kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"А?ша ?ар" та?ырыбында?ы ашы? саба?

Нажмите, чтобы узнать подробности

2-сыныпта ана тілінен "А?ша ?ар" та?ырыбында?ы ?ткізілген ашы? саба?ты? негізгі ма?саты- о?ушыларды? о?у ?абілеттерін арттыра отырып, ?ыста?ы таби?ат ??былысы туралы т?сінік беру, к?ркем с?йлей алу да?дыларын жетілдіру, таби?ат?а ізгілік ?алыптатыра отырып, адамгершілік т?рбие беруге негізделді. Саба?та ??гімелеу, ойын т?сіндіру, с?ра?-жауап ?дістері ?олданылды. О?ушылар интербелсенді та?та к?мегімен слайдтар бойынша жа?а саба? мазм?нын ашатын шы?армашылы? тапсырмаларды ?ызы?а орындай білді. ?ле? ??рылысына талдау жасап,?з топтарында ?ыс мезгіліне байланысты ?ле?дер ?й?астырды. Сергіту с?тінде "Таза ауада сергиік" атты ?ыс мезгіліні? ?ажайып бейнелеріні? топтамасы бойынша слайдтар к?рсетілді.Саба?ты бекіту "?ыс?ы а??ала" ойынын ??растырумен ая?талды. О?ушылар а??ала б?ліктеріндегі с?ра?тар?а белсенділікпен жауап берді. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"А?ша ?ар" та?ырыбында?ы ашы? саба?»

Сабақтың тақырыбы: З.Шүкіров «Ақша қар»

Сабақтың мақсаттары:

1. Білімділігі: З.Шүкіровпен таныстыру. Өлеңнің мазмұнын ашу.

2.Дамытушылығы:Қыстағы табиғат құбылысы туралы түсінік бере отырып, көркем сөйлеу дағдыларын жетілдіру.

3. Тәрбиелілігі: Табиғатқа ізгілік қалыптастыру, адамгершілік тәрбие беру.

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, аққала бөліктері.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, ізденушілік.

Пәнаралық байланыс: дүниетану, бейнелеу, қазақ тілі, еңбекке баулу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

Айналаға алақанмен,

Жылулықты шашайық!

Сәттілік тілеп, күлімсіреп,

Біз сабақты бастайық!

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

Қызығушылықты ояту: Үйге қандай тапсырма берілді?

  1. М. Жұмабаевтың «Балапан қанат қақты» әңгімесін мазмұндау.

  2. Жалғастыра сұрау(мәтіндегі ойды аяқтау)

ІІІ.Үй тапсырмасын бекіту: «Сұрақ-жауап!» 1) Мағжан Жұмабаев туралы әңгімеле. 2) Әңгімеде жылдың қай мезгілі бейнеленген? 3) Балапан неге жылы жаққа кете алмаған?4) Балапанның халі сенде қандай көңіл-күй туғызды? 5) Табиғатта құстар болмаса не болар еді?

Жылы жаққа ұшпайтын,

Біздің жақта қыстайтын.

Қыста жүрсе жуықта,

Жем шашуды ұмытпа!

ІҮ. Мағынаны тану: Жаңылтпаштарды оқу.

1) Бұл қар- Сұр қар.

Сұр қар- Кір қар.

Үстінде ойнама, Үстіңді былғар.

2) Қырбық қар құрғақ па,

Құрғақ қар құрғақ па?

Қырбық қарда құрғақ,

Құрғақ қар да құрғақ.

  • Бұл жаңылтпаштар не туралы?

  • Қардың қандай түрлерін білдіңдер?

  • Жаңылтпашты оқу, мағынасын түсіндіру,сөздік жұмысы

Құрғақ – жабыспайды

Қырбық- сулы қар

  • Қар түрлеріне түсініктеме.

Қырбық қар- жұқа жауған қар.

Омбы қар- ат бауырына дейін келетін қар.

Сүрі қар- ерте түсіп ерімей, қыс бойы қалыңдаған тозаң, топырақ сіңіп, беті күлгін нығыз қар.

Үйме қар- боранды жел сырғытып, бір жерге тау-төбе боп үйілген қар.

Үрме қар- жел үрлеп, жиынтықтаған тығыз қар.

Ү.Жаңа сабақ. -Тағы қандай қар болатынын білгің келе ме? Онда белгілі ақын З. Шүкіровтың «Ақша қар» өлеңімен танысамыз.

Зейнолла Шүкіров

(1927-1979жж)

Зейнолла Шүкіров Қызылорда облысы, Арал ауданының Бөген елді мекенінде 1927 жылы өмірге келеді. Анасы Зейнолланы туғанда оның кіндігі тіспен кесілген екен.

Екі жағындағы құдайы көршілері, бірі - қайшы, екіншісі - пышақ іздеп жүргенде, ортада бір кейуана (ана) кіндікті тіспен қиып жібереді.

- Міне, Зейнолла әлдиді естіп, бесікте шалқып өседі. Зейнолла ер жетіп алғаш мектеп табалдырығын аттайды. Өз замандастарымен бірге 4 сыныпқа дейін оқиды. Ол сабақта алғыр, зерек, зейінді, өз қатарының алды болады.9 жасар Зейнолла өрістен қайтқан асау тайлақтан құлап, өмірлік мүгедек болып қалады. Бел омыртқасы зақымданып, сал ауруына ұшырайды. 5 - 6 сыныпты немере ағалары, бауырлары мектепке арқалап әкеліп оқытады. Зейнолла тағдырдың салған ауыртпалығына мойымай, қайсарлықпен қарсы тұрады. Төсек үстінде жатқан қаламына қол созады. Тұңғыш өлеңдер жинағы 1955-жылы шыққан. Өмірінің соңына дейін жазушылық қаламын қолынан түсірмей, ондаған кітап ұсынды. Оның балаларға арнаған жинақтары бар. Шығармалары шет тіліне аударылған. Оның «Менің достарым», «Теңіз жыры», «Арал дәптері», «Алау» атты өлеңдер жинағы мен қатар тағы да басқа әңгімелері өте көп.

2. Ақша қар (мұғалім оқиды)

Айналамда ұшып жүр

Ақ мамық қар себелеп.

Қалт-құлт еткен бейне бір

Ақ қанатты көбелек.



Үстіме жалп-жалп жауады

Ақ тауықтың жүніндей.

Жайнатады даланы

Ақ жібектің түріндей.

Ақ желегін жамылды

Сұрғылт тау-тас, сай-сала.

Ақ қардан көрпе жамылды

Ауыл үсті айқара.

ҮІ. Оқулықпен жұмыс:

  1. Өлеңді мәнерлеп оқып беру.

  2. Мазмұнын түсіндіру.

  3. Оқушыларға өлеңді тізбектей оқыту.

  4. Суретке зер салу.Мына сурет өлеңнің қай шумағына сәйкес келеді? (сол шумақты оқыту)

  5. Өлеңнің құрылысына талдау жасау:

  • Өлең неше шумақтан тұрады?

  • Әр шумақта неше тармақ бар?

  • Өлең шумақтарының қатарлары қандай ұйқасқа құрылған?

ҮІІ.Сергіту сәті. «Таза ауада сергиік» слайдтар.

Қар, қар жауасың,

Жанымызға дауасың

Біз ойнайтын ауланың

Тазартасың ауасын.

ҮІІІ. Дәптермен жұмыс:

Ақын ақша қарды неге теңейді? Өлеңнен теріп дәптерге жазу.



Ақ мамықтай

Ақша қар

Ақ тауықтың жүніндей

Ақ жібектей

Ақ көрпедей

Ақ желектей



ІХ. Шығармашылық жұмыс:

1-топ: Сөзжұмбақ шешу.

2-топ 5 жолды өлең құрастыру.

Х.Сабақты бекіту. Қыста қандай ойындар ойнаймыз? (шана, қар лақтыру, аққала жасау ) Ендеше

Аққала құрастырайық.

1. З. Шүкіров кім?

2. Өлең не туралы?

3. Ақын ақша қарды неге теңейді?

4. Қардың қандай түрлері бар екен?

5. Қол созсаң ақ күміс,

Алақанға толады.

Ашып-жұмсаң, із-түссіз

Лезде жоқ болады. (?)

ХІ. Үйге тапсырма: өлеңді жаттау, эссе жазу.

Оқушыларды бағалау.

Мұғалім: -Қылышын сүйреткен қыстан көбіне біздің күтетініміз аяз бен аппақ қырау, сосын көк күмбезінен ақ күміс болып шашылатын ақ ұлпа қар. Ақ ұлпа себелеген осы сәтте жан біткеннің бәрінің көңілдері қылаусыз, жүректері ақша қардай аппақ болып көрінеді. Шіркін, адамдардың пейілі, ойы жаңа жауған қардай аппақ болып, зұлымдық, қастандық атаулы болмаса ғой деген игі тілек тілейміз… Алда келе жатқан 16-желтоқсан –Тәуелсіздік күні мен Жаңа жылды барша қазақстандықтар ақ көңілмен, кең пейілмен тойлауға дайындалудамыз. Келе жатқан мерекелер құтты болсын!












Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
"А?ша ?ар" та?ырыбында?ы ашы? саба?

Автор: Алиева Рая Шаухаровна

Дата: 12.05.2015

Номер свидетельства: 210381


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства