Үштілдік - бәсекеге қабілетті елдер қатарына апаратын басты баспалдақтардың бірі. Үштілдік - табысты мансаптың кепілі. Сонымен қатар, тілдерді білу - бұл мәдениетке қол жетімділік.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Мақала "Үштілдік - заман талабы"»
Біз де тіліміз бұзылмай сақталуын тілесек,
өзгелерше әуелі ана тілімізбен оқытып,
сонан соң басқаша оқытуға тиіспіз”
Ахмет Байтұрсынов
Үштілділік-заман талабы
Елбасымыздың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Халқына Жолдауында: “Тілдердің үштұғырлығы мәдени жобасын кезеңдеп жүзеге асыруды қолға алуды ұсынамын. Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар - қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі” деген салиқалы үндеуінде айтқандай, әлемдік кеңістікке енуде ағылшын тілінің маңызы зор. Біз әлемдік аренаға шығу үшін ағылшын тілін жеті меңгерген мәңгілік Елге айналумыз керек.Бұл жолда біз ұтпасақ, ұтылмаймыз. Өз тілің бірлік үшін,өзге тіл тірлік үшін керек екенін ұмытпайық. Сондықтан «Ана тілің ــ арың бұл, ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді қүрметте» деп, ақын Қадыр Мырза-Әли ағамыз айтқандай, әуелі өз ана тілімізді қүрметтеп, оны ардақтап, аялап үйренейік те, өзге тілдің бәрін білуге барынша құлшыныс жасайық. Өз тіліміз өзегіміз, халықтық қасиетімізді айғақтайтын алтын тұғырымыз болсын."Көптеген тілдерді білу дегеніміз бір құлыптың көптеген кілттері» Вольтер, Француз философ-ағартушысы. Қазақстан Республикасында тіл саясаты "Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан"атты Қазақстан халқына Жолдауында 2007 жылдан басталады. Мемлекет басшысы "Тілдердің үштұғырлығы"мәдени жобасын кезең-кезеңмен іске асыруды бастауды ұсынды. Дәл осы сәтті тәуелсіз Қазақстанның жаңа тіл саясатының бастапқы нүктесі ретінде белгілеуге болады, ол бүгінде қоғамдағы танымалдылық дәрежесі мен өзінің тиімділік деңгейі бойынша әлемнің басқа елдері үшін үлгі бола алады. Үштілді оқыту – заман талабы. Үштілділік – бәсекеге қабілетті елдер қатарына апаратын басты баспалдақтардың бірі. Үштілділік-табысты мансаптың кепілі. Мансап үшін шет тілін үйрену іскерлік қарым-қатынас дағдыларына, серіктестік ынтымақтастыққа, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілікті арттыруға ықпал етеді. Тілдерді меңгеру өмір жолындағы табыстың кепілі болып табылады, бір саты жоғары көтерілуге, қарым-қатынастың кең кеңістігін қамтуға, мәдениеттің ұлттық ерекшеліктерімен және басқа елдер халықтарының дәстүрлерімен танысуға мүмкіндік береді. Бүгінде бірнеше тілді білу шетелдік қана емес, қазақстандық жұмыс берушілердің де міндетті талабы болып отыр. Шетел тілін еркін меңгеру, жақсы кәсіби дағдылармен қатар, маманға лайықты жұмысқа орналасуға және табысты мансап құруға мүмкіндік береді. Бірнеше тілді білу біздің өміріміздің шекарасын байытады және кеңейтеді. Бұл біздің бүкіл өміріміз салынған іргетастың маңызды кірпіштерінің бірі. Қазіргі әлемде шет тілін білу белсенді және мақсатты адамдар үшін норма болып табылады, егер сіз бірнеше тілде еркін сөйлесетін болсаңыз, бұл сіздің өмірлік көзқарасыңызды арттырады . Әрине, тіл үйрену оңай емес. Алайда, біздің әлемде бәрі мүмкін, бастысы-бұл өз күшіне деген күшті сенім. Ағылшын мақалында айтылғандай: «When there is a will, there is a way» (Тілек бар жерде, мүмкіндіктер де бар" , «Где есть желание, есть и возможности»). Тілдерді білу бізге сенімді болашақ құруға мүмкіндік береді. Біз бүгін өз ертеңімізді құрып жатырмыз. Қазақ,орыс және ағылшын тілдерін білетін әлемде өмір сүру кез – келген ақпаратқа қол жеткізуді білдіреді . Сонымен қатар, тілдерді білу – бұл мәдениетке қол жетімділік. Адам кез-келген көптілді ортада өзін сенімді сезінеді. Ел осы ұстанымнан бастап барлық балалар үшін мектептерде осы тілдерді үйрену үшін тең мүмкіндіктер жасауға тырысады. Қорытындылай келгенде, болашақ жастарымыз өз тілін ардақтай отырып, заман талабы тудырып отырған үш тілде еркін сөйлеп, әлемнің кез-келген жерімен еркін байланысқа түсіп жатса еліміздің ертеңінің көркейте түсері сөзсіз. Олай болса бүгінгі талапкерлерге әлемдік кеңістікке қанат қағып, шет тілін меңгерсем деп талап білдіргендерге сәттілік тілейік.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Назарбаев Н.Ә. (Қазақстан халқына жолдауы). Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. Астана, 2007
2. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі "Тіл туралы" Заңы.