«Абай М?хтар баста?ан елге ?йгілі ?лы к?шті?» б?йдасын ?стама?анмен, бел ортасынан ойып т?рып ?зіндік орнын ал?ан ?лы а?ынымыз М??а?али Ма?атаевты? шы?армашылы?ымен б?гінгі саба?та танысамыз. Бір с?т ?иял?а ерік беріп, а?ынны? ?зін ты?дайы?.
4 с?зді с?йлем Адам фантазиясы шексіз бай Адамны? ?иялындай бар ма, сір??
?орытынды. А?ын к?нделігінен.
«Егер бір кездерде мені? ?мірім, творчеством ?лдекімні? к??ілін аударса, олар?а былай дер едім: Мені? ?ымбатты достарым! Егер сендер шынымен мені? ?мірбаянымды, творчествомды зерттемек болса?дар, онда мен не жазсам, соны? б?рін т?гел о?ып шы?уды ?мытпа?айсы?дар. Мені ?з ?ле?дерімнен б?ліп ?арамаулары?ызды ?тінем. Естері?ізде болсын, мені? ?ле?дерім жеке т?р?анда т?к те емес. Біріктіріп ?ара?анда, ол поэма іспетті. Басы ж?не ая?ы бар. Ол кейде к?лімдеген, кейде т??ілген жанымны? ??дды даусындай. Сонды?тан мен ?зімні? «Менім» ар?ылы жасырмай, жаппай ?мірімні? шежіресін жасап шы?тым. Жанымны? м??ы мен ?уанышы – б?рі сонда. Солар бас?а ж?ректерге ?з с?улесін т?сіруге тиіс деп ойлаймын. Мені? б?кіл жаз?аным – бар-жо?ы бір ?ана б?тін поэма. Егер нанбаса?дар, барлы? ?ле?дерімді жинап, бір жина??а топтастырып к?рі?дерші. Егер мені содан таппаса?дар, онда мені? а?ын болма?аным.» (М??алім ойды жина?тап, ?орытынды с?зін айтады).
О?улы?та берілген бас?а ?ле?дері де «Фантазия» ?ле?іне жасал?ан талдау ж?мыстары сия?ты келесі, 2-саба?та талданады.
?й тапсырмасы: 1-саба?. М.Ма?атаев «Фантазия» ?ле?ін жаттау. 2-саба?. «Барлы?ы да сендердікі», «Мен таулы?пын» ?ле?дерін м?нерлеп о?у.
Ба?алау. О?ушыларды? саба??а ?атысу де?гейіне ?арай тиісті ба?алары к?нделік пен сынып журналына ?ойылады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«М.Ма?атаев «Фантазия», «Барлы?ы да сендердікі» ?ле?дері»
Күні: 14.03.2015
5-сынып
Сабақтың тақырыбы: М.Мақатаев «Фантазия», «Барлығы да сендердікі» өлеңдері
Сабақтың мақсаты: М.Мақатаев өмірі мен шығармашылығы арқылы ақынды терең тани түсуге ықпал жасау.
Сабақтың міндеттері:
М. Мақатаевтың өмірі, шығармашылығы туралы түсінік беру; Ақынның қасиетті де киелі өлең-жырлары арқылы халқына қызмет етуін таныту;
«Фантазия» өлеңі арқылы халықтық болмысқа ілтипатын көрсету, ұлттық өнегені ұғындыру,
оқушылардың қиялдау қабілеттерін қалыптастыру, ойлау өрісін кеңейту.
Сабақтың типі: жаңа білімді игерту сабағы
Сабақтың түрі: іздендіру сабағы
Сабақтың әдісі: СТО жобасының стратегиялары
Сабақтың көрнекілігі: ақынның портреті мен өлеңі, кесте (ақынның өмір жолы), кітаптар
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасы:
Жаңа сабақ.
Қызығушылықты ояту.
«Абай Мұхтар бастаған елге әйгілі ұлы көштің» бұйдасын ұстамағанмен, бел ортасынан ойып тұрып өзіндік орнын алған ұлы ақынымыз Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығымен бүгінгі сабақта танысамыз. Бір сәт қиялға ерік беріп, ақынның өзін тыңдайық.
Ассоциация стратегиясы. Ақын образын сомдау. (М.Мақатаев портреті көрініп, «Менің»анкетам өлеңі диалогтүрінде тыңдалады).
«Менің анкетам» өлеңі
- Туған жерің?
- Ұланымын Қаразаз деп аталатын ауылдың.
- Туған жылың?
- 1931. Құрдасымын Шәмілдің.
- Мекен жайың?
- Мекен жайым – жер менің,
Жерде жүрген ақын деген пендемін.
Қалам, қағаз, уақыт бер тек аздаған,
Мен өмірді жырлау үшін келгенмін.
Мұқағали Мақатаев өмір жолы
Уақыт
Оқиға
1931 жыл, 9 ақпан
М.Мақатаев Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Энгельс атындағы қолхоздың Қарасаз деген жерінде дүниеге келген.
1941 жыл
Әкесі Сүлеймен өзі сұранып әскерге аттанады. Мұқағали он жасынан бастап соғысқа кеткен әкесіне арнап өлеңдер жаза бастаған.
1948 жыл
Тұңғыш өлеңі Нарынқол аудандық газетінде басылды.
Өмір өткелдері
Ерте есейген балалық
Ауылдық кеңес хатшысы
Қызыл отаудың меңгерушісі
Комсомол қызметкері
Жеті жылдық мектептің мұғалімі
1954-1962 жылдар
Қазақ радиосында директор және педагогикалық қызмет атқарған.
1962 жыл
Алматы қаласына көшіп келеді.
1962-1972 жылдар
«Социалистік қазақстан», «Қазақ әдебиеті газеттері», «Мәдениет және тұрмыс», «Жұлдыз» журналдарында бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған.
1972-1973 жылдар
Қазақстан Жазушылар Одағында әдеби кеңесші болып қызмет атқарған.
1976 жыл, 5 наурыз
Алматы қаласында ұзаққа созылған науқастан қайтыс болды.
1985 жылдан бері
Қазақстан Жазушылар Одағы үздік әдеби шығарма авторларына берілетін М.Мақатаев атындағы сыйлық тағайындаған.
Шығармалары
Жылдары
Шығармалары
1962 ж.
«Аппасионата»
1964 ж.
«Ильич»
1966 ж.
«Армысыңдар достар»
1968 ж.
«Қарлығашым, келдің бе»
1970 ж.
«Мавр»
1972 ж.
«»Дариға-жүрек
1974 ж.
«Аққулар ұйықтағанда»
1975 ж.
«Шуағым менің»
1976 ж.
«Өмір дастан»
1978 ж.
«Өмір-өзен»
1981 ж.
«Бәсіре»
1982 ж.
«Соғады жүрек» (таңдамалы 2 томдық)
1984 ж.
«Шолпан»
1988 ж.
«»Қош махаббат
1989 ж.
«Жырлайды жүрек»
2001 ж.
Ақынның «Аманат» жинағы
Мемлекеттік сыйлық иеленді
Оқушыларға «Фантазия» өлеңі іштей оқуға беріледі
І топ Анықтау. Мағынаны тану.
Өлеңдегі түсінігі қиын сөздердің мағынасын анықтау (түсіндірмелі сөздікпен жұмыс).
Фантазия – ой елестете білуге қабілеттілік, қиял.
Ақиқат – шындық, шын, айқын бар болмыс.
Ғалам – бүкіл жер жүзі, әлем.
Ғаламат – таң қаларлық, ғажайып.
Ғұлама – араб тілінде ғалым деген мағынаны береді..
Жай – найзағай, жасыл.
Қат – қабат деген мағынаны беретін сөз.
Қиял – фантастикалық ой, арман.
Галилео Галилей – ХVІ-ХVІІ ғасырда өмір сүрген Италияның атақты ғалымы.
ІІ топ Талдау. Өлең құрылысына қарай талдау.
4 3 4
Ертегіден / жаңарып / қала тұрған, а
4 3 4
Ертегіден / ғұлама / дана туған. а
3 4 4
Бұл күнгі / ғаламаттар / алдыменен, б
3 4 4
Адамның / қиялында / жаратылған. А
Үш бунақты (4+3+4,3+4+4), 11 буынды, 4 тармақты 5 шумақтан тұратын, қара өлең ұйқасымен (а,а,б,а) жазылған өлең.
ІІІ топ Зерделеу. Өлеңдегі бейнелі ойлар мен көркем тіркестерді тауып, мағынасын ашу, зерделеу.
Жеті қат жердің мынау төңкерілген - Ертегіден қала тұрған –
Жеті қат аспанменен көмкерілген - Ертегіден ғұлама дана туған –
4 сөзді сөйлем Адам фантазиясы шексіз бай Адамның қиялындай бар ма, сірә?
Қорытынды. Ақын күнделігінен.
«Егер бір кездерде менің өмірім, творчеством әлдекімнің көңілін аударса, оларға былай дер едім: Менің қымбатты достарым! Егер сендер шынымен менің өмірбаянымды, творчествомды зерттемек болсаңдар, онда мен не жазсам, соның бәрін түгел оқып шығуды ұмытпағайсыңдар. Мені өз өлеңдерімнен бөліп қарамауларыңызды өтінем. Естеріңізде болсын, менің өлеңдерім жеке тұрғанда түк те емес. Біріктіріп қарағанда, ол поэма іспетті. Басы және аяғы бар. Ол кейде күлімдеген, кейде түңілген жанымның құдды даусындай. Сондықтан мен өзімнің «Менім» арқылы жасырмай, жаппай өмірімнің шежіресін жасап шықтым. Жанымның мұңы мен қуанышы – бәрі сонда. Солар басқа жүректерге өз сәулесін түсіруге тиіс деп ойлаймын. Менің бүкіл жазғаным – бар-жоғы бір ғана бүтін поэма. Егер нанбасаңдар, барлық өлеңдерімді жинап, бір жинаққа топтастырып көріңдерші. Егер мені содан таппасаңдар, онда менің ақын болмағаным.» (Мұғалім ойды жинақтап, қорытынды сөзін айтады).
Оқулықта берілген басқа өлеңдері де «Фантазия» өлеңіне жасалған талдау жұмыстары сияқты келесі, 2-сабақта талданады.
Үй тапсырмасы: 1-сабақ. М.Мақатаев «Фантазия» өлеңін жаттау. 2-сабақ. «Барлығы да сендердікі», «Мен таулықпын» өлеңдерін мәнерлеп оқу.
Бағалау. Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейіне қарай тиісті бағалары күнделік пен сынып журналына қойылады.