kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Абай тере?іне бас ?ою

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты: І. Білімділік. ?лы а?ын Абайды? ?мірі мен шы?армашылы?ы бойынша ?ткен та?ырыптарды бекіту, ?орытындылау. ІІ. Дамытушылы?. А?ын шы?армаларыны? кез келгенін талдай білу да?дысын одан ?рі ?алыптастыру, о?ушыны? с?йлеу тілін дамыту. ІІІ. Танымды?. ?з бетімен іздене білуге, ой ?орыту?а да?дыландыру. Саба? ?дісі: аралас, панорамалы?. Т?рі: ?азына саба?. К?рнекілігі: а?ын портреті, а?ын ?ле?дерінен ?зінді, а?ын туралы айтыл?ан ?лы адамдарды? с?здері, саба? жоспары, эпиграфы жазыл?ан плакат беттер, газет- журнал материалдары, фотосуреттер, а?ын шы?армашылы?ына арнал?ан папка, кітап к?рмесі, с?зж?мба?, тест материалдары.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Абай тере?іне бас ?ою »

Абай тереңіне бас қою

Сабақтың мақсаты: І. Білімділік. Ұлы ақын Абайдың өмірі мен шығармашылығы бойынша өткен тақырыптарды бекіту, қорытындылау.

ІІ. Дамытушылық. Ақын шығармаларының кез келгенін талдай білу дағдысын одан әрі қалыптастыру, оқушының сөйлеу тілін дамыту.

ІІІ. Танымдық. Өз бетімен іздене білуге, ой қорытуға дағдыландыру.

Сабақ әдісі: аралас, панорамалық.

Түрі: қазына сабақ.

Көрнекілігі: ақын портреті, ақын өлеңдерінен үзінді, ақын туралы айтылған ұлы адамдардың сөздері, сабақ жоспары, эпиграфы жазылған плакат беттер, газет- журнал материалдары, фотосуреттер, ақын шығармашылығына арналған папка, кітап көрмесі, сөзжұмбақ, тест материалдары.

Сабақтың барысы. І. Ұйымдастыру.

ІІ. Кіріспе.

Жүрегіңнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,

Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма, - деп ақынның өзі айтқандай, «соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстіп», тар жол, тайғақ кешу өмір кешкен, өкініш пен өксігі көп, қайғысы мен қасіреті мол қараңғы қапас өлкеде ел мұңдарын «асау жүрегінен» ағыта, шабыты жыр ғып төккен алып Абай туралы сабағымызды жыр алыбы Жамбылдың өлеңімен бастағанды жөн көріп тұрмын. Абайдың суретін көрген ол:

Мына тұрған Абайдың суретіме?

Өлең сөздің ұқсаған құдіретіне.

Ақыл, қайрат, білімді тең ұстаған

Өр Абайдың төтеген кім бетіне?- деп айтқан екен.

Сабақ жоспары

І. Дана Абай – дара Абай (семинар)

ІІ. «Туғанда дүние есігін ашады өлең» (тест)

ІІІ. Мен киіктің лағы ем (концерт)

ІV. Қазақ поэзиясына жаңалық енгізген Абай (саяхат)

V. «Осы жұрт Ескендірді біле ме екен?» (мәнерлеп оқу)

VІ. «Өлмейтұғын артына сөз қалдырған» (сайыс)

1. Сабақ жоспары ілінгеннен кейін, жоспардың І бөлімі бойынша екі консультант оқушы ақынның өмірі мен шығармашылығына және орыс достарының бірі Е. П. Михаэлистің өмірі мен қызметіне тоқталады. Қойылған сұрақтарға жауап беріледі. Консультант жауабын өзім толықтырамын.

2. «Туғанда дүние есігін ашады өлең». Ақын өлеңдерінің тақырыбы, идеясы, маңызына тоқтала келіп, тестпен жұмыс істеу. (Тест тапсырмалары плакат бетке жазылып ілінеді де, кезекпен ауыстырылып көрсетіледі. Оқушы алдында жатқан 5 варианттың а, ә, б, в, г қажеттісін көтеріп белгі береді).

1.... Аш бақа, ала жылан күпілдектер.

Үзінді қай өлеңнен?

а) «Қалың елім қазағым қайран жұртым»

ә) «Ғылым таппай мақтанба»

б) «Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да»

в) «Сабырсыз, арсыз, еріншек»

г) «Сегіз аяқ»

2.... Сөз айта алмай бөгеліп,

Дүрсіл қағып жүрегі,

Тұрмап па еді сүйеніп,

Тамаққа кіріп иегі.

Ұйқас түрін ата.

а ) шұбыртпалы ә) егіз

б) шалыс в)аралас

г) қара өлең

3.... Қара көз, имек кас,

Қараса жан тоймас.

Аузың бал, қызыл гүл,

Ақ тісің кір шалмас...

Лириканың қай түрі?

а) көңіл күй лирикасы ә) азаматтық-саяси лирика

б) табиғат лирикасы в) махаббат лирикасы

4. М. Әуезовтың «Абай жолы» романындағы Михайловтың протипі кім?

а ) Долгополов ә) Леоньтев

б) Михаэлис в) Павлов

5. ... Күн- күйеу, жер- қалыңдық сағынышты...

Бұл жолдан қандай бейнелі сөзді көресің?

а) эпитет ә) теңеу

б) кейіптеу в) метафора

г) антитеза

6. «Теректің сыйы» өлеңін кім аударды?

а) Пушкин ә) Лермонтов г) Бунин

б) Крылов в) Мицкеевич

3. ... Мен киіктің лағы ем... Үнтаспадан «Татьянаның қырдағы әні» орындалады. Абай және Пушкин, Абай- Лермонтов үндестігі туралы жалпылама сұрақтарға жауап беріледі. «Абай жолы» романынан үзінді оқылады. «Қараңғы түнде тау қалғып» әні орындалады. «Әуенді тап!» ойыны. Абай әндерінен үзінді тыңдалады да, оқушылар әнді жалғастыра орындайды.

4. «Қазақ поэзиясына жаңалық енгізген Абай».

Оқушылардың қалауы бойынша екі топ Абай еліне саяхатқа баруға дайындалады. Саяхатқа бару үшін үш түрлі аялдамадан өтуі керек.

Көкпекті.------- Семей. ------- Қарауыл

«Көкпектіден» шығатындар берілген сұрақтарға толық жауап берсе, «Семейге» сапар шегеді, ондағы сыннан толық өткендер «Қарауылға» жол тартады. «Қарауыл» аялдамасындағы тапсырманы оқығандар «Абай ата елінің құдіретті қонағы атағын» алады. Тапсырмалар жүйесі төмендегідей.

«Көкпекті». Абайға дейінгі қазақ поэзиясында дәстүрлі болып қалыптасқан ұйқас, буын түрлері.

«Семей». Абай жасаған ұйқастар және буын түрлері. Бірнеше өлеңнен үзінді беріледі.

«Қарауыл» Тіл түрлеген Абай. Өлең үзінділерінен бейнелі сөздерді табу.

5. «Осы жұрт Ескендірді біле ме екен?» Поэмадан үзінді оқылады.

Оқушы консультант Абайдың Зұлқарнайын поэмасы жайлы «Семей таңы» газетінде жарияланған зерттеу мақаламен таныстырады.

6. «Өлмейтұғын артынан сөз қалдырған».

Сынып оқушыларын үш ауылға бөліп, «Зере», «Күңке», «Ұлжан» ауылдары деп атаймын да, бастаңғыға жиналған ауыл жастарын сайысқа шақырамын. Әр ауыл жастарына тапсырма таратылады. Толық, дұрыс жауапқа қызыл белгі (жетон), толық емес жауапқа көк белгі үлестіріледі. Соңынан жинаған ұпайларына (жетон санына) сай қорытындысы шығарылады.

Тапсырмалар. «Зере» 1. Қыздың жігітке жазған хаты Абай өлеңдерінде кездесе ме? 2. Жұқа сөзінің антонимі, жұрт сөзінің синонимімен басталатын қай өлең? Бір шумағын жатқа оқы. 3. Абайдың әнге көзқарасы қай өлеңінде айтылады.

«Күңке» 1. Бірінші сыңары ақ сөзінің антонимі, екінші сыңары көпше түрдегі зат немесе құбылыс атауы. Бұл қай шығарма? 2. Абай қай әдеттен жирендіріп, қандай қасиеттерді дәріптейді? Өлең жолдарымен жауап бер. 3. Аяқталмай қалған Абайдың қай поэмасы?

«Ұлжан» 1. Шәкәрімнің Абайға қандай туыстық жақындығы бар?

2. ... Белеет парус одинокий

В тумане моря голубом...

Осы өлең жолын Абай қалай аударған? Авторы кім?

3. Көктем сөзінің синонимімен басталатын қай өлең? Бір шумағын жатқа оқы.

«Бастаңғыға» келмеген алты оқушыға жекелеме тапсырма беріледі.

Сөзжұмбақ шешу. «Дананың сөзі- ақылдың көзі».

ІV. Сабақты қорыту. Абай әлемін бүкіл дүниеге таратушы кемеңгер ұлы Мұхтар «Мен Абай тереңінен шөміштеп қана іштім» деген екен. Ал біз Ұлы ғұлама тереңіне бас қоймағанымызбен тек қана сол тереңнен дәм таттық қой деп ойлаймын. Сол себептен оқудан, білуге ұмтылушылықтан, ізденуден жалықпайық. Назарларыңызға мынадай мәліметті ұсынамын: ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы алғашқы зерттеу мақаланы жазған Әлихан Бөкейханов екен. («Жұлдыз» журналында жарияланған Тұрсын Жұртбаевтың мақаласымен таныстырамында, оқуға ұсынамын.)

Үйге тапсырма: Абайдың қарасөздері. Оқушы- консультанттарға «Жас Алаш» газетіндегі Дүкенбай Досжановтың «Абай айнасы» кітабынан «Тұрағұлдың мұңы» атты тараудың ықшамдалған түрін қосымша оқып келуге тапсырамын.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Абай тере?іне бас ?ою

Автор: Акбергенова Саягуль Казбеккызы

Дата: 27.03.2015

Номер свидетельства: 192232

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "Абай ??нанбай?лыны? ?мірі мен шы?армашылы?ы "
    ["seo_title"] => string(51) "abai-k-u-nanbaiu-lynyn-omiri-mien-shyg-armashylyg-y"
    ["file_id"] => string(6) "149365"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1420145817"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(61) "Мал?а досты? м??ы жо? малдан бас?а... "
    ["seo_title"] => string(39) "malg-a-dostyn-mu-n-y-zhok-maldan-bask-a"
    ["file_id"] => string(6) "193682"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427683136"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(28) "??нанбай?лы Абай"
    ["seo_title"] => string(15) "kunanbaiulyabai"
    ["file_id"] => string(6) "261877"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1449224907"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(28) "??нанбай?лы Абай"
    ["seo_title"] => string(16) "kunanbaiulyabai1"
    ["file_id"] => string(6) "261878"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1449224914"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(176) "М.О.?уезовты? «Абай жолы» роман-эпопеясында?ы Абай ж?не ??нанбай образы. ?ке мен бала ?арым-?атынасы."
    ["seo_title"] => string(87) "mouiezovtynabaizholyromanepopieiasyndagyabaizhniekunanbaiobrazykiemienbalakarymkatynasy"
    ["file_id"] => string(6) "270717"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1451236726"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства