kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мақала: "Қазақпын, тәуелсізбін, туым бар көк"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Еліміздің 25 жылды5ына арналған мақала. Оқушыларға көмеші ретінде пайдалануға болады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мақала: "Қазақпын, тәуелсізбін, туым бар көк"»

«Қазақпын, тәуелсізбін, туым бар көк»


Егеменді ел болып, етек жеңімізді жиғанымызға жиырма бес жыл толғалы отыр. Ел тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығы біздің халқымыз үшін ғасырға татыр кезең болса керек - ті.Осы бір азаттықтың ақ таңын ұзақ ғасырлар бойы аңсап, сол үшін арпалысып өткен кешегі балалар арманы, тілегі, міне бүгінгі таңда орындалып жатқан сияқты. Осы орайда:

Қазақпын,тәуелсізбін, туым бар көк,

Азатпын, азат етті пірім жар боп.

Тарихын қазған сайын байып түсті,

Айтпаған, айта алмаған бұрын дәл деп , -

деп асқақтата жырлайтын кез келді.

Шынымен - ақ қазақ «Қазақ» болғалы қандай қиыншылықтарды басынан кешпеді. Өз тарихымызды өзіміз айта алмай, қолдан жасап, шындықты бұрмалап, өз ана тілімізден жұрдай айырылып, «мәңгүрттене» бастаған кезде таңымыз оңынан туды. Бұл бір жылғы күрес емес, бұл ғасырлар бойы арпалысқан қанды күрес жемісі.

Мал соңында, жау қасында жүрсе де елін, жерін бермеу үшін жанын қиған, намысын жерім деп білген, қайран ата-бабаларымыз осынау алып даланы найзаның ұшымен, білегінің күшімен қорғай білген.

Тарих куә бәріне, кешегі мен бүгінге. Қанды жоңғар соғысын да, ақтабан шұбырындыны да, жетпіс жыл бойы үстемдік еткен әкімшіл-әміршіл бодан заман патшаларының ызғарын да, желтоқсанның айқайын да естен шығаруға болмайды. Ғасырға тартар азапты күндер артта қалып, тәуелсіздік ақ таңы арайлап атты. Ғасырлар бойы отаршылдық саясат салдарынан өз жерінде азшылыққа ұшырап, тілі, ділінен толық ажыратудың алдындағы ұлт қазақ халқының негізінде жеке мемлекет орнайды дегенге күмән келтіргендер көп болды. Мұндайлар өз ұлтымыздан да молынан табылып жатты. Осынау сындарлы кезеңде замана жүгін қайыспай көтеріп, тәуелсіздік көшін алға жетелеген Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы: «Асықсақ, асығайық, алайда аптықпайық. Бәрі де өз жөнімен келеді»,-деп соңынан ерген халқын сабыр мен салқындыққа шақырды. 1997 жылғы халыққа алғашқы Жолдауында: « 2030 жылы біздің ұрпақтарымыз бұдан былай әлемдік оқиғалардың қалтарысында қалып қоймайтын елде өмір сүреміз»,-деген сөзіне де күмән келтіргендер аз болған жоқ. Алайда бұл межеге аз жылдың аясында жеттік. Елбасы болып үкімет басына келгеннен бері мемлекетіміз алға басудан танған емес. Президент ретінде жүріп келе жатқан жолының барлығынан да дүниежүзі таңқаларлықтай жаңалық көремін. Осының барлығы Елбасының көрегендігі, салихалы саясатының айғағы деп білемін.

Оған дәлел, Сарыарқаның сайын даласына дәулетті мен сәулетті, кескіні келіскен алып шаһар Астана қаласының бой түзеуі; күні кеше Қазақстан ЕҚЫҰ - ға төрағалық етіп, Астанада елу алты елдің басшылары мен халықаралық ұйым өкілдерінің басын қосып Саммит өткізуі; Қазақстанда өткен жетінші қысқы Азияда ойындарының жемісі мен жеңісі; талайлы замандарда тарыдай шашылып кеткен қандастарын атамекенге жинаған әлемдегі үш елдің бірі болуы; халықаралық резерві бүгінде алпыс миллиард долларға жуық қаржыны құрауы; әлемнің жүз жиырма алты еліне екі жүзден астам өнім түрін шығаруы; ұлттық дәулетіміздің үштен бір бөлігі шағын және орта бизнестен құралуы; орташа айлық жалақының бес жарым есеге, зейнетақының орташа көлемі төрт есеге көтерлуі; білім беру ісін дамытуда жүз жиырма тоғыз елдің арасында көш бастаушылар қатарында келуі; жеті жүз елу мектеп салынып, бес мың үш жүз екі мектепке дейінгі мекемелер, бір мың жүз он жеті балабақша мен төрт мың жүз сексен бес орталықтың ашылуы; Астанада ғылым мен білім индустриясының жаңа ғасырдағы орталығы болатын университеттің ашылуы... Әлемдік тәжірибеде тәуелсіздіктің жиырма төрт жылында мұндай нәтижеге ешқандай ел қол жеткізе алмағанын көрсетті. Менің ойымша, бодан жұртымыз бүгінгідей бостандыққа жетіп, биік белестерді бағындырып, абыройы артқан айдынды елге, қуатты ұлтқа айналуымыз Елбасының сарабдал саясаты мен тәуелсіздігіміздің арқасы.

Елбасы еліне сенеді, елі Елбасына сенеді. Жас ұрпақ , біздер де ертеңімізді Елбасымен бірге, оның нұсқаған басым бағыттары арқылы елестете аламыз. Еліміз ауыр да, сынағы мол жылдарды артқа тастады. Ендігі кезең- жарқын жолдар болмақ. Мен осынау Елбасы туралы ойымды Нұрсұлтан Әбішұлының өз сөзімен айтсақ: «Алдымызда асу-асу белдер бар, ұлт жолында ұйтқи соғар желдер бар. Бел де талар жел де беттен қағар. Бәріне төзу керек, бәріне көну керек , жас ұрпақ!».

Біз Қазақстанда түрлі ұлт өкілдері ұлттық тегіне, я діни көзқарастарына қарамастан ынтымақ-бірлікте, тату-тәтті өмір сүріп жатқандығын дәлелдедік. Расында, атамыз қазақ «бірлігі күшті ел озар» деп тектен –тек айтпаған болар. Бірліктің, бауырмалдықтың арқасында шаңырағымыз шайқалмай биікке самғап, өрістеп тұр.

Сондықтан да мен өзімнің қазақ екендігіме, Қазақстан дейтін жазиралы тәуелсіз елде, кең байтақ жерде туғаныма мақтаныш етемін. Біздің болашағымыз жарқын, тәуелсіз болашақ. Көк байрағымыз әрқашан көгімізде желбіреп, тәуелсіз Қазақстан деген мемлекетіміздің мәртебесі Елбасымыздың даңқымен биіктеп бүкіл әлем қолдап, тамсансын! Өзімнің шығармамды мына тілек-өлеңіммен аяқтаймын:

Естімейік енді елдің жылағанын,

Қайта құлап, бостандық сұрағанын.

Абылайдың жолымен алға басқан,

Құт болсын «нұрлы жолы» Нұр ағаның.
















































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Мақала: "Қазақпын, тәуелсізбін, туым бар көк"

Автор: Ахметбекова Бакыт Сериковна

Дата: 28.11.2016

Номер свидетельства: 363618

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "?аза?станны? т?уелсіздігі "
    ["seo_title"] => string(29) "k-azak-stannyn-t-uielsizdighi"
    ["file_id"] => string(6) "244354"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1445927635"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(61) "Т?рбие са?аты Мені? елім - ?аза?стан"
    ["seo_title"] => string(40) "t-rbiie-sag-aty-mienin-ielim-k-azak-stan"
    ["file_id"] => string(6) "265894"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1450036415"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) "Тәуелсіз ел- мәңгілік!"
    ["seo_title"] => string(26) "t_uielsiz_iel_m_n_ghilik_1"
    ["file_id"] => string(6) "413040"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1493828629"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(80) "Т?уелсіздік – а?са?ан арман, ?ол жеткен м?рат "
    ["seo_title"] => string(50) "t-uielsizdik-an-sag-an-arman-k-ol-zhietkien-mu-rat"
    ["file_id"] => string(6) "180991"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1425290161"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(23) "Урок путешес"
    ["seo_title"] => string(15) "urok-putieshies"
    ["file_id"] => string(6) "300201"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1456676698"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства