kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Менің Отаным -Қазақстан

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сенен артық қасиет жоқ, жер тегі

Сен ұрпақтың күліп айтар ертеңі,

Тағдырыңды тапсыр маған, туған жер,

Көркейтуге міндеттімін мен сені

              Ә.Сәрсенбаев

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Менің Отаным -Қазақстан»



















Шагизандаева Айтолқын Тұрсынжанқызы

«Д.Бабаев атындағы №115 жалпы білім беретін мектеп» КММ

10-сынып оқушысы

Пән мұғалімі: Тогузбаева Айман Уябаевна



Менің Отаным Қазақстан

Сенен артық қасиет жоқ, жер тегі

Сен ұрпақтың күліп айтар ертеңі,

Тағдырыңды тапсыр маған, туған жер,

Көркейтуге міндеттімін мен сені

Ә.Сәрсенбаев

Атамакен, туған жер еміренген ерімен, ұлан - байтақ жерімен, арайлап атқан тәуелсіз таңымен ардақты, қастерлі. Аяулы Қазақстаным, өзіңді мадақтағым келеді. Қандай заман болса да төздің, көндің тарих баспалдағынан тайсалмай өттің. Бүгінгі таңда тәуелсізсің, еркінсің, болашаққа қадамыңды нық басқан ұлы елсің. Мадақтасам сөз жетпес, саған деген махаббат сезімім жүрек лүпілімен көңілімді марқайтады. Кең байтақ жерің, ұшан - теңіз астықты алқабың қуанышқа бөлейді .Тәуелсіз ел болып көк туыңды желбіреткеніңе, өзге елмен терезесі тең болғаныңа тәубе етемін.

Құс қанаты талған, тұлпардың тұяғы тиген жазиралы даласын кешегі бабаларымыз найзаның ұшы, білегінің күшімен қорғаған ұлы даланың тарихына үңілсең, сан қилы оқиғаларға тірелесің. Бұл сонау ХVІІ ғасырдағы топандай басқан жоңғар шапқаншылығы, еркіндік жолындағы қанды шайқастар, 300 жыл бойы Ресей қол астындағы тағдыр, соңғы 1986 жылғы тәуелсіздік үшін ұлт азаттық көтеріліс. Осының бәріне еліміздің бірлігі мен қайсарлығының арқасында төтеп бердік. Қандай қиыншылық болса да, төзе алдық, алға қойған ғасырлар бойы аңсаған мұратқа жеттік, бұл - Тәуелсіздік! Біз тәуелсіздікті жылдар емес, ғасырлар бойы күттік. 1991 жылы еліміз тәуелсіз мемлекет болып жарияланды. Тәңір сыйындай көрінген бұл қуанышқа төбеміз көкке бір елі жетпей шалқыдық. Өз тағдырымыз өз қолымызға тиді. Тәуелсіз, еркін мемлекетімізде жаңа өмір беттері ашылды.

Артта қалған жиырма бес жыл дербес мемлекет ретінде қалыптасу кезеңдерін бастан кешірдік. Елбасымыздың қолдауымен Астанамыз бой көтерді. Зайырлы мемлекет ретінде оң-солымызды айқындап, шекарамызды бекемдеп, ішкі - сыртқы саястымазды нақтылап, экономикамызды өркендетуге бет бұрдық. Еркіндік қазақ деген халықтың еңсесін көтертті. Тәуелсіздіктің арайлы таңы халқымызға қанат бітірді. Өзара қарым -қатынаста шет мемлекеттер Қазақстанды әріптес ретінде тани бастады. Олармен тікелей экономикалық қарым - қатынасымызға жол ашылып, өнеркәсібіміз өрісін жайды.

Кез келген өркениетті елдің тірегі - ғылым мен білім. Тәуелсіздік табыстарының бірі - ана тілімізге мемлекеттік мәртебе беріліп, оның қолданыс аясын, қоғамдық - әлеуметтік рөлін көтеру. Оқу орындарындағы, мекеме, ұйымдағы адамдардың өзара қарым - қатынасында туған тіліміздің шеңбері күн санап кеңіп келеді. Жастарымыз шет елде білім алып, озық технологияларды игеруде. Бұл да тәуелсіздіктің бір тартуы деп білемін. Ата-бабаларымыз ғасырлар бойы еңіреп жүріп қорғаған, қанын төгіп сақтаған жерді ұстап қалу, қадірлеу өз қолымызда. Ендігі «Тәуелсіз» деп аталатын бақытты бағалап, аялай білу, еліміздің еркіндігін мәңгі сақтауға ұмтылу - басты парызымыз.

Осындай мемлекетімізді басқарып отырған Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың ғажайып дарыны мен стратегиялық көрегендігіне екенін айтпасқа болмас. Неміс ақыны, ойшылы Иоганн Вольфгангфон Гете: «Тек көзге көрінбейтінді көрген жан ғана адам айтқысыз дүниелерді жасай алады» деп айтқан екен. Елбасымыздың стратегиялық бағамдау мен оны шешудің ең тиімді жолын алдын ала болжап біреудегі көрегендігі, ғажайып өткір сараптамалық ақыл - ойы, өз таңдауының дұрыстығына толассыз сенімі мен жасымайтын жігері, аса батыл қасиеттерге ие сирек кездесетін қажымайтын, талмайтын жұмыс қабілеті әрдайым көздеген мақсаттарына қол жеткізуге мүмкіндік береді екен. Елбасымыздың қай стратегиясын қарасақ та, еңбекті, бірлікті, ынтымақ, сабырлық пен парасаттылықты қажет етеді. Еңбек! Бұл-қасиетті сөз. Иә, қайтпас қайсар еңбек - бәрін де жеңбек! Сол ерен еңбектің үздік үлгісін Елбасымыздың көп талдау мен дүниежүзілік тәжірибелерді зерделеу арқылы өмірге әкелген «Қазақстан-2050» бағдарламасынан көруімізге болады. Бұл бағдарлама ел өміріндегі үлкен тарихи белес болмақ. Елбасымыздың айтуынша, біздің бүгінге дейін «Қазақстан-2030» Стратегиясының басым бөлігі межеленген мерзімінен бұрын іске асырылыпты. Жаңа заманның, жаңа даму уақытының жаңа талаптарына сай ««Қазақстан-2050» Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Елбасымыздың жолдауы, мәңгілік ел болудың 2050 жылға дейінгі жаңа межесін айқындайды. Бағдарламада көрсетілген ең басты мақсат 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру, әлемдегі өркениетті 30 елдің қатарына қосылу болды. Бұл стратегияны «Бірегей ұлттық стратегия» деп атауға әбден болады деп ойлаймын. Өйткені сан түрлі ұлттың баласын бауырына басқан қазақ халқының дархандығын айтудан Елбасымыз ешқашан жалыққан емес. Біздің ең басты мақсатымыз - көреген халықтың тағдырын ойлаған ұлы тұлға деуге тұрарлық Елбасымызға қолдау көрсетіп, тәуелсіздіктің баянды болуына үлес қосу. Сонда ғана:

Шежіресін шертер әлі көне жер,

Ертеңіне, өркеніне сене бер.

Дүниені дүбірімен таңдантар,

Ғажапстан - Қазақстан деген ел,

-деп, бар дауыспен айта аламыз. Бұл бізге яғни өскелең жастарға жауапты міндет жүктейді. «Туған жер – тұғырым, өскен жер - өзегім» демекші, ішкі жан дүниемдегі туған жерге деген сүйіспеншілігімді, ой – тербенісімді қорыта келгенде, оның әр адамға ыстық екенін айтқым келеді. Кім сүймесін өз жерін?! Сүймесе сүймес зердесіз, шерсіз жүрек. Ал оның бауырмал бауырындағы, табиғат аясындағы, махаббат құшағындағы біртұтас болып жүрген мына біз елімізді мадақтаймыз, сүйеміз қадірлеп -қастерлейміз!

Қазақстанымыз қуатты, жоспарымыз баянды, өміріміз сәнді, заманымыз тыныш болғай! Туған ел, 25 жылдық мерейлі тойымыз құтты болсын!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
Менің Отаным -Қазақстан

Автор: Шагизандаева Айтолқын Тұрсынжанқызы

Дата: 13.12.2016

Номер свидетельства: 369062

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(64) "Тақырыбы: «Менін Отаным Қазақстан»"
    ["seo_title"] => string(33) "takyryby_menin_otanym_kazakstan_1"
    ["file_id"] => string(6) "491264"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1545056336"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) "Менің Отаным-Қазақстан 12345678*//++"
    ["seo_title"] => string(31) "menin_otanym_kazakstan_12345678"
    ["file_id"] => string(6) "622866"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1673509368"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) ""Мені? Отаным -?аза?стан""
    ["seo_title"] => string(28) "mienin-otanym-k-azak-stan-19"
    ["file_id"] => string(6) "254616"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1447780396"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) "Т?рбие са?ат. " Мені?   Отаным - ?аза?стан"""
    ["seo_title"] => string(32) "trbiiesagatmieninotanymkazakstan"
    ["file_id"] => string(6) "321609"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1461333657"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(87) "Внеклассное мероприятие.Мени? Отаным-?аза?стан. "
    ["seo_title"] => string(54) "vnieklassnoie-mieropriiatiie-mienin-otanym-k-azak-stan"
    ["file_id"] => string(6) "137026"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1417258163"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства