Оқыту туралы сындарлы түсінік оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнің өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыруын талап етеді. Мұндай міндеттер оқушылардың оқыған тақырып бойынша білімдерін өз деңгейінде көрсетіп, кейбір болжамдар бойынша күмәнді ойларын білдіре алатындай,пікір-көзқарастарын нақтылап,жаңа ұғым-түсініктерін дамытуға орайластырып құрылады.Мұғалім қызметіндегі маңызды дүние-жекелеген оқушылардың тақырыпты қабылдау ерекшеліктерін ескеруі, оқушылардың түсінігін жетілдіру немесе жақсарту мақсатында олармен жұмыс жүргізумен оқушының тақырыпты меңгеруіне жағдай жасау. Оқытудың қандай жолы қолданса да, қарастырылған екі көзқарас бар. Біріншіден, оқушының жеке тұлға ретіндегі келешегі, екіншіден, оқытудың оқушы мен мұғалім арасындағы нәтижесі қарастырылады. Сындарлы оқытуда мұғалімнің сыни тұрғыдан ойлауы өзінің жұмыс тәжірибесін, жаңа тәсілдерді қолдану және бағалау әрекеттерін сыни тұрғыдан бағалауды қамтиды. Соңғы зерттеу жұмыстары біздің ұғымымызда формативті бағалау үдерісінің едәуір дамуы мен оны оқыту мен оқуда қолдану мүмкіндігін беруде.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Оқу мен оқытудағы заманауи әдіс-тәсілдер»
ШҚО Семей қаласы
«№4 ЖОББМ» КММ-нің Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі У.М. Бердикенов
Оқу мен оқытудағы заманауи әдіс-тәсілдер
Ұстаздық еткен жалықпас,үйретуден балаға.
Абай
Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал білім беру әдістемелері арасында сындарлы теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тараған. Сындарлы оқытудың мақсаты- оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту,алған білімдерін сыныптан тыс жерде де тиімді пайдалануын қамтамасыз етеді. Бұл- бүгінгі жаһандану заманында жас ұрпаққа әлемдік стандартқа сәйкес білім беру мәселесі елімізде ғылыми-педагогикалық тұрғыда ізденіспен әлемдік жинақталған тәжірибеге отандық қол жеткен табыстарды саралай отырып, ұлттық ерекшелігімізді ескере отырып,ертеңгі қоғам болашағы-жас ұрпақты сыни ойланатын жеке шығармашыл тұлға қалыптастырудағы негізгі мәселе.
Оқыту туралы сындарлы түсінік оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнің өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыруын талап етеді. Мұндай міндеттер оқушылардың оқыған тақырып бойынша білімдерін өз деңгейінде көрсетіп, кейбір болжамдар бойынша күмәнді ойларын білдіре алатындай,пікір-көзқарастарын нақтылап,жаңа ұғым-түсініктерін дамытуға орайластырып құрылады.Мұғалім қызметіндегі маңызды дүние-жекелеген оқушылардың тақырыпты қабылдау ерекшеліктерін ескеруі, оқушылардың түсінігін жетілдіру немесе жақсарту мақсатында олармен жұмыс жүргізумен оқушының тақырыпты меңгеруіне жағдай жасау. Оқытудың қандай жолы қолданса да, қарастырылған екі көзқарас бар. Біріншіден, оқушының жеке тұлға ретіндегі келешегі, екіншіден, оқытудың оқушы мен мұғалім арасындағы нәтижесі қарастырылады. Сындарлы оқытуда мұғалімнің сыни тұрғыдан ойлауы өзінің жұмыс тәжірибесін, жаңа тәсілдерді қолдану және бағалау әрекеттерін сыни тұрғыдан бағалауды қамтиды. Соңғы зерттеу жұмыстары біздің ұғымымызда формативті бағалау үдерісінің едәуір дамуы мен оны оқыту мен оқуда қолдану мүмкіндігін беруде.
Сондай-ақ, мұғалімдер сандық технологияларды және АКТ-ны сабақ барысында тиімді пайдалануды меңгерді.Бүгінгі білім беру үдерісі негізгі жеті модулге негізделген. Осы модульді практикада қолдану нәтижесінде оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артып, өздігінен ізденуі мен шығармашылық қабілеті қалыптасты. «Естігенімді ұмытып қаламын, көргенімді есте сақтаймын, істегенімді түсінемін» - деп Конфуций айтқандай сындарлы оқытуда алған білімді практикада қолданып, оқушылармен бірлесе жұмыс жасауда жақсы нәтижелер байқауға болады,- деп сенім білдіремін. Оқушылардың өзгеруі – мұғалімнің кәсіби деңгейінің өсуіне жәрдемдеседі. Әр сабактан сон мұғалім өзіне «Қай жерде қателестім?», «Қай әдіс нәтиже берді?», «Нені қалай жасау керек еді?» деген сұрақтар төңірегінде ой-толғаныс жасап, алған әсерді мұғалім де, оқушы да арнайы қағазға рефлексия жазу мәдениетімізді қалыптастырумыз керек.. Мұғалімдердің жаңашыл идеяларды қабылдау қабілеті шектеулі болмау керек. Әлі де дайын білім беретін дәстүрлі стильмен оқытатын мұғалімдер өзінің сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту арқылы ғана жеке тұлғаны қалыптастыра алады. Менің тәжірибемдегі тұжырымым бойынша әрбір мұғалім жаңашыл идеяларды қабылдауға дайын болуы керек. Алдағы уақытта да мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі сындарлы оқыту бағдарламасы негізінде жүргізілетін жұмыстар жақсы нәтижеге жеткізеді деген сенімдемін.