Просмотр содержимого документа
«Латын әліпбиі-заман талабы»
Латын әліпбиі - заман талабы
Теменова А
Қазақстан Республикасы,Павлодар қаласы,Павлодар гуманитарлық колледжі студенті
Ғылыми жетекшісі-Умарова Г.К.
Қазақстан Республикасы,Павлодар қаласы,Павлодар гуманитарнлық колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті оқытушысы
Араб әліпбиі.
Ежелгі Вавилондағы (б.з.б. 2000-шы ж.) аккад, шуме тайпаларының жазба әріптері негізінде пайда болған көне жазуладың бірі. Оңнан солға қарай жазылады. Бас әріптері болмайды. Әріптері бір - біріне қосылып жазылады. Араб жазуында 29 әріп және бір белгіше бар «()– жоғарғы һәмзә» бүкіл сөздегі жіңішке дауысты дыбысты белгілеу үшін, сөздің басына қосылады.
Латын әліпбиі.
Латын алфавиті – көне және халықаралық алфавит. Латындар – римдік көне тайпалар. Олардың алфавиттері біздің дәуірімізден бұрын VIII-VII ғасырларда пайда болған. Кеңес Одағы кезінде түркі тілінде сөйлейтін халықтардың арасынан шыққан көрнекті ғылым қайраткері Н. Н.Нариманов араб алфавитінен жалпы түркіге ортақ жаңа алфавитке көшу қажеттігі жайында ұсыныс жасады. Латын алфавиті 1928-1929 жылдары Қазақстанда қолданыла бастады. Сөйтіп 1929-1939 жылдары Қазақстанда жаңа алфавитке көшу жазба мәдениетімізде белгілі бір тарихи кезең болған. Х.Досмұхамедов мемлекет қайраткері ретінде қазақ тіліне үйлестіріп латын әліпбиін жасады.
Орыс әліпбиі.
Орыс алфавиті негізінде қазақ әріптерін жасау 1939 жылы қолға алынды. Бұл графика – орыс алфавиті қазақтардың үйренуіне, оқуы мен жазыуна аса қолайлы болды. Сондықтан да жаңа Алфавитке көшуге тіл білімінің көрнекті өкілдері ғалымдар С.Кеңесбаев, С.Аманжолов, Н.Сауранбаев және т.б. белсене қатысты. 1940 жылы Кеңес Одағы халықтары біртекті Әліпбиіді қолдануы қажет деген саясатпен осы Халықтарға орыс Әліпбиі қолданысқа енгізілді. Орыс тілінде жоқ қазақ тілі дыбыстарының таңбалары кирилл таңбаларына ұқсастырылып ( қ-к, ғ-г, ө-о, ң-н) кіргізілді.
1929-40 жылдар аралығында латын графикасына негізделген әліпбиді жазу жүйесіне енгізіп, 1940 жылдан бері қарай кирил графикасы әліпбиін қолданып келеді.
Еліміздің президенті Н.Ә. Назарбаев өз жолдауында латын әліпбиіне көшу мәселесін айтып өтті. Шын мәнінде, бұл мәселе өз шарықтау шегіне жеткен болатын. Латын әліпбиіне көшу мәселесінің айтылып келе жатқанына біраз уақыт болғанын көпшілік жақсы біледі. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ тілшілері осы мәселені қозғап, орыс жазуына негізделген қазақ жазуының әліпбиінен латын әліпбиіне көшу туралы жазған еді. Сол кезде кей ғалымдар көне түрік жазуын қолдаса, кейбіреулері Қытай, Монғолия, Иран, Түркия, Ауғанстан мемлекеттерінде тұрып жатқан қандас бауырларымыздың араб жазуына негізделген қазақ жазуын қолданып жүргенін ескеріп, араб графикасына негізделген қазақ жазуын қолдаған болатын. Дегенмен де, сол кездің өзінде-ақ, латын жазуына негізделген әліпбиді қолдағандар басымырақ болғаны жасырын емес. Бүгінде бұлардың қатары көбеймесе азаймағаны анық.
Кейінгі тарихқа көз салсақ, латыннан бұрын қазақ тілінің таңбалық жүйесін жасауды шетелдік ғалымдар кириллицадан бастағаны белгілі. «Қазақ жазуының теориялық негіздері» атты 2010 жылы жарық көрген зерттеуінде Қ.Күдеринова қазіргі кириллицаға негізделген әліпбидің жобалары 19 - ғасырдың соңына қарай жасала бастағанын жазады.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2013 жылы Халыққа Жолдауында «Қазақ алфавитін 2025 жылдан бастап, латын графикасына көшіру үшін дайындықты осы бастан қолға алу қажет. Бұл қазақ тілін жаңғыртып қана қоймай, оны осы заманғы ақпарат тіліне айналдырады» – деді.
Қазақ жазуы қоғам дамуының заманауи талаптарына лайық болу үшін латын графикасына көшу елдік, мемлекеттік деңгейдегі проблемаға айналды. ХХІ ғ. латын тілі – технология, ақпарат, коммуникация тіліне айналып отыр. Бұл латын тілінің экономикалық тиімділігін айқындайды.
Қазіргі таңда латын әліпбиіне негізделген жазу түрі әлемде кең қолданысқа ие болып отыр. Әлем халықтарының 40 % латын графикасына негізделген әліпби жүйесін пайдаланады. Латын негізді жазу түрінің кең қанат жаюына осы әліпбиді тұтынушы елдердің әлемдік өркениет пен мәдениеттегі, ғылым мен техника, медицина т.б. салалардағы жетістіктері мен өнімдері де әсер етті.
Жалпы әлемдік елдермен бәсекеге түсуде елімізге керек басты қарудың бірі – латын әліпбиіне негізделген қазақ жазуы болса керек. Әлемдегі басқа ұлттармен бәсекеге түсуде қазақ ұлтына қажетті нәрсе жалпы зияткерлік мен әлемдік деңгейдегі білім. Ал бұларға бастар қадам жақын уақытта латын әліпбиіне көшу деп есептеймін.
Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіруге қатысты талқы бітіп, Президент жарлық шығарды. Әліпбиді кириллицадан латын графикасына көшіру туралы жарлыққа қол қойды.
2017 жыл. 26-қазан. № 569 жарлық. Бұл жарлық бекітілді.
Қазақ қоғамында қызу талқыға түскен латын графикасының екі нұсқасының ішінде Елбасының көңілінен шыққаны апостроф арқылы түзілген екінші нұсқа болып шықты.
Қазақ тілі әліпбиінің кириллицадан латын графикасына көшірілуін қамтамасыз ету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия құрсын;
-қазақ тілі әліпбиінің 2025 жылға дейін латын графикасына кезең-кезеңімен көшуін қамтамасыз етсін;
-осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де, соның ішінде ұйымдастырушылық және заңнамалық сипаттағы, шаралар қабылдасын.
3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Латын әліпбиінің қазақ тіліне ыңғайластырылған нұсқасын әзірлеу міндеті жүктелген мамандар ұсынып, Президент мақұл көрген әм қабылдап, бекіткен нұсқа мынау:
Жаңа әліпбиде барлығы 32 қаріп болса, оның 9-ы апостроф арқылы жазылады.
Латын әліпбиін меңгеру қиынға түспейтіні анық, себебі бүгінде ұялы байланыстағы хабарламалардың көпшілігі осы графикамен жазылуда.
Отанымыздың тарихын, салт-дәстүрін, мәдениетін білу біздің парызымыз. Әрқайсымыз Еліміздің тарихын жақсы білсек, сонда ғана дұрыс бағыт - бағдар алып, өз болашағымызды болжай аламыз. Біздің болашағымыз анықталған ісімізде.
Анықталған ісіміз – ол біздің мамандығымыз.
Ал мамандық дегеніміз не?
Кәсіп, Сүйікті іс, Шығармашылық, Қызығушылық, Еңбек көзі. «Мамандық» - Профессия - латын сөзінен шыққан, “professio”- анықталған іс, мамандық дегенді білдіреді. Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Мамандық таңдау - тағдырыңды таңдау деген сөз.
мамандық мінездемелері ұсынылады: Ең ақшасы көп - бухгалтер, экономист. Ең жасыл - эколог, географ, бақташы, гүл өсіруші. Ең тәтті - аспазшы, кондитер. Ең күлкілі - клоун, карикатурашы. Ең жауапты - сот, бухгалтер. Ең салмақты - мұғалім, заңгер. Ең қарым - қатынасы күшті - бизнесмен
Әдебиеттер тізімі:
[Күдеринова Қ. Қазақ жазуының теориялық негіздері. – Алматы, 2010, 115 б.]
[Күдеринова Қ. Қазақ жазуының теориялық негіздері. – Алматы, 2010, 116 б.]
[Әбілқасымов Б., Мәжітаева Ш. ХХ ғасырдағы қазақ әдеби тілі. – Астана: Елорда. – 2000, 189 б.]
[Әбілқасымов Б., Мәжітаева Ш. ХХ ғасырдағы қазақ әдеби тілі. – Астана: Елорда. – 2000, 189 б.].
[Қазақ грамматикасы, 14-21 бб.]
Байтұрсынұлы А. Тіл тағылымы. Алматы, 1992. – 446 б.
Назарбаев Н.Ә. Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты /Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2012 жылғы 14 желтоқсан.