Просмотр содержимого документа
«Абай Құнанбаев "Қыс".»
Тақырыбы : Абай Құнанбаев.Қыс.
Мақсаты : 1.Абай Құнанбаевтың өмірі ,оның шығармалары туралы білімін кеңейту.”Қыс” туралы өлеңнің мазмұны мен идеясын ашу.Оқушылардың таным мүмкіндіктерін анықтау.
2.Оқушылардың сөздік қорын,ойын, көз алдына елестету,есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3.Қоршаған ортаның тылсым сырларына қызықтыру арқылы туған елінің табиғатын сүйе білуге баулу.Эстетикалық тәрбие беру.
Сабақ әдістері:сұрақ-жауап,сын тұрғысынан ойлау стратегиялары,то.
Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі
2.Өткен тарауларға шолу жасау. Сұрақтар арқылы білімдерін тексеру
3 Тақырыпты, мақсатын хабарлау.
-Бүгін біз,А.Құнанбаевтың «Қыс» туралы өлеңімен танысып қыс туралы ұғымымызды кеңейтейік.
4.Эссе: Абай туралы не білемін?
Әр оқушы отырып, Абай атамыздың атын естігенде ойларына не келгенін жазады.
Абай туралы слайд. Қарқаралыдағы Абай тоқтаған үйге түсінік беру.
-Абайдың табиғат тақырыбына жазылған қандай өлеңдерін білесіңдер?
-Қыс. Жазғытұры. Жаз. Күз.
Жаңа сабақты түсіндіру.
1.Өлеңді оқу. Мұғалімнің оқуы.
2.Өлеңнің шығу тарихынан. Слайд
-Қыс өлеңін Абай атамыз 1884 жылы Семей өңірінде қыс қатты болып ел жұтаған, мал қырылған екен.Қыста жауған қар сәуір айында бір-ақ еріген.Бұл өлең сол кезеңде жазылған.
Сондықтан ақын қысты «Ақ киімді, денелі, ақ сақалды” зор тұлғалы адам ретінде сипаттаған.
3.Іштей оқу.Оқу барысында қиын сөздерді белгілеп отыру.