Не білу керек: Абай ата туралы білімдерін жинақтап тұжырымдай білу.
Не істей білу керек: Ұйымдасқан түрде топтық жұмыс істей білу. Бір шешімге келіп дұрыс жауап бере білу керек.
Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ
Пәнаралық байланыс: әдебиет, музыка
Көрнекілік: интерактив тақта, слайдтар, Абай суреті, синтезатор,
Сабақтың барысы: (Оқушыларды 4 топқа бөлу)
Психологиялық тренинг
1.Мына өлең жолдарына назар аударыңыздаршы, кімнің өлеңінен үзінді?
Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар,
Әннің тәтті оралған мәні оятар...
немесе:
Қараша, желтоқсанмен сол бір екі ай,
Қыстың басы бірі ерте, біреуі жай.
Дұрыс айтасыңдар, Абай Құнанбаевтың өлеңі екен.
Абай Құнанбаев кім?
Оқушылардың жауабы: Ұлы ақын, аудармашы, сазгер, қара сөздері бар, лирик ақын.
Абай ата туралы не білесіңдер? Оқушылардың жауабы:
Абай Құнанбаев (1845 -1904) Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Шыңғыс тауының етегінде дүниеге келген. Негізгі шын аты- Ибраһим, халық қойған аты – Абай. Абай жас кезінде өте зерек, момын бала болып өсті. Әжесі Зеренің аңыз, ертегілерін тыңдап өскен. Бала кезінде ауыл молдасынан аздап сауат ашқан оны әкесі Құнанбай Семейге оқуға жіберді. Мұсылман медресесінде араб, парсы тілдерін үйренді. Медреседе оқып жүрген кезінде үш айдай орыс тілінде дәріс алды. Ол 14 жасынан бастап өлең шығарған. Абай өмірінің соңына дейін қазақ халқының жарқын болашағы үшін күресті. Артында қалдырып кеткен мұраларында адам бойында кездесетін жаман мінез-құлықтарды сынады және адамгершілікті, ақыл мен білімді болуға, басқа халықтардың мәдениеті мен өнерін білуге шақырды.
2.Абай – ұлы ақын. Атамыздың қандай өлеңдерін білесіңдер? (Оқушылардың жауабы)
«Жаз», «Жазғытұры», «Күз», «Қыс», «Желсіз түнде жарық ай», «Қансонарда бүркітші шығады аңға» т.б
Абайдың осы өлеңдері қандай тақырыпқа арналған? (Табиғат, жыл мезгілдері)
Абай ата өлеңдерін тағы қандай тақырыпта жазды? (Абай ата қазақ жастарын оқуға, білімге, өнерге, еңбекке шақырды)
«Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Ғылым таппай мақтанба», «Сегіз аяқ», «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін», «Құлақтан кіріп бойды алар»
Поэзия минуты (қалауы бойынша Абай өлеңдерінен үзінділер оқу) Осы жылдың төрт мезгілін не нәрсеге ұқсатады?
Жылдың төрт мезгілін – адамның:
- балалық шағына,
- жігіттік шағына,
- кемеліне келген шағына,
- кәрілік кезіне ұқсатады.
- Байқадыңыздар ма, балалар, Абай өзі суретші болмаса да, табиғат бейнесін сөзбен өрнектеп, әрлеп, табиғатқа жан бітіре суреттейді. Осыдан Абайды суретші деуімізге бола ма? Әрине, Абай суретші.
Абайдың қара сөздері
Жетінші қара сөзінде жас баланың анадан екі түрлі мінезбен туатынын айтады. Біреуі ішсем, жесем, ұйықтасам дейді. Екіншісі көрсем, білсем дейді.
Он жетінші сөзінде ақыл, жүрек, қайрат - үшеуін бір-бірімен айтыстырыпты. Әрқайсысының қыметіне тоқтап мынандай ой түйеді. «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді»
Абай атаның қара сөздерінен нені аңғаруға болады?
Абайдың 45 қара сөзі бар. Абайдың қара сөздері адамда адамгершілік қасиет болуға, жаман дағдылардан аулақ болуға шақырады.
Абай – аудармашы Абай А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов, И.А.Крыловтың өлеңдерін
қазақ тіліне аударады. «Есек пен бұлбұл», «Шегіртке мен құмырсқа», «Түлкі мен қарға»
Абай – сазгер. Абай да нота сауатын меңгермеген. Абай өзі ән салып домбыра тартқан.
Абайдың әндерін балалары Ақылбай, Әбіш тек қан тыңдап қоймай, орындап, елге таратқан. Абай ата күй де шығарған. «Тел қоңыр»,
«Әуенін тап» ойыны
Ән әуенін теріңдер
Бәрің бермен келіңдер
Бұл қызықты ойынды
Тамашалап көріңдер
Еш қиыны жоқ мұның
Сазын білсең өлеңнің
Түсінсеңіз болғаны
Құдіретін өлеңнің
Бұл ойыннан қашпайық
Әуенін тауып тастайық
Әзір болсаң бәріміз
Ал, ойынды бастайық.
Поппури «Желсіз түнде жарық ай», «Көзімнің қарасы» әндерін интезаторда ойнау Оқушылар Абай атаның қай әні екенін тауып алу керек.
Жаңа сабақ Абай мен Әбіш
1.Мәтінді мұғалімнің оқуы. Баяу музыка ойнап тұрады.
2. Мәтінде қызыл түспен ерекшеленген сөзді тауып оқу. Осы сұраққа Абайдың берген жауабын
тауып, оқу. Осы сұраққа Әбіштің берген жауабын тауып, оқу.
3. Сахналау.
4. Саған кімнің жауабы ұнады?
- Абай Әбіштің алымдылығын қалай сынамақ болды?
- Әбіштің жауабы не болды?
- Абай Әбішке қандай ой айтты?
- Абай қандай қорытынды жасады? Абай Әбіш сөзін қалай бағалады?
5. Өзің осы сұраққа қалай жауап берер едің? Оқушылардың жауабы. Абайдың арманы не? Баласы елге келіп халқына қызмет еткенін қалады. Осыдан қандай түйін сөз шығаруға болады?
«Әке - балаға сыншы.» Әбдірахман 1895 ж қайтыс болған.
8. Өздік жұмыс Постерге жазу. Дәлелдеу.
1-топ Абай ойлаған қазақ балалары қандай болу керек?