Просмотр содержимого документа
«10 сынып оқушыларына арналған емтихан жұмысы»
«Қазақтілі»пәнінен
(оқытуқазақтілінде)
10 -сыныпта аралық аттестаттау бойынша
спецификация
(Жаратылыстану -математикалық бағыт)
2024-2025 оқу жылы
Бекітемін
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы
«Қостанай ауданы білім бөлімінің
Озерный жалпы білім беретін мектебі» КММ
басшысының м.а___________Г.Ч.Дускулова
«______» ________________ 2025 жыл
1. Аралық аттестаттау мақсаты-білім алушылардың «Қазақ тілі»пәні бойынша оқу бағдарламасының көлемін меңгеру деңгейін жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарына сәйкес бағалау.
2. Аралық аттестаттаудың міндеті:
Білім алушылардың білім берудің келесі деңгей материалдарын игеру дайындығы мен функционалдық сауаттылықтарының қалыптасу деңгейлерін бағалау.
Аралық аттестаттауға негіздеме құжаттар:
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңы;
«Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №1045 қаулысы;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Білімді ұлт» сапалы білім беру» Ұлттық жобасын бекіту туралы 2021 жылғы 12 қазандағы № 726 Қаулысы;
Қазақстан РеспубликасыБілім және ғылым министрінің2008 жылғы 18 наурыздағы№ 125 бұйрығының1-қосымшасы.
Аралық аттестаттау тапсырмаларының сипаттамасы
Қамтылатын мақсаттар
Тапсырма реті
Тапсырма сипаттамасы
Тапсырма түрлері
Орындау уақыты
Балл
10.2.5.1 мәтіндегі негізгі ойды анықтау, көтерілген мәселеге баға беріп, мәліметтер мен пікірлерді өңдей білу
1
Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды, көтерілген мәселеге баға беріп, мәліметтер мен пікірлерді өңдей біледі.
Толық жауапты қажет ететін сұрақтарға жауап береді
30
0,5
10.3.3.1 қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу ("келісу, келіспеу" эссесі, дискуссивті эссе, аргументативті эссе)
2
Қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе («келісу, келіспеу» эссесі, дискуссивті эссе, аргументативті эссе) жазады.
.
Жазбаша толық жауапты қажет ететін эссе жазады
120
2
10.4.4.1 сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтай білу
3
сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтай біледі
Толық жауапты қажет ететін тапсырма лар
30
1
180 мин
5 б
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ҚОСТАНАЙ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ОЗЕРНЫЙ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Білім алушының Т.А.Ж. _____________________________________________________________________
Нұсқа______________
2024-2025 оқу жылы
«Қазақ тілі» пәнінен 10-сыныпқа арналған аралық аттестаттау тапсырмалары
(Жаратылыстану -математикалық бағыт)
І нұсқа
Оқылым. (1 балл).
Мәтінді оқыңыз жәнетапсырмаларды орындаңыз:
1тапсырма Мәтіндегі негізгі ойды анықтап жазыңыз
2 тапсырма Көтерілген мәселеге баға беріңіз
3 тапсырмаМәтіндегі мәліметтер мен пікірлерді өңдеңіз
Жаһандану дегеніміз — бір-бірімен тығыз экономикалық, ғылыми-техникалық, саяси, мәдени байланыстағы біртұтас адамзат қауымдастығының қалыптасуы. Ол — біздің көз алдымызда өте тез қарқынмен жүріп жатқан үрдіс. Мысалы, бүгінгі Қазақстан қоғамы басқа елдермен экономикалық сауда-саттық қарым-қатынасқа түсіп, дамып келеді. Алысқа бармай-ақ, өзіңіз бен өз үйіңізге қараңызшы. Үстіңізде Еуропа елдерінің бірінде тігілген костюм, аяғыңызда Турциядан әкелген туфли, астыңызда Германия, немесе Америкадан шыққан жеңіл мәшине, үйіңізде Ресейдің тоңазытқышы, Оңтүстік Кореядан шыққан шаңсорғыш, Жапонияда шығарылған магнитофон, арабтардың тоқыған кілемі, ас дайындайтын бөлмеңізде Үндістан елінен келген шай, Мароккодан келген апельсин, Ираннан әкелінген финиктер, АҚШ-тан келген тауықтың аяқтары, Қытайдан әкелінген ыдыс-аяқ т.с.с. Мұндай мысалдарды шексіз келтіре беруге болады
Жаһандану (глоболизация) — дүние жүзіндегі барлық елдерде экономика, өмір салты (киім, өнер, тамақтану, т.б.), мәдениет пен ақпарат құралдарының ортақ бола бастауы. Мысалы, біз европаша киінеміз, корейдің фунчозасынсыз той өткізбейміз, жапонның сушиын жейміз, батыс әндерін тыңдап, киноларын көреміз, Махаббат күнін тойлаймыз, Фейсбукқа тіркелеміз және сол сияқты. Бұлар барлық елдерге ортақ үрдіс бола бастады.
Қоршаған орта, түпкі ресурстар (энергия, су, азық-түлік), демография, көші-қон толқындары, есірткі тасымалы, халықаралық терроршылдық проблемалары жекелеген елдер күшімен шешілуі мүмкін емес. Ақпараттық төңкеріс бұл проблемалардың жаҺандық өлшемге ие болуына ықпал етті. Зерттеушілер Жаһандануды әр текті, бірақ әлемнің біртұтастыққа айналу логикасымен біріктірілетін өзгерістердің жиынтығы деп түсіндіреді. ЖаҺандық өзара тәуелділік және бүкіләлемдік даму үрдісі Жаһандануға алып келмей қоймайды. (206 сөз)
Берілген екі тақырыптардың бірін таңдап, қажетті клишелермен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазыңыз(140-150 сөз)
«Жаһанданудың қоғамға әсері»
«Астана қаласындағы әр ғимарат сәулет өнерінің қайталанбас туындысы»
Қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдар: менің ойымша,осы мәселе төңірегінде ойлана келе,өз пікірімнің дұрыстығына көз жеткізу үшін,алайда,дегенмен,себебі,сондықтан......
Қазақ тілі » пәнінен 10-сыныпқа арналған аралық аттестаттау рубрикасы
Төмен көрсеткіш 1-2 балл
Орташа көрсеткіш 3-4 балл
Жоғары көрсеткіш 5 балл
Оқылым
Мәтіндегі негізгі ойды анықтауда, көтерілген мәселеге баға беріп, мәліметтер мен пікірлерді өңдеуде 5-6 қате жібереді.
Мәтіндегі негізгі ойды анықтауда, көтерілген мәселеге баға беріп, мәліметтер мен пікірлерді өңдеуде 3-4 қате жібереді.
Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды, көтерілген мәселеге баға беріп, мәліметтер мен пікірлерді өңдей біледі.
Жазылым
Қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп («келісу, келіспеу» эссесі, дискуссивті эссе, аргументативті эссе) эссе жазуда 5-6 қате жібереді.
Қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп («келісу, келіспеу» эссесі, дискуссивті эссе, аргументативті эссе) эссе жазуда 3-4 қате жібереді.
Қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе («келісу, келіспеу» эссесі, дискуссивті эссе, аргументативті эссе) жазады.
Әдеби тіл нормалары
Мәтінмен жұмыс жасау барысында сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтамайды, 5-6 қате жібереді.
Мәтінмен жұмыс жасау барысында сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтауда 3-4 қателік жібереді.
Мәтінмен жұмыс жасау барысында сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтай біледі.
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ҚОСТАНАЙ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ОЗЕРНЫЙ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Білім алушының Т.А.Ж. _____________________________________________________________________
Нұсқа______________
2024-2025 оқу жылы
«Қазақ тілі» пәнінен 10-сыныпқа арналған аралық аттестаттау тапсырмалары
(Жаратылыстану -математикалық бағыт)
ІІ нұсқа
Оқылым. (1 балл).
Мәтінді оқыңыз және тапсырмаларды орындаңыз:
1тапсырма Мәтіндегі негізгі ойды анықтап жазыңыз.
2 тапсырма Көтерілген мәселеге баға беріңіз
3 тапсырма Мәтіндегі мәліметтер мен пікірлерді өңдеп өз көзқарасыңызды білдіріңіз
Ұлттық құндылық – ел бірлігі
Әр халықтың өзіне тән ұлттық құндылықтар болатыны аян. Қазақ халқына тән ұлттық құндылықтарды жіпке тізер болсақ ең бірінші халық тұрар еді. Халық – елдің басты байлығы, ұрпағы оның сол құндылық жапырақ жаюы. Қазақ халқы ұрпағынан асқан байлық бар деп ойламаған халық – біздің халқымыз. Бүгінгі таңда шекарасын белгілеп, тәуелсіздігін ашып, тілін, дінін ардақтап, өркениеті мен де мәдениеті мен де әлемге танылған – қазақ халқы. Он жеті миллионнан тұратын халқымның басты тілегі – бірлік, ел тыныштығы, ұрпақтың аманшылығы.
Ұлттық байлықтың ең бастысы адамның өмір сүруіне ең қажетті байлық – ана тілі. Тіпті дініміз де салт-дәстүрлеріміз де, тарихи жәдігерлеріміз де мәдениетіміз, тарихымыз да ұлттық өнеріміз де барлық материалдық байлықтарымыз да тіл арқылы сақталып, баяндалып келген.
Ана тілінің құдіреті деген осы!Өзге елдерге жеткізетін де, олардан озып өтемін десек те ғылым – білім арқылы жетеміз. Сол ғылымның өзі Ана тіліміз бен жазылып жастар санасына сінеді.Ұлы педагог Макаренко: « Бес жасар бала – қалыптасып біткен бала», – деген болса, сол жас баланың білім алуы, денсаулығы, салт-дәстүрді білу, дінін, тілін сақтауы, өркениетке қадам басуы, кәсіби маман болуы, өмірден өз орнын табуың – бәріне біздің ұлттық құндылықтарымыздың әсер етуімен қалыптасады.
«Ұлттық құндылықтың ең бастысы – ана тілі, сол арқылы өз тілін сүйеді, төл әдебиеті мұраларын сүйіп оқиды, өз халқының тарихын өткені мен бүгінгісін ойлайды, тарихы жайлы толғанады», – деген еді халқымыздың сүйікті ұлы күрескер-кемеңгеріміз Мұстафа Шоқай.
( 212сөз)
https://www.zharar.com/kz/3319-sheshen.html
Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз
Көтерілген мәселеге баға беріңіз
мәліметтер мен пікірлерді өңдеп өз көзқарасыңызды білдіріңіз
2) Жазылым. (3 балл).
Берілген екі тақырыптардың бірін таңдап, қажетті клишелермен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазыңыз(140-150 сөз)
«Ұлттық құндылық –тәрбиенің түп қазығы»
«Астана қаласындағы әр ғимарат- сәулет өнерінің қайталанбас туындысы»