Тәуелсіздіктің 25 жылдығына.
25 жыл - тәуелсіздік алғаныма
25 жыл - еркін тыныс алғаныма.
Орындалып ата- баба арманы
Ұрпақтары қанат қағып самғады.
Тәуелсіздік бар халықтың арманы
Қол жеткізу оған оңай болмады.
Жанын қиып тәуелсіздік жолында
Талай қазақ зардап шегіп зарлады.
Асқақтатып армандарды аспанға
Мойындаттың қазақ барын жалғанда.
Кейбір елдер бәсекеге түсе алмай
Ілесе алмай қалды біздің шаңға да.
Тойла қазақ ,тойла қазақ тойыңды
Жан жағыңа алаңдатпай ойыңды.
Лайықсың сен еркін ойнап күлуге
Бұл алланың нұры жауған күнінде!
Құтты болсын, құтты болсын тойымыз!
Алға қарай жүйтки берсін ойымыз.
Мың жылдығын тәуелсіздік тойының
Ұрпақтарың тойлауына бұйыртсын
Махамбетке арнау
Исатайды серік қылып қасыңа
Асынып қылыш,дулыға кидің басыңа.
Қарсы шықтың дұшпанға сен қорықпастан
Сендің сен жеңіліп қалмасыңа.
Қуанамын Махамбеттей батыр барға
Ұқсамайды басқа ешбір батырларға.
Қорықпастан ,сескенбестен,
Қарсы шықтың асқақтаған Жәңгір ханға.
Қазақстанның топырағынан жаралдың
Алыбынан орыстардың нәр алдың.
Бекетай құмның басында
Түніменен түйініп, таң атқанша тарандың.
Халқыңның егемендігін ойладың
Дұшпаныңды жайына еш қоймадың.
Дәл осындай ерліктің арқасында
Шайқастан соң жеңіс тойын тойладың.
Исатайды «Тарланым» деп жырладың
Дұшпаныңа аяушылық қылмадың.
Исатайдай жан досыңмен бірігіп
Сақтап қалдың қазағыңның ар-бағын.
Махамбеттің ерлігіне тамсанам
Қанша халық Махамбеттей батырларды аңсаған.
Жәңгір ханға қарсы шыққан соғыста
Бір топ қалды Махамбет өзі бастаған.
Махамбеттің ерлігінде шек бар ма?
Ұрпағыңды ойладың сен тек қана.
Мәңгі бақи ұмытпаймын мен сені
Көкейімде боласың сен тек қана!
Абдраманов Алмат 7-ә сыныбы
Мен қазақпын!
Мен қазақпын туымды мақтан тұтқан
Арман –ойын шыңдарға аттандырған.
Мен қазақпын ұрпаққа аманат қып
Тарихын дастан етіп жыр қалдырған.
Мен өзімнің тіліммен бағалымын
Тілді сүю қазағым даналығың
Барлық тілді білуің міндет емес
Тек ауыр тілге қосқан жаңалығың.
Қазақтай тілін кімдер бағалады
Араласпа тіл жебедей қадалады.
Егер алдын алмасақ көрінеміз
Қайық сынды керексіз жағадағы.
Садыржан Ақжол 5-а сыныбы
Жаз қалам.
Жаз қалам, жазам десең- табанды жаз
Сары-арқа, Астанадай қалаңды жаз.
Өмірде өзі өлсе де сөзі өлмеген
Шәкәрім, Мұқағали, Абайды жаз.
Жаз қалам жазам десең -тиімді жаз
Қазыбек Әйтеке,Төле биіңді жаз.
Тәуелсіз елдігіңді білдіретін
Көгіңде желбіреген туыңды жаз.
Жаз қалам, жазам десең- саналы жаз
Кең байтақ сахараны , даланы жаз.
Қос қолын туа салып алға созған
Әкеден асып туған баланы жаз.
Жаз қалам, ата-дәстүр салтыңды жаз
Бірлігі айнымаған халқыңды жаз.
Шындықты жаз, жүрекке жететіндей
Халқымның жырлары мен суретіндей.
Он ғасыр зардап шеккен далаңды жаз
Ел қылған Керей ,Жәнібек бабаңды жаз.
Хандығы- 550 жылға толған
Қазақты жаз, бақытты заманды жаз.
Жаз қалам ,жазам десең – табанды жаз!
Садыржан Ақжол 5-а сынып
Тәуелсіз ел
Тәуелсіз ел көк туы желбіреген
Бақытыңды тойлағың келді білем.
Жер шарында мен қазақ деген жанның
Сезімі бар сен үшін елжіреген.
Құтты болсын алашым азаттығың
Алла берді біздерге ғажап күнін
Мыңдаған ел алса да қыспағына
Жоғалтпаған халықпыз қазақтығын.
Бола берсін елімде мәңгі көктем
Жақсы тілек айтылар әр жүректен
Тәуелсіздік туыңды көру үшін
Біз келгенбіз сағынып арғы беттен.
Шіркін ,мынау қазақтың бағы қандай
Халық арман алатын бағыбандай.
Мүсіркеуге татыйды аяу керек
Жүргендерді Отанын сағына алмай.
Тәуелсіз ел сен менің жұбанышым
Әр тынысым өзіңмен қуанышым.
Желбіресе көк туың биіктерде
Қалам алам бір өлең құрау үшін.
Садыржан Ақжол 5сынып
Елбасына арнау
Тұңғыш қазақ елбасы боп,
Сіздей дара, дана адам.
Еркін самғап көкте қия
Туған елің жасаған.
Сен арнадың жүрегіңді
Мына байтақ далаңа.
Алтын жансың жаратылған
Мәңгі жаса мәңгілік.
Қазақ елің дамып жатыр, дамып жатыр әлі де
Еңбек еттің аянбадың,ел үшін.
Сен қазақтың жүрегісің , жанысың.
Асылысың,мәрмәрісің, жрысың.
Арнау жаздым бір өзіңе жүрекпен.
Сіздей болу керек екен адамға,
Өрлеген жас талабы бар жандарға
Қазақ деген ұлы ел ғой ардақты,
Жасай берсін мәңгі қазақ даласы.
Таусылмаған жыр дастаны әлі де
Самғай берсін, жасай берсін мәңгілік.
Бір өзіңдей дархан адам көрмеп ем,
Елі үшін жанын берер жансың сен.
Мен өзіңдей дана адамды көрмеппін
Сізге қарап талпынып мен өрлеппін.
Сіз қайсарсыз, тайсалмайсыз ешқашан
Сізге қарап бой түзетсін жас қазағым әрқашан.
Семейхан Айшагүл
Тұңғыш елбасына арнау
Елбасшысың халқың үшін мың өлер
Халқың саған осың үшін сүйсінер
Қазақстанды дамыта білдің қорықпай
Дамып жатыр қазақ елін қамықпай
Елің үшін тер төктің ел батырмай
Қазақ халқы сенің түп тамырыңдай
Басқа шет елдермен теңегенде
Соғыс жоқ қазақ халқы бейбіт елде
Сіңірдін сен зор еңбек осығанда
Қазақ халқы сенің төр босағанда
Алғысы көп жаудырар әр уақытта
Қазақ халқы сенің жүрегің
Қазақ жері сенің тірегің
Қазақ халқын дамытқан
Елбасшының әр кезде
Ақылымен ойлаған
Сендей адам некен саяқ бұл дүние
Қазақ үшін дарынсың сен мәңгіге
Кең даладай кең байтақ қазақ елін
Сол жерде өсіп туған ұл қыздары әдемі
Нұрсұлтансың нұрдың сұлтанындай
Ақылына ойың сай бекзададай
Басқарасың қазақ елін
Әділ патша, батырдай
Кереметсің, ойың сенін
Дәл бір дана сыншыдай
Еңбек еттің ел үшін
Бір тайсалмас қайсардай
Жасай берсін жасай бесін басшымыз
Қазақ үшін ұмытылмасын, атыңыз
Даупасова Гүлзат
Мәнерлеп оқу шебері, оқу озаты- Дүйсенбай Аружан
Президентке арнау.
Алтын адам елбасым,
Елімізді дамыттың
Халқын мына қазақтың
Қыран құстай самғаттың,
Рахмет саған елбасым!
Сүйеніші қазақтың
Көп жақсылық жасадың,
Аянбадың тер төктің
Жоқ демедің еліңе
Бар ма екен сірә сендей жан
Жарқын мінез көлдей жан.
Ұрпағыңа жарқын өмір сыйлайсың
Еліңе сен бар жақсыны ойлайсың
Елбасымыз ардақты да салмақты
Елің үшін бар асылды жинадың.
Жүз жаса алтын елбасым!