kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Абай өлеңдері тақырыбындағы ашық сабақ

Нажмите, чтобы узнать подробности

Абай Құнанбаев өлеңдерін насихаттау мақсатындағы ашық сабақ

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Абай өлеңдері тақырыбындағы ашық сабақ»

Әдебиет. 10 «А», 9 «Б» сыныптар Күні: 04.02.2015

Ашық сабақтың тақырыбы: «Абай өлеңдері»

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Абай өлеңдерінің мазмұны мен идеясын меңгерту арқылы оқушылардың сөздік қорын молайту, өлеңніңтіл ерекшелігіне оқушылардың назарын аудару, көркемдігін түсіндіру. Әдеби теориялық түсініктер беру.

2. Дамытушылық: Өлеңнің маөмұнын түсіну, әдеби-теориялықтүсініктерді ұғына білу қабілеттерін дамыту, мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру.

3. Тәрбиелік: Абайдың ұлылығын терең сездіру, адамгершілік қасиеттерге баулу.

Абай мұрасына қызығушылықты арттыру, оқып-білуге, тани түсуге ұмтылдыру.

Түрі: таным сабағы.

Пәнаралық байланыс: тарих, орыс әдебиеті, қазақ тілі.

Әдістері: жинақтау, салыстыру, сұрақ-жауап,талдау, қорытынды жасау.

Көрнекілігі: Электронды слайд,кітаптар,Абайдың портреті, ақын туралы жазылған

кітаптар, ақын өлеңдерінің жинақтары.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру: Сәлеметсіңдер ме балалар? Бүгін бізде ашық таным сабағы өтеді.Бұл сабағымызға қонақтар келіп отыр.

Үй тапсырмасын тексеру: Балалар, біз өткен сабағымызда ақын Абайдың

өмірбаянына тоқталдық.

Сұрақтар:

  1. Абай Құнанбаев-........................ ақын,ойшыл

  2. Қай жерде дүниеге келген..........Шығыс Қазақстан облысы, Шыңғыстаудың бауырында.

  3. Ол қай жылы туылған.................1845 жылы

  4. Алғаш хат таныған......................ауыл молдасынан

  5. Абай оқыған медіресе..................Семейдегі Ахмет Риза

  6. Абайдың шын аты......................Ибраһим

  7. Абайдың арғы атасы..................Өскенбай

  8. Өз әкесі....................Құнанбай

  9. Абайдың шешесі...........Ұлжан, әжесі...........Зере

  10. Абайдың әкесі абайды.................ел билеуге үйретеді

  11. Абай мен әкесі арасындағы келіспеушілік..............ел билеушілердің халыққа жасаған қиянатын көргенде басталады

  12. Абай оқыған шығыс ақындары............Низами, Сағди, Хафиз

  13. Абай дос болған орыс демократ ғалымдары............Михаэлис,Долгополов

  14. Абай шығармаларын оқыған философтар.......Платон,Сократ,Аристотель

  15. Абай шығармаларын оқыған орыс жазушылары мен ақындары..........Пушкин, Лермонтов, Крылов, Толстой,Чернышевский

  16. Абайдың ақын екенін танытқан алғашқы көркем өнері.............Қансонарда

  17. Ол қай жылы жазылған..........1882жылы

  18. Абай оқыған орысша журнал......... «Руский Вестник»

  19. Абай рухани байлық алған үш саласы............шығыс әдебиеті, орыс жазушылары, халық ауыз әдебтеті

  20. Қай жылы дүниеден озды.............1904 жылы

Жаңа сабақ: Кіріспе сөз:

Жүрегіңнің түбіне терең ойла,

Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.

Соқтықпалы соқпақсыз жерде өстім,

Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма!

Осы бір ауыз өлеңде –бүкіл Абай атамыздың өмірінің терең сыры жатыр.Мұңы қараңғы елдің мылқау күшімен арпалысқан аяулы жанның кейінгіге жолдаған арызы деуге де болады.Бұрынғы қазақ елінің әлеуметтік халін білмей, Абай Құнанбаевтың туған айналасын өмір ұясының кім екенін түсінбей жоғарыдағы Абай атамыздың жұмбағын шешу де қиын.

Балаларға Абай Құнанбаев туралы жасаған слайд презентацияны көрсету арқылы өмірбаяны мен шығармашылығы жайлы түсінік беріледі.

Шарипканова Айгерім дайындап келген мәлімдеме тыңдалады.

Абайдың өз отбасы қандай еді?

Абай орта жүздің Арғын тайпасының Тобықты руынан шыққан. Әкесі Өскенбай ұлы Құнанбай өз заманындағы атақ-даңқы алысқа кеткен беделді адамдардың бірі болған.Болыстық, аға сұлтандық қызметтер атқарған.Абайдың арғы аталары-Өскенбай мен Ырғызбай да өз заманының белгілі билері болған.Құнанбайдың жеті баласы болған.Срның ішінде ерекше көзге түскен Абай болған.Әкесі үлкен үміт күтіп,ел басқару ісіне баулыған.Осылай жүріп Абай сол кездегі атақты адамдарды, би-шешендерді көреді. Сөз айтуды үйренеді, халықтың тұрмыс-тіршілігімен танысады.Ел билеген әкімдердің қара халыққа қиянатын көреді.Халқына пайдалы болудың жолын іздейді.

Құрбанов Ақжол. Абайды қоршаған әлеуметтік орта қандай еді?

Абай өмір сүрген дәуір қазақ даласы толықтай Ресейдің отарына айналған, халық екі жақты қанауда болған,өзінің еркін даму мүмкіншілігінен айырылған кез еді. Үстем тап өкілдері ескі азиялық құрылысты сақтап қалуға тырысса, Шоқан, Абай, Ыбырайлар ағартушылық, демократиялық тарихи әлеуметтік дамуды алға қойды.Абайдың шығармалары нақ осы бағытта алға ұсынды.

Балалар,Абай өлеңді 1882 жылдан жаза бастады. Өздеріңіз атап өткендей оның ақындық күшін танытқан өлеңі «Қансонарда» деп аталады.Абай өзінің 22 жыл өмірін шығармашылыққа арнады.Бүгін біз сіздермен қазақ халқының бас ақыны Абайдың өлеңдері мен лирикасына тоқталамыз. Дәптерлеріңізді ашып жазыңыздар.

Өлең дегеніміз не?

Белгілі бір өлшеммен қиыстырып,үйлесімді ырғақпен ұйқасып келетін сөз жүйесі.

Лирика дегеніміз не?

Адамның көңіл-күйін, қуаныш реніш сезімін білдіретін поэзия.

Лирика бес түрге бөлінеді.

  1. Табиғат лирикасы

  2. Махаббат лирикасы

  3. Философиялық лирика

  4. Саяси лирика

  5. Көңіл-күй лирикасы

Абай лирикасын осы анықтама тұрғысынан қарап көрейік. Оқулықпен жұмыс.

98 беттен 2-ші абзацтан оқимыз.Оқушыларға оқулықтан Абай лирикасына арналған бөлімді теріп оқыту.

Өлеңдерді талдау:

“Жасымда ғылым бар деп ескермедім”-өзінің білім-ғылымға кеш ұмтылғаны, “Әбдрахман өлгенде”,

“Оспанға”- көңіл күй лирикасы

“Ғылым таппай мақтанба”-философиялық лирика, білімнің, ғылымның маңыздылығы туралы

“Интернатта оқып жүр”-оқыған жастардың мақсаттары туралы, саяси лирика

“Жазғытұры”, “Жаз”, “Қыс”, “Желсіз түнде жарық ай” Абай табиғатты шебер жырлаған, өзінше ерекше жырлаған. Оның табиғаты жанды, үнемі қозғалыста. Бұл табиғат лирикасы

Абай адам жанының нәзік қылы, ғашықтарды да жеріне жеткізе жырға қосты. “Көзімнің қарасы”, “Айттым сәлем, қаламқас”, “Татьянанаң хаты” өлеңдері махаббат лирикасы.

Абай өлеңдерін мәнерлеп оқыту.

Сергіту сәті:

Абайдың қара сөзін оқыту.

Қорытынды. Балалар бүгін біз Абай атамыздың өлеңдерімен, лирикасымен таныстық.Енді сабақты қорытындылай келе кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау керек.

  1. Өлең дегеніміз не?

  2. Лирика дегеніміз не?

  3. Лирика неше түрге бөлінеді?

  4. Махаббат туралы қандай өлеңдері бар?

  5. Абайдың табиғат лирикасына арнап жазған өлеңдері қандай?

Үйге тапсырма: Абайдың қара сөздерін оқу.

Бағалау: Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
Абай өлеңдері тақырыбындағы ашық сабақ

Автор: Кунгазина Мира Мырзагельдыевна

Дата: 20.02.2017

Номер свидетельства: 393721

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(122) "Математикадан "?ткен та?ырыптарды ?айталау" та?ырыбында?ы ашы? саба? "
    ["seo_title"] => string(73) "matiematikadan-otkien-tak-yryptardy-k-aitalau-tak-yrybyndag-y-ashyk-sabak"
    ["file_id"] => string(6) "149873"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1420357924"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) ""А?ша ?ар" та?ырыбында?ы ашы? саба?"
    ["seo_title"] => string(39) "ak-sha-k-ar-tak-yrybyndag-y-ashyk-sabak"
    ["file_id"] => string(6) "210381"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1431432540"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) "Ашық сабақ "Дыбыс және әріп""
    ["seo_title"] => string(28) "ashyk_sabak_dybys_zh_nie_rip"
    ["file_id"] => string(6) "386124"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1485876123"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(104) ""?аза?станны? жауын-шашын таралуы" та?ырыбында?ы ашы? саба? "
    ["seo_title"] => string(65) "k-azak-stannyn-zhauyn-shashyn-taraluy-tak-yrybyndag-y-ashyk-sabak"
    ["file_id"] => string(6) "161710"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422269119"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(112) ""К?бейту мен б?луді тексеру" та?ырыбында ?ткенді ?айталау саба? "
    ["seo_title"] => string(68) "kobieitu-mien-boludi-tieksieru-tak-yrybynda-otkiendi-k-aitalau-sabak"
    ["file_id"] => string(6) "204547"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1429691040"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства