?

«Мұғалімге хат» сұрақтар

«Абай қазақтың бас ақыны» - деген Ахмет Байтұрсыновтың сөзі маған қатты әсер етті.





Осы дәйексөзді алуымызға Абайдың поэзия жанрына қосқан жаңалығы себеп болды. Өйткені Абай поэзияға көптеген жаңалық әкеліп, кең көлемде дамытқан. Атап айтсақ Абайға дейін ұйқас түрі төртеу болса, Абай осыған шалыс ұйқас, егіз ұйқас, аралас ұйқас деген ұйқас түрлерін қосқан.





Осыдан бізге мынандай сұрақ туындады. Абай тармақ, бунақ, буын түріне де өзгеріс ендірген бе?


2-топ. «ПОПС формуласы»

Бірінші сөйлем: «Менің ойымша, ...» Абайды қазақ баласы тегіс танып, түгел білу керек.

Екінші сөйлем: «Себебі, мен оны былай түсіндіремін...» Себебі, Абай халқын ойлаған нағыз ұлы тұлға.

Үшінші сөйлем: «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын...» Ол ел билеу үстінде де, білім алу жолында да, ғылым жолында да әділ болған. 1885 ж. Семей облысындағы Қарамолда деген жерде болған өкілдік съезде Абай төбе би судья болып бірауыздан дауыс беру арқылы сайланды. 1886 ж. генерал-губернатордың бұйрығы бойынша Абайдың Ережесі жарыққа шығады. Абай әрқашан жарлы-жақыбайдың жағына шығатынын, сот істерін талқылаған кезде, әділетсіз жәбір көргендерді қорғайтын басшы болған.

Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім...» Абайды қай қырынан алсақ та халқы үшін еңбек еткен адам екендігін байқадым.


3-топ. «Плюс, минус, қызықты»

«Плюс» бағанына жағымды, ұнамды ақпараттар жазылады.

«Минус» бағанына ұнамсыз, жағымсыз ақпараттар жазылады.

«Қызықты» бағанына оқушылар қызығушылық тудырған деректерді жазады.

Плюс

Минус

Қызықты

Мақаладағы мәлімет бойынша Абайдың көп тіл білгендігі мені таңғалдырды. Арнайы тіл үйрететін маман болмаса да, орыс тілін 3 айда білуі өте ерекше әсер етті.

Мыңмен жалғыз алысқан Абайдың әттең –ай деп өкінген кездері көп болды.

3 айда орыс әдебиетін қазақ тілінде сайратты. Көптеген аудармалар жасады. Абай сияқты дарынды, қабілетті адамдар болса, 2025 жылды күтпей латын тілін тез меңгерер еді. Сондай-ақ 26 жыл бойы қазақ тілін меңгере алмай келе жатқан......





Абай халық есінде

Отызыншы жылдардың ортасынан бастап Абай мұрасы зерттеліп, жинақталып, Абайтану ілімі бірте-бірте бір арнаға түсе бастады.

Ақын мұрасының жас ұрпаққа жеткізілуі жолында еңбек етіп , тер төккен әдебиетшілер, ақын-жазушылар аз емес. Солардың ішінде ең шоқтығы биік, ірі тұлға – М. Әуезов екенін бәріміз білеміз. Ол – Абайдың ғылыми өмірбаянын жазды. Жазушының «Абай жолы» романы әлемдік даңққа ие болды. «Абай жолы» романы әрі ғылыми зерттеу еңбегі, әрі көркем туынды ретінде жазылып, Абайы арқылы бүкіл әлем қазақ халқын таныды.

Абайдың алтын сөзін кір шалмайды, оның салған Ұлы жолын халық мәңгі есінде сақтайды.

Қазіргі кезде Абайдың аты Қазақстанның барлық қалаларындағы көшелер мен даңғылдарға, театрлар мен жоғарғы оқу орындарына берілген. Сондай оқу орнының бірі –Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті.

Еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін қазақ жерінде әлемді дүр сілкіндірген үлкен мереке өтті. Ол – Ұлы ақынның 150 жылдық мерейтойы. Бұл мереке ЮНЕСКО-ның қамқорлығымен өткізілді. Әлемдегі ірі мемлекеттерде Ұлыбритания, Франция, АҚШ-та, Қытайда, Түркияда және тағы басқа мемлекеттерде «Абай поэзиясы» күндері жарияланып, үлкен мереке тойланды.

Осы мерекеге Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылық жолы естеліктерінен құрылған, арнайы тапсырыс бойынша Германияның Нюренберг қаласында «Оверсис Поуст Организейшн» басылымында шығарылған «Еске алу кітабы» Жидебайдағы мұражайға сыйға тартылды. Кітаптың парақтары уақыт тезіне көнбейді. Кітаптың өлшемі 64Х 85 см. 200 беттен тұрады, салмағы 58 кг. Әр беті күміспен әшекейленген. Ұлы тойда «Еске алу кітабына» бірінші болып Қ. Р.-ның президенті Н. Ә. Назарбаев қолтаңбасын қалдырды.

Даланы дүр сілкіндірген осы оқиға Жидебайда 1995 жылы 11 тамызда болып өткен еді.

(Бейнекөрсетілім. Ұлы ақынның 150 жылдық мерейтойы)

Қорытынды: 5м

«...Менің балаларыма, ертеңгі ұрпағыма Абайдан артық, Абайдан ұлы, Абайдан киелі ұғым болмауға тиіс» Н. Ә. Назарбаев

Даланың ерекше жаратылған перзенті Абай өз дарынының құдіретімен және рухының күштілігімен ғаламдық деңгейдегі тұлғаға айналды.

Сергіту сәті. Ән «Көзімнің қарасы»



Бағалау. 2м

Үйге тапсырма: 1м. 1. Абайдың өмір жолына хронологиялық кесте жасау.

2. Абайтанушы ғалымдар туралы іздену.


Кері байланыс парағы (оқушылардың бүгінгі сабақ туралы пікірі ілінеді)


Өзін-өзі бағалау критерийлері:

  1. Ақынның өміріне байланысты ізденіс жұмысын жүргіздім -1

  2. Тірек сөздерді ақын өмірімен байланыстыра мәлімет бердім -1

  3. Алынған ақпараттарға байланысты ақынның қасиеттерін «Идеялар тақтасына» анықтап жаздым -1

  4. Ахмет Байтұрсынұлының «Қазақтың бас ақыны» мақаласын оқып, топта өз пікіріммен бөлістім -1

  5. Топтың пікірін жинақтап, қорғадым 1

Бағалау шкаласы:

«бес» – 5 ұпай

«төрт» – 4-3 ұпай




Өзін-өзі бағалау критерийлері:

  1. Ақынның өміріне байланысты ізденіс жұмысын жүргіздім -1

  2. Тірек сөздерді ақын өмірімен байланыстыра мәлімет бердім -1

  3. Алынған ақпараттарға байланысты ақынның қасиеттерін «Идеялар тақтасына» анықтап жаздым -1

  4. Ахмет Байтұрсынұлының «Қазақтың бас ақыны» мақаласын оқып, топта өз пікіріммен бөлістім -1

  5. Топтың пікірін жинақтап, қорғадым 1

Бағалау шкаласы:

«бес» – 5 ұпай

«төрт» – 4-3 ұпай



Өзін-өзі бағалау критерийлері:

  1. Ақынның өміріне байланысты ізденіс жұмысын жүргіздім -1

  2. Тірек сөздерді ақын өмірімен байланыстыра мәлімет бердім -1

  3. Алынған ақпараттарға байланысты ақынның қасиеттерін «Идеялар тақтасына» анықтап жаздым -1

  4. Ахмет Байтұрсынұлының «Қазақтың бас ақыны» мақаласын оқып, топта өз пікіріммен бөлістім -1

  5. Топтың пікірін жинақтап, қорғадым 1

Бағалау шкаласы:

«бес» – 5 ұпай

«төрт» – 4-3 ұпай



Өзін-өзі бағалау критерийлері:

  1. Ақынның өміріне байланысты ізденіс жұмысын жүргіздім -1

  2. Тірек сөздерді ақын өмірімен байланыстыра мәлімет бердім -1

  3. Алынған ақпараттарға байланысты ақынның қасиеттерін «Идеялар тақтасына» анықтап жаздым -1

  4. Ахмет Байтұрсынұлының «Қазақтың бас ақыны» мақаласын оқып, топта өз пікіріммен бөлістім -1

  5. Топтың пікірін жинақтап, қорғадым 1

Бағалау шкаласы:

«бес» – 5 ұпай

«төрт» – 4-3 ұпай




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Абайдың өмірі мен шығармашылығы

Автор: Байырова Шолпан Рысбековна

Дата: 29.01.2018

Номер свидетельства: 453320

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) "Абай ??нанбаев ?мірі мен шы?армашылы?ы"
    ["seo_title"] => string(38) "abaikunanbaievomirimienshygarmashylygy"
    ["file_id"] => string(6) "321209"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1461238849"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "Абай ??нанбай?лыны? ?мірі мен шы?армашылы?ы "
    ["seo_title"] => string(51) "abai-k-u-nanbaiu-lynyn-omiri-mien-shyg-armashylyg-y"
    ["file_id"] => string(6) "149365"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1420145817"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) "Абай ?мірі мен шы?армашылы?ы"
    ["seo_title"] => string(28) "abaiomirimienshygarmashylygy"
    ["file_id"] => string(6) "277278"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1452868823"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(120) "Конспект урока на тему "Абай ??нанбай?лыны? ?мірі мен шы?армашылы?ы" "
    ["seo_title"] => string(76) "konspiekt-uroka-na-tiemu-abai-k-u-nanbaiu-lynyn-omiri-mien-shyg-armashylyg-y"
    ["file_id"] => string(6) "242443"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1445454193"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(73) "Абай ??нанбаевты? ?мірі мен шы?армашылы?ы."
    ["seo_title"] => string(49) "abai-k-u-nanbaievtyn-omiri-mien-shyg-armashylyg-y"
    ["file_id"] => string(6) "262220"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1449298682"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства