Просмотр содержимого документа
«Латын әліпбиіне көшу-заман талабы»
«Латын әліпбиіне көшу- заман талабы»
(дөңгелек үстел, пікірсайыс)
Мақсаты:
Қазақ тілі апталығында балаларға латын әліпбиіне көшу ұғымын қалыптастыру
Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы терең мағлұмат беру, қоғамдық пікір қалыптастыру.
Қоғамда өздерін көрсете және өз еліне пайдалы бола алатын, Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін патриот ұрпақ тәрбиелеу.
Дерек көздер: ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы (2017 жылғы 12 сәуір), бейнежазба, ғаламтор материалдары.
Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары:Интерактивті тақта,
компьютер.
Барысы
Жалпы пікірталас бес бөлімнен тұрады:
І бөлім Кіріспе бөлім «Ой шақыру»
ІІ бөлім Негізгі бөлім «Ел аузында»
ІІІ бөлім «Кім жүйрік»
ІV бөлім ІV Қорытынды бөлім. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні»
V бөлім «Рефлекция» Дауыс беру
І Кіріспе бөлім. «Ой шақыру»
Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жылға дейін латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін және болашақта барлық саладағы іс-қағаздар мен оқулықтар да осы қаріппен жазылуы тиіс екенін нақты айтты. Сондай-ақ, Үкіметке қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің нақты кестесін жасауды тапсырып, уақыт ұттырмай бұл жұмысты қазірден бастан қолға алу қажеттігін атап өтті.
Демек, көп кешікпей егемен еліміздің латын әліпбиіне көшетіні айқындалды. Ал осы межелі мақсатқа кедергісіз қол жеткізу үшін не істеу керек? Бұл мәселені жан-жақты талқылау мақсатында республика көлемінде әрбір мекеме, ұйымдарда іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Бүгін біздің сыныпта «Тілдер» апталығы аясында 7 «а» сыныбымен бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналған «Латын әліпбиіне көшу» туралы өз ой-пікірімізді ортаға салуға жиналып отырмыз. Ғалымдар, әдебиетшілер, жалпы қауым арасында бұл мәселеге қатысты пікір екі жақты. Бірі қажет дейді, бірі қажет емес дейді. Пайдасы мен зияны жөнінде де пікірлер айтылып жатыр.
Ендеше, «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» тақырыбында өткізілгелі отырған пікірсайыс алаңын бастаймыз.
ІІ Негізгі бөлім. «Ел аузында»
Мәселені талқыламас бұрын еліміздегі танымал тұлғаларымыздың пікірін тыңдап алайық.
Қазақ тілінің әліпбиі тым тереңнен тамыр тартатыны белгілі болды. Ендеше алғашқы талқылайтын сұрақтармен таныс болыңыздар.
І Латын әліпбиіне көшудің тиімді де пайдалы тұстары:
Латын әліпбиіне көшудің себептері неде?
Латын әліпбиіне көшудің қандай тиімді жақтары бар?
Осы сұрақтар төңірегінде ой өрбітсек:...
ІІ Латын әліпбиін үйренудің жолдары:
Латын әліпбиін меңгеру қаншалықты қиындық туғызады?
Латын қарпіне көшудің қандай оңтайлы жолдарын атар едің.
ІІІ Латын әліпбиіне көшудің тиімсіз тұстары:
Латын әліпбиіне көшу қандай қиындықтар туғызуы мүмкін?
Латын әліпбиіне көшсек, неден ұтыламыз?
ІІІ. «Кім жүйрік?»
Екі топқа латын әліпбиі таратылады.Балалар танысады.Екі топтан оқушылар бір-бірден шығып достық туралы берілген мақал-мәтелдерді латын тілімен жазуы керек.
Дос жылатып айтар,
Дұшпан күлдіріп айтар
Дос сыртыңнан мақтар,
Дұшпан көзіңе мақтар.
Досы көпті жау алмайды,
Ақылы көпті дау алмайды.
Алыстағы дұшпаннан,
Аңдып жүрген дос жаман.
Ортадан ұстаздар арасынан бір кісі шығып берілген өлең жолдарын латынша жазып берсе деген ұсынысым бар.
Анау аспан –мынау –бақ, Аспанда бұлт, бақ жадау Мамық ұшты қылаулап Қыс та келіп қалған – ау
ІV Қорытынды бөлім. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні»
Көрермен не дейді?..
Ү Рефлексия. «Дауыс беру»
Оң жақ: қолдаймыз (ақ)
Сол жақ: қолдамаймыз (қара)
Құрметті ұстаздар, оқушылар келіп қатысқандарыңызға көп рахмет.Ендігі кезекте латын әліпбиіне арналған көрмені тамашалауға рұқсат.Сау болыңыздар.