"Оңтүстіктің қос батыры" екінші дүниежүзілік соғыстың кезінде осы өңірден шыққан қос батырдың ерен еңбектерін жас қауымға таныстыру. Батырлыққа ерлікке үндеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Оңтүстіктің қос батыры»
*
«Оңтүстіктің қос батыры»
( сахналық қойылым)
І бөлім
Қатысқандар: Шал (Тоғанбай Қауымбаев)
Кемпірі
Немересі
Генерал Сабыр Рахимов
Әнші Роза Бағланова
Радист
Командир М.Левин
Жауынгерлер
Қазіргі уақыт. Шал, кемпір, немересі саябаққа ішке қарай кіріп келеді. (Лев Лещенконың «Жеңіс күні» орындауында ән жай ойнап тұрады.)
Қаламыз қандай керемет, «Абай саябағы» қалай өзгеріп кеткен, біздің облысымыздың әкімі Асқар Мырзахметов балама рахмет.
Иә, иә кемпір, біздің облысымыз жылдан – жылға көркейіп, экономикасы дамып, Облыс халқының тығыз орналасуына байланысты Республикамызда үшінші орында тұр.
Неге ата?
Себебі, біздің облысымыздың халқының саны көп - 2 – жарым миллиондай. Облысымызды «Тарихқа толы, мәдени өлке- Оңтүстік» деп бекер атамаған.
Иә, өткен дәурен – ай, міне, Ұлы Отан соғысының біткеніне де 68 жылдай уақыт өтіпті ғой ?
- Ата,Ата сізге не үшін «Кеңес Одағының Батыры» атағы берілді?
- Сіздің Кеңес Одағының батыры генерал Сабыр Рахимовтың адютанты болғаныңыз рас па?
ІІ бөлім
Соғыс. Неткен үрейлі сөз еді... Талай боздақтар тағдырдың басқа салғанына көніп, батыстан тұтанған қызыл өрттің ішіне еніп кете барды. Артта қалған туған елі мен жерінің, анасы мен баласының болашағы, олардың амандығы үшін өз жанын пида етіп, ҰЛЫ жеңіс пен бейбітшілікті паш етті. (Сахна сыртындағы дауыс ,соғыс уақыты жарылған зеңбіректер дауысы, командир жүгіріп шығады).
- Радист Мырзабаева, қандай анықтама бар?
-Қарсылықтың тірі күші және ұрыстық техникасы анықталды.Орналасқан жері бағдар 3,оңға 50,200-ден алыс,оқпанада «такек»,солға 40-100-ге жақын,тастар арасында «бақылаушы». «Жасыл» тоғайынан батысқа бронетранспартер жылжып келеді.
( Жауынгерлер қаруларын дайындап, Днепр өзенінің жағалауыда отыр, судың дауысы, жарылған зеңбіректер, ұшақтың дауыстары, жүгіріп командир шығады).
1)Батольон, сапқа тұр.!
2)Мына ағып жатқан өзенді көрдіңіздер ме?Ағыс тым қатты. Өткел беруі қиын. Өзеннен өтіп, жағалауға мықтап жайғасқан жау әскеріне барлау жасап, қапысын тауып, жаудың бір тілін алып келу және жауды кері шегіндіруіміз керек.Өзеннен бірінші болып кім өтеді?
Мен өтемін, жолдас командир.
3)Үш қадам алға шық.
4)Аты - жөнің кім?
Қатардағы жауынгер Тоғанбай Қауынбаев
5)Тағы кім өтеді?
Мен.
Мен.
(Жауынгерлер жылжып кетеді, жау жақтан біреуін окоптан ұстап алады.
-Тұр (Ол жауынгер Қауынбаев Тоғанбаев)
- Nein, Nein (жау әскері) Сахна жабылады.
(Сахна сыртындағы дауыс 1945 жылғы сәуір айында Польшаның Староград қаласын азат еткен соң,
Сұлтанғали:
Жолдас генернал саулығыңызды тілеймін.
Майданға Қазақстаннан Роза Бағланова концерттік бағдарламамен келді.
Еламан:
Саулығыңызды тілеймін Роза Тәжібаевна - Генерал Сабыр Рахимов
Ажар:
Сәлеметсіз !
«Ах, Самара городок» әнін шырқайды.
Солдаттар билейді әнге.
ІІІ бөлім
(Сахна ашылады Генерал Сабыр Рахимов және Тоғанбай Қауынбаев әңгімелесіп тұрғанда, жауынгер жүгіріп келіп тапсырма алады).
Иә, Тоғамбай бауырым, жағдайың қалай, елден хабар бар ма?
Рахмет, аға, ата – анамнан хат келді.
Саулығыңызды тілеймін, жолдас генерал.
Рұқсат па,109 – гвардиялық дивизияның командирі, полковник М.Левин.
- Полковник М.Левин жолдас, шұғыл түрде Днепрдің батыс жағалауындағы жаудың арнайы тартылған сым бөгеттерін қырқып, миналарды залалсыздандыру керек.
Құп болады, генерал.
Тоғанбай, сіз қала тұрыңыз, екеуіміз алдыңғы шепке барып қайтайық.
Сабыр аға, сақтық үшін генерал киіміңізді шешіп, қатардағы жауынгердің киімін киіп алыңыз.
( Екеуі тоғайға қарай кетеді. Сол кезде снаряд жарылады, Сабыр Рахимов
көз жұмады.)
- Лейтенант КОМДИВКЕ жүгір.
- Құп болады, жолдас полковник (жүгіреді,сахна жабылады.Үнсіздік 1 минут).
СОҢЫ
2012 жыл 9- мамыр Жеңіс күні. Қазіргі уақыт. Шал, кемпір, немересісаябаққа ішке қарай кіріп келеді. (Лев Лещенконың «Жеңіс күні» орындауында ән жай ойнап тұрады,қазіргі уақыт Т.Қауынбаев, немересі, кемпірі.саябақта осы әңгімені немересіне айтып барады, сахнадан сыртқа шығып кетеді). Бітті.
Міне,балам.Жерлесіміз,генерал С.Рахимов көз алдымда қаза болды.
Сұрапыл соғыс талай жазықсыз жандардың ғұмырын қатігездікпен қиып алып кетті.
Е,кемпір,кейінгі ұрпақ біз көрген қиындықты көрмесін.Патшамыз аман болып,патшамызға аллам сабыр берсін! Тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміз тыныштықта өсіп-өркендеп,көркейе берсін!