1941 жыл?ы маусымны? 22-сінде фашистік Германия ?скерлері Ке?ес Ода?ына т?т?иылдан шабуыл жасап, ел азаматтары Отан ?ор?ау?а аттан?ан еді. Оларды? ?атарында Павлодар педагогикалы? училищесіні? студенттері, т?лектері, о?ытушылары бар. Училище т?лектері Серікбай М?ткенов, ??дайберген С?ра?анов, ?абдеш Н?ркин, К?кен ?бенов, М?зафар ?лімбаев, Ер?али ?алымжанов, Александр Щербинко, Бейсен Ахметов, ?антай Елубаева ж?не бас?а азаматтар майдан?а алынды.
О?ушылар сапынан К?кен ?бенов, М?зафар ?лімбаев, Ер?али ?алымжанов ал?аш?ыларды? бірі болып со?ыс?а жіберуді с?рады. Олар 1941 жылды? желто?сан айында емтихандарды мерзімінен б?рын тапсырып, ?скер ?атарына алынды. Сол кезде оларды? жасы 18–ге де толма?ан еді. Ер?али ?алымжанов ?рыс даласында ?аза тапты. Ал К?кен ?бенов пен М?зафар ?лімбаев елге аман-есен оралды.
Б?гінде ?стаздарды даярлайтын о?у ордасы Бейсен Ахметов есімімен аталады. ?лы Отан со?ысыны? ардагері 24 жыл педучилищеге басшылы? етті.
Бейсен Ахмет?лы Павлодар ?аласында жеті жылды? орыс мектебін бітірген со?, 1935 жылы ?азМУ-ді? физика-математика факультетіне о?у?а т?седі. 1940 жылы ?скер ?атарына ша?ырылып, кіші лейтенанттар курсын бітіреді. ?скерде ж?ргенінде со?ыс басталып, майдан?а араласты. М?скеуді, Смоленскіні жаудан азат етуге ?атысты. Майдан даласында ауыр жара?ат алып, 1944 жылы 2-топ м?гедегі болып оралды. «М?скеуді ?ор?а?аны ?шін», «Германияны же?гені ?шін», «?лы Отан со?ысында?ы мінсіз е?бегі ?шін» медальдарымен марапатталды.
Училищені? директоры ?ызметін ат?ар?ан Александр Щербинко да М?скеуде жаумен арпалысты. К?птеген марапат иегері. Зейнеткерлікке шы?са да, біраз жыл болаша? ?стаздар?а тарих п?нінен д?ріс о?ыды.
Василий Щербинко - елді азат етуге ?атыс?ан азаматтарды? бірі. Василий Иванович 1940 жылы Успенка орта мектебін бітірген со?, Павлодар педучилищесіні? 3-курсына о?у?а т?седі. 1941 жылды? 22 маусымында педучилищені бітіріп, Успен ауданы Рождественко ауылыны? 7 жылды? мектебіне ?ызметке жіберіледі. 1942 жылды? ?а?тарында ?з еркімен майдан?а аттанады. 1942 жылды? с?уірінде М?скеу т?біндегі шай?аста б?лім командирі ?ызметін ат?арады.
?антай Елубаева 1924 жылы 25 наурызда Семей ?аласында д?ниеге келген. 1942 жылды? мамыр айында ?скер ?атарына алынып, Шы?ыс?а бет алды. 1945 жылы Жапониямен со?ыс ая?тал?аннан кейін, ?ыз-келіншектер елге ?айтарылды. Орал?ан со? Алматыда?ы ?аза? мемлекеттік ?ыздар педагогикалы? институтын бітірді. 1949-1995 жыл аралы?ында педучилищеде тарих п?ніні? м??алімі болып е?бек етті.
?абдеш Н?ркин 1943 жыл?ы мамырдан 1945 жыл?ы 5 наурыз?а дейін а?а лейтенант шенінде ат?ыштар ротасыны? командирі болды. Тек ?ана ?олбасшылар?а берілетін Невский орденіні? иегері, бес орден, оннан аса медальмен марапаттал?ан. ?лы Отан со?ысында ?ш рет ауыр жара?ат алды.
Серікбай М?ткенов 1913 жылы А?то?ай ауданында ту?ан. Павлодар педагогикалы? училищесін т?мамда?ан со?, Жамбыл, Ленин, Ке?ес колхозында?ы мектептерде ?стазды? етті. 1942 жылы ?а?тарда ?ызыл Армия ?атарына ша?ырылады да, кіші командирлер даярлайтын мектепке жіберіледі. А?а сержант Серікбай М?ткенов 136–ат?ыштар дивизиясына ?арасты 342–ат?ыштар полкіндегі 45 мм пушка батареясында зе?бірек командирі болды.
Серікбай М?ткенов Украинаны азат ету жолында?ы шай?астарда 1944 жылы 15 ?а?тарда ерлікпен ?аза тапты. 1944 жылы 9 а?панда Ке?ес Ода?ыны? Батыры ата?ы берілді.
??дайберген С?ра?анов 1921 жылы Павлодар облысыны? Качир ауданына ?арасты С?луа?аш ауылында ту?ан. 1940 жылы педучилищедегі о?уын ая?та?ан со?, Жа?аауыл мектебінде о?ушылар?а саба? берді. Сол жылды? ?азан айында ?ызыл Армия ?атарына алынды. 1942 жылы артиллериялы? училищесін т?мамдап, кіші лейтенант ата?ын алды. Днепр, Висла, Одер ?зендерін кешіп, Волгадан Шпрееге дейінгі жолдан ?тті. 1946 жылы 15 мамырда а?а лейтенант ??дайберген Ма?з?м?лына Ке?ес Ода?ыны? Батыры ата?ы берілді.
Отанын ?ор?ау?а аттан?ан батырларымыз бен ардагер-лерімізді? ерлік істерін есімізде са?тап, ?адірлеу – ?рпа? парызы. Колледж м?ражайында со?ыс ардагерлері туралы мол ма?л?мат бар. Кейінгі буын аталарымыз ?асы? ?аны ?ал?анша жау?а ?арсы шай?асып, соны? н?тижесінде б?гінде азат ел атан?анымызды білуі тиіс. ?лы Отан со?ысыны? ерлікке толы ?а?арлы жылдары бірте-бірте алыста?анымен, адамзат д?ние ж?зін фашистік ??лды?тан аман алып ?ал?ан халы?ты? ?ажайып ерліктерін еш?ашан ?мытпа? емес.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
1941 жылғы маусымның 22-сінде фашистік Германия әскерлері Кеңес Одағына тұтқиылдан шабуыл жасап, ел азаматтары Отан қорғауға аттанған еді. Олардың қатарында Павлодар педагогикалық училищесінің студенттері, түлектері, оқытушылары бар. Училище түлектері Серікбай Мүткенов, Құдайберген Сұрағанов, Қабдеш Нұркин, Кәкен Әбенов, Мұзафар Әлімбаев, Ерғали Қалымжанов, Александр Щербинко, Бейсен Ахметов, Қантай Елубаева және басқа азаматтар майданға алынды.
Оқушылар сапынан Кәкен Әбенов, Мұзафар Әлімбаев, Ерғали Қалымжанов алғашқылардың бірі болып соғысқа жіберуді сұрады. Олар 1941 жылдың желтоқсан айында емтихандарды мерзімінен бұрын тапсырып, әскер қатарына алынды. Сол кезде олардың жасы 18–ге де толмаған еді. Ерғали Қалымжанов ұрыс даласында қаза тапты. Ал Кәкен Әбенов пен Мұзафар Әлімбаев елге аман-есен оралды.
Бүгінде ұстаздарды даярлайтын оқу ордасы Бейсен Ахметов есімімен аталады. Ұлы Отан соғысының ардагері 24 жыл педучилищеге басшылық етті.
Бейсен Ахметұлы Павлодар қаласында жеті жылдық орыс мектебін бітірген соң, 1935 жылы ҚазМУ-дің физика-математика факультетіне оқуға түседі. 1940 жылы әскер қатарына шақырылып, кіші лейтенанттар курсын бітіреді. Әскерде жүргенінде соғыс басталып, майданға араласты. Мәскеуді, Смоленскіні жаудан азат етуге қатысты. Майдан даласында ауыр жарақат алып, 1944 жылы 2-топ мүгедегі болып оралды. «Мәскеуді қорғағаны үшін», «Германияны жеңгені үшін», «Ұлы Отан соғысындағы мінсіз еңбегі үшін» медальдарымен марапатталды.
Училищенің директоры қызметін атқарған Александр Щербинко да Мәскеуде жаумен арпалысты. Көптеген марапат иегері. Зейнеткерлікке шықса да, біраз жыл болашақ ұстаздарға тарих пәнінен дәріс оқыды.
Василий Щербинко - елді азат етуге қатысқан азаматтардың бірі. Василий Иванович 1940 жылы Успенка орта мектебін бітірген соң, Павлодар педучилищесінің 3-курсына оқуға түседі. 1941 жылдың 22 маусымында педучилищені бітіріп, Успен ауданы Рождественко ауылының 7 жылдық мектебіне қызметке жіберіледі. 1942 жылдың қаңтарында өз еркімен майданға аттанады. 1942 жылдың сәуірінде Мәскеу түбіндегі шайқаста бөлім командирі қызметін атқарады.
Қантай Елубаева 1924 жылы 25 наурызда Семей қаласында дүниеге келген. 1942 жылдың мамыр айында әскер қатарына алынып, Шығысқа бет алды. 1945 жылы Жапониямен соғыс аяқталғаннан кейін, қыз-келіншектер елге қайтарылды. Оралған соң Алматыдағы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын бітірді. 1949-1995 жыл аралығында педучилищеде тарих пәнінің мұғалімі болып еңбек етті.
Қабдеш Нұркин 1943 жылғы мамырдан 1945 жылғы 5 наурызға дейін аға лейтенант шенінде атқыштар ротасының командирі болды. Тек қана қолбасшыларға берілетін Невский орденінің иегері, бес орден, оннан аса медальмен марапатталған. Ұлы Отан соғысында үш рет ауыр жарақат алды.
Серікбай Мүткенов 1913 жылы Ақтоғай ауданында туған. Павлодар педагогикалық училищесін тәмамдаған соң, Жамбыл, Ленин, Кеңес колхозындағы мектептерде ұстаздық етті. 1942 жылы қаңтарда Қызыл Армия қатарына шақырылады да, кіші командирлер даярлайтын мектепке жіберіледі. Аға сержант Серікбай Мүткенов 136–атқыштар дивизиясына қарасты 342–атқыштар полкіндегі 45 мм пушка батареясында зеңбірек командирі болды.
Серікбай Мүткенов Украинаны азат ету жолындағы шайқастарда 1944 жылы 15 қаңтарда ерлікпен қаза тапты. 1944 жылы 9 ақпанда Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Құдайберген Сұрағанов 1921 жылы Павлодар облысының Качир ауданына қарасты Сұлуағаш ауылында туған. 1940 жылы педучилищедегі оқуын аяқтаған соң, Жаңаауыл мектебінде оқушыларға сабақ берді. Сол жылдың қазан айында Қызыл Армия қатарына алынды. 1942 жылы артиллериялық училищесін тәмамдап, кіші лейтенант атағын алды. Днепр, Висла, Одер өзендерін кешіп, Волгадан Шпрееге дейінгі жолдан өтті. 1946 жылы 15 мамырда аға лейтенант Құдайберген Мағзұмұлына Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Отанын қорғауға аттанған батырларымыз бен ардагер-леріміздің ерлік істерін есімізде сақтап, қадірлеу – ұрпақ парызы. Колледж мұражайында соғыс ардагерлері туралы мол мағлұмат бар. Кейінгі буын аталарымыз қасық қаны қалғанша жауға қарсы шайқасып, соның нәтижесінде бүгінде азат ел атанғанымызды білуі тиіс. Ұлы Отан соғысының ерлікке толы қаһарлы жылдары бірте-бірте алыстағанымен, адамзат дүние жүзін фашистік құлдықтан аман алып қалған халықтың ғажайып ерліктерін ешқашан ұмытпақ емес.